І бөлім Әлеуметтік педагогтарға арналған қызметтік



бет71/105
Дата20.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#102674
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105
Байланысты:
1050 CNx (4)

Нәтижені шығару.
Кілтпен сәйкес келген әр жауап үшін 2 балдан қосыңыз.
Кілт:
4, 9 – сұрақтарға «а» жауабы;
1, 2, 3, 5, 6, 7, 8 – сұрақтарға «б» жауабы.


Зерттеу нәтижесі мен психологтың кеңесі.
Қосынды 0-ден 4-ке дейін. Кешірерсіз, бірақ сіз ешқашан иілуді білмейтін, өте тік адамсыз. Сіз болған жерлердің бәрінде сіз өз пікіріңізді басқа адамға мойындатқысы келетін бейне қалдырасыз және өз мақсатыңызға жету үшін даус көтеруіңіз де мүмкін. Сіздің айтқаныңыз бен ісіңізге келіспейтін адамдармен қалыпты жағдайда араласа алмайсыз.
0-ден 12-ге дейін. Сіз өз көзқарасыңызды нақты қолдай аласыз. Бірақ қажет болса сіз өз пікіріңізді өзгертіп, адамдармен жақсы сөйлесе аласыз. Кей кездері сөйлесіп тұрған адамыңызға деген құрметіңізді көрсете алмай қаласыз. Осындай кезде жұмсақ мінезді адаммен пікірталасып тұрсаңыз, өз дегеніңізге жетуіңіз мүмкін. Ақылыңызбен жеңе алатын жағдайда, «біреудің тамағынан алудың» қажеті бар ма?
14 пен 18 балл аралығында. Сіздің ақылдырлығыңыщға байланысты, сіздің пікірлеріңіз де нақты болып келеді. Сіз барлық жаңа ойларды жақсы түсініп, қабылдай аласыз. Сіз өзіңіздің пікірлеріңізге сынмен қарайсыз және әңгіме кезінде сіздің көзқарасыңыз қате болып қалса, одан бас тарта аласыз.
Менеджмент және бизнес саласында жұмыс істейтін адамдар өзіне ашықтық, кеңпейілділік және басқа адамдардың көзқарасымен санаса алу қасиеттерін қосу керек.


3. Сауалнама СБД
Сауалнама субъективті бақылау деңгейі (СБД) 44 сөйлем-пікірден тұрады, ол тұлғалар арасындағы экстернальдық-интернальдыққа және денсаулыққа қатысты.
Әрбір пікірді оқи отырып, онымен келісу - келіспеу жағын өзіңіз шешесіз. Келіскен жағдайда реттік нөмір жанына "+", келіспеген жағдайда "-" белгісін қойып отырыңыз (мұны жеке ақ параққа жасасаңыз да болады). Бұл жұмысты орындауда өте мұқият болыңыз және әрбір пікірге ұзақ тоқталып, талқыламауға үйір болмаңыз.



  1. Жұмыста жоғарылау – адамның қабілеттілігі мен күшіне байланысты емес, көбінесе сәтті, оңтайлы жағдайлардың арқасында болады.

  2. Ажырасулардың көбі адамдардың бір-біріне бейімділік танытпағаннан туады.

  3. Ауру кездейсоқ жағдай: егер ауыру бұйыртып тұрса, ешқайда қашып құтыла алмайсың.

  4. Адамдар өз айналасына қызығушылық танытпағанның салдарынан жалғыздық күйге тап болады.

  5. Менің армандарымның орындалуы көбінесе бағыма байланысты.

  6. Басқа адамдардың көңілінен шығу үшін күш жұмсау қажет емес деп ойлаймын.

  7. Сыртқы жағдайлар, яғни ата-ана мен жақсы тұрмыс отбасы бақытына жұбайлардың қарым-қатынасынан кем әсер етпейді.

  8. Мен өзіммен болып жатқан жағдайға әсер ете алмайтынымды сезінемін.

  9. Ереже бойынша, басшылық өзіне бағынушылардың дербестігіне сүйенбей, қайта олардың іс-әрекеттерін қадағалап отырса, тиімді бола түседі.

  10. Менің мектепте алған бағаларым көбінесе өзімнің күшіме емес, кездейсоқ жағдайларға (мыс. мұғалімнің көңіл-күйіне) тәуелді болды.

  11. Егер мен өзіме жоспар жасайтын болсам, онда оның жүзеге асатынына кәміл сенемін.

  12. Көп адамдардың сәттілікпен жолы болып кету деген сенімдері негізінен көптеген мақсатты істердің нәтижесі болып табылады.

  13. Дұрыс өмір сүру – адамның денсаулығына дәрігерлер мен дәрілерден гөрі көбірек көмектеседі деп ойлаймын.

  14. Егер адамдар бір-біріне үйлеспесе, онда олар қанша отбасы құруға тырысқандарымен, ешқандай әрекет шықпайды.

  15. Әдетте менің жақсы іс-әрекеттерім дұрыс бағаланады.

  16. Балалар ата-анасы қалай тәрбиелесе, солай қарай бейімделіп өседі.

  17. Кездейсоқ оқиға мен тағдыр өмірімде аса маңызды рөлге ие емес деп ойлаймын.

  18. Мен алдағы өміріме жоспар жасамауға тырысамын, себебі көп нәрсе ол жағдайға байланысты, әрі тәуелді деп ойлаймын.

  19. Менің мектепте алған бағаларым көбінесе менің күшім мен дайындалу дәрежеме тәуелді болды.

  20. Отбасында болатын кикілжіңдерге көбінесе өзімді кінәлі санаймын.

  21. Көптеген адамдардың өмірі жағдайлар ағынына тәуелді.

  22. Мен не істейтінімді айқындауға мүмкіндік беретін басшылықты қалаймын.

  23. Менің өмір сүру жағдайым менің ауруларыма ешқандай қатысы жоқ деп ойлаймын.

  24. Ереже бойынша, жағдайлардың сәтсіздігі адамдардың жұмыстарында жақсы нәтижеге қол жеткізулеріне кедергі жасайды.

  25. Ақырында, ұжымның нашар басқарылуына сонда жұмыс істейтін адамдардың өздері жауапты.

  26. Отбасында болып жатқан жағдайларды еш өзгерте алмайтынымды жиі сезінемін.

  27. Егер мен қаласам болды, кез-келген адамды өзіме қарата аламын.

  28. Өсіп келе жатқан ұрпаққа көп жағдайлардың әсер ететіні соншалық, кейде ата-аналардың тәрбиелеуге жұмсайтын күштері пайдасыз болып табылады.

  29. Өзіммен болып жатқан жағдайларға өзім ғана жауаптымын

  30. Өзінің жұмысында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмаған адам кезінде барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмаған.

  31. Басшылардың неге дәл осындай, басқаша емес шешімдер қабылдайтынын түсіну қиынға соғады.

  32. Көбінесе мен отбасымнң мүшелерінен өзіме қажетті нәрсені талап ете алмайды.

  33. Өмірімде болған сәтсіздіктер мен келеңсіздіктер мен келеңсіздіктерге өзімнен гөрі басқа адамдар көбірек кінәлі.

  34. Баланы тұмаудан (суық тиюден) құтқарып алуға болады, егер оны әрдайым қадағалап, жылы киіндіріп жүрсе.

  35. Күрделі жағдайларда "әліптің артын баққанды", яғни мәселелердің өзі шешілгенінің артын күтемін.

  36. Табыс – жолы болып кету бағына сирек тәуелді, ол – қарқынды жұмыстың жемісі.

  37. Өз отбасымды бақытты қылу тек өзімнің қолымда екенін жақсы ұғынамын.

  38. Мен неге өзімнің кей адамдарға ұнап, кей адамдарға ұнамайтынымды мүлдем түсінбеймін.

  39. Мен көбінесе басқа адамдардың көмегі мен тағдырға үміт артпай, шешімді өзім қабылдап, әрекет еткенді жақсы көремін.

  40. Өкінішке орай, адамның еңбегі оның бүкіл тырысқанына қарамастан, көбінесе "көлеңкеде" қалып қояды.

  41. Отбасы өмірінде кей мәселелерді ынтамен қалауға қарамастан шешу қиындық туғызады.

  42. Өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмаған еркін адамдар бұған тек өздерін кінәлауі тиіс.

  43. Көптеген жетістіктеріме басқа адамдардың көмектерінің арқасында қол жеткізгенмін.

  44. Өмірімдегі сәтсіздіктер білімсіздіктің, жалқаулықтың және білмегендіктің қорытындысы болып табылады және жолы болып кету немесе кездейсоқ баққа аз тәуелді болды.

Тапсырылған жауаптарды төмендегі кілттермен жүргізіп өту керек және кілтпен сәйкес келген жауаптарды санау қажет. СБД сауалнамасына 7 шкалаға сәйкес келетін 7 кілт (түйін) ұсынылған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет