16.3. Мерезге қарсы қоланылатын дәрілер.
Бұл топқа жататын дәрілер мерез ауруының қоздырғышы – ақ трепонемаға тікелей әсер етеді. Осы қоздырғыштың құрамында сульфгидрильді тобы бар трепоококтар ферментін тежейді.
Мерезді емдеудегі негізгі орынды бициллинді дәрілер алады. Бұл дәрілерге аллергиялық өзгерістер болып жатса, оның орнына эритромицин, доксициклин, джозамицин, спирамицин және т.б. антибиотиктер пайдалану керек. Антибиотиктерден басқа мерезді емдеу үшін висмут дәрілерін қолданады.
Бийохинол (Biiochinolum) - висмуттық дәрі. Бұл әртүрлі антибиотиктермен бірге қосылып беріледі. 8 % суспензиясы қоңыр флакон ішінде 100 мл болып шығарылады. 2-3 мл аптасына 2 рет, жамбас бұлшық етіне беріледі. Егілген жерді қыздырып, уқалау керек, жылдам сіңуіне көмектеседі. Жанама әсерлері: қолданғанда ауыз қуысында (таңдайдың, ұрттың, тілдің кілегейлі қабатында) қоңыр дақ пайда болады.
Кері көрсеткіштері: ауыз қуысының кілегейлі қабықтарында жаралардың болуы, бүйрек, бауыр және басқа да ішкі аурулар.
Rp.: Biiochinoli 100 ml
D.S. 2 мл-ден бұлшық етке 2-3 күнде 1 рет.
Достарыңызбен бөлісу: |