І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Студенттерге берілетін тапсырмалар



бет39/39
Дата15.10.2022
өлшемі155,4 Kb.
#43320
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Студенттерге берілетін тапсырмалар:

  1. Тіл дамытуда ата-аналар арасында насихат жұмысын жүргізу.

  2. Тәрбиешінің мамандығын көтеру жолдары.

ІІ. Студенттер мен оқытушы бірлесіп атқаратын жұмыстары.
Тапсырма бойынша сұрақтарды талқылап, пікір алысу.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
Ата-аналармен жүргізілетін дәріс, консультацияның тақырыптарын жазу. Осы жазған тақырыптардың ішінен бір тақырыпқа жоспар жасау және өткізу.
9.4. Әдістемелік кабинеттің жабдықталуы.
Мақсаты: Әдістемелік кабинеттің маңызына түсінік беріп, меңгерту.
Жоспар

  1. Әдістемелік кабинеттің жабдықталуы.

  2. Балабақшадағы тексеру жұмыстары.

Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Әдістемелік кабинеттің материалдары “Балабақшадағы білім беру және тәрбиелеу” бағдарламасының талаптарына сай іріктеп, алынады, сонымен бірге әрбір мекеменің өз жұмысына тән ерекшеліктері, жылдық жоспардың жаңа міндеттері және балалармен жүргізілетін жұмыстың жағдайы ескеріледі. Сондай-ақ онда бұйырықтар, нұсқаулар, озық тәжірибе материалдары, календарлық жоспар, ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі мен хаттамалары т.б. болуы тиіс. Әдістемелік кабинетте тәжірибенің мазмұны бойынша аннотация жазылған қаланың, ауданның, еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінің жұмыс тәжірибесі болуы керек. Көрнекі оқу құралдары да осында сақталады. Әдістемелік және балаларға арналған көркем әдебиет қоры болуға тиісті.
Бақылау немесе тексеру ненің жасалып, ненің жасалынбай қалғанын білу ғана емес, педагогикалық кеңесте және тәрбиешінің жұмыс әдістерін зерттей отырып, оның педагогикалық шеберлігін жетілдіре түсуіне жәрдемдеседі. Педагог-тәрбиеші жұмысына әділ баға беріледі, оған өзінің осал және күшті жағын көруіне, өз жұмысына сын көзімен талдау жасауына көмектеседі.
Бақылау тәрбие-білім беру жұмысын жетілдіру құралына айналуы үшін ол үздіксіз, жүйелі түрде жүзеге асырылып отырылуы және барлық педагогикалық қызметін қамтуы қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы инспекторлық жұмыстың мақсаты – тексерумен қатар әдістемелік көмек көрсету.
Тексерудің қорытындысы аудандық оқу басқармасының мәжілісінде қаралып, қандай кемшіліктер бар, соны түзетудің жолдары бойынша шаралар жасалады.
Тексерудің бірнеше түрлері бар:

  1. Фронтальды /жан-жақты/

  2. Тақырыптық /бір мәселе бойынша/

  3. Аралас /комбинированная/, /балабақшаның жалпы жағдайымен танысу және бір жұмысты толық тексеру/

тексерудің алдында бұрыңғы тексерудің материалдарымен толық танысу керек. Содан соң мақсаты бойынша жұмыспен танысып, бақылайды.
Кадрлар білімін көтеру жеке-жеке жүргізіледі. Білім, жұмыс сапасы, қызметі, кейде қабілеті бәрі ескеріледі. Тәрбиешілер білімін көтеретін курстар ұйымдастыруда әдіскер басты роль атқарады. Курс программасы тыңдаушылар құрамына және курстың мақсатына қарай жасалады журналдар болуға тиісті.
Әдістемелік кабинеттегі барлық материалдардың есебін алу үшін тізім кітабын жүргізу керек, оған материалдың аты, түскен уақыты, жаңа әдістемелік құралдардың аты, қойылатын бөлімі жазылады.
Жылдың түрлі мезгіліндегі тәрбие-білім жұмысын көрсететін көрмелер ұйымдастырылады. Оларда табиғаттың мезгілдік календарлары, серуендер мен саяхаттарды өткізудің үлгі жоспарлары, жер үлесіде және табиғат күйі ісінде де түрлі жастағы балалармен жүргізілетін жұмыстар және т.б.
Студенттерге берілетін тапсырмалар:

  1. Балабақшадағы тексеру жұмыстарының түрлері, оларға сипаттама.

  2. Әдістемелік кабинеттің жабдықталуы, оның маңызы.

ІІ. Студенттер мен оқытушы бірлесіп атқаратын жұмыстары.
Тапсырма бойынша сұрақтарды талқылап, пікір алысу.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары. “Тәрбие – отбасынан басталады” тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастыру, өткізу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет