Студенттерге берілетін тапсырмалар: 2-кішкентайлар тобында шығарма оқудың ерекшелігі.
Естиярлар мен ересектер тобында шығарма оқудың ерекшелігі.
Кітап бұрышы, оның маңызы.
ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары. Тапсырма сұрақтары бойынша талдау жасалынады. Оларға толықтырулар енгізледі.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары. Технологиялық карта құру, өткізу, талдау.
VII. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САУАТ АШУҒА ДАЯРЛАУ 7.1. Мектепке дейінгі балаларға сауат ашуға даярлаудың мақсаты мен міндеттері. Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашуға даярлау туралы түсінік беріп, сауат ашу жұмысының шығу тарихымен таныстыру. Студенттерді өздігінен ізденіп, шығармашылықпен еңбек етуге бағыттау.
Жоспар
Сауат ашудың мақсаты, міндеттері.
Сауат ашу жұмысының шығу тарихы.
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту, сөйлеуге үйрету балабақшаға арналған бағдарлама мазмұнына сәйкес педагогикалық, дидактикалық принциптерді басшылыққа алып жүргізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың сауатын ашу идеясы педагогтардың назарын ертеден-ақ аударды. Педагогтар, психологтар осы бағытта көптеген тәжірибе жүргізді. Сол тәжірибенің нәтижесінде Сауат ашудың мақсаты балаларды дұрыс оқи білуге үйрету және үйрете отырып тілін дамыту деген қорытындыға келеді. Сауат ашу жұмыстарының басты шарты әріпті таныту болып есептелінеді. Сауат ашу кезеңдерінде бала тіл дыбыстарының әрқайсысының жеке ерекшеліктерін меңгеретін болады. Баланың психикасы ақыл-сезім және ерік қызметінің түрліше формалары арқылы көрінетін бұл процесс психологиялық, физикалық процесс деп аталады. Баланың нерв жүйесі өзін қоршаған ортамен үздіксіз байланыс процесінде дамиды. Оқыту мен тәрбиеде тәрбиешінің басты міндеті баланың саналы қызметінің түрлерін және даму заңдылықтарын білу, сонымен бірге сол заңдарға белгілі бір мақсат арқылы әсер етеді. Олай болса баланың психологиялық дамуы дегеніміз – жалпы алғанда оның қалыптасуындағы сандық және сапалық өзгерістер. Ал жекелеп алғанда балалардың нерв жүйесінің дамуымен байланысты оның көзқарасының қалыптасуы, белсенділігі өзінше әрекет етуінің көрінісі.
Мектеп жасына дейінгі баланың сауатын ашу жұмысы бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзіндік даму тарихы бар. Балаларға сөздерді әріптеп оқыту ескі Греция мен Рим империясында басталды. Бұл әдіс бойынша сауат ашу жұмысы екі жылға созылды. І-ші жылы балалар тек қана әріптердің аттарын жаттады. Ол кезде әрбір әріптің атауы қазіргідей сөздермен берілді. Мысалы: А дыбысы аз, Б – буки, В – веди, Г – глагол т.б.
Ал екінші жылы осы дыбыстардан буын құрастырып үйренеді. Сонда шамамен бала 500-ге жуық буын үйренеді. Осылайша балаларға дыбыстарды, буындарды меңгерту қиынға түсті. Бала букиаз және бір жеке сөздердегі буындарды, дыбыстарды ажыратуда қиналады. ХҮІІІ-ғасырдың басында әріптердің таңбасы жеңілденіп қазірше аталатын болды. Соған байланысты сауат ашу мерзімінде оңайлатылды. Кейіннен жеке дыбыстардан буындар, буындардан сөздер, сөздерден сөйлем, құрастырып оқыту әдісі қолданыла бастады. Сауат ашу жұмысындағы бұл талдау әдісі К.Д.Ушинскийден басталды. Ол бұл әдістің негізгі міндетін төмендегіше көрсетті.
Бала дыбысты оқығанда ол дыбыстарды көзімен көріп, құлағымен естиді.
Бірақ Ушинский әріптерді алфавиттік тәртіпте емес, алдымен дауыстыларды содан соң дауыссыздарды оқытуды ұсынды. Сонымен қатар ол меңгеруі қиын әріптерге көңіл бөлмеді.
Бұдан кейін пікір айтушының бірі И.Р.Шапршников болды. Ол “Тірі дыбыстар” деген пікірді ұсынды. Оның бұл әдісі бойынша балалар сабақта өздері көріп байқаған құбылыстардың зат атауларын ғана оқып танитын болады. Бұл әдісте онша тиімді болмады. Содан соң сауат ашу жұмыстарында тұтас сөзді естеріне сақтауға тиіс болды. Сонда бір жылда жүз елуге жуық сөздерді жаттады. Бұл әдістің кемшілігі балалардың дыбыстарға көңіл бөлмеуі. Бұл әдіспен оқыған балалар тез оқу шапшаңдығына үйренгенмен дыбыстарға көңіл бөлмеген, жазуда қате жіберетін болды. ХІХ ғас. екінші жартысында қайта ашылған халық ағарту мәдениеті Қазақстанда үлкен әлеуметтік мәселе болды. Оны іс жүзінде қолға алған тұңғыш ағартушы Ы.Алтынсарин болса, сол салада кейінірек нақты іс атқарған А.Байтұрсынов болды.
Ы.Алтынсарин балаларды қазақ тілінде оқытатын оқулыққа материал жинап оны жүйелеп құрастырып, хрестоматия ретінде жарыққа шығарды. Бұл кітаптың мәні ең алдымен қазақ тілінде оқытатын және білім беруге арналғандығында, екінші жағынан қазақ тілінде кітап шығаруға, мәдениетті көтеруге болатындығын немесе қазақ тілінің мерейін жоғары көтеру. Ы. Алтынсарин орыс жазуының негізінде алғашқы қазақ альфавитін жасады. Әсіресе Ы. Алтынсарин тілді оқыту жайында айтқан пікірі ұтымды. Оның бірі балаларды ауыз екі сөйлеуге дағдыландыру. Ы.Алтынсариннен кейінгі қазақ тілі мәселесіне көп көңіл бөлген ғалымдарымыздың бірі – А.Байтұрсынов болды. Оның оқу құралы «Әліп Би» деген кітаптарында балаларды айналадағы қоршаған ортамен, заттармен, құбылыстармен таныстыратын танымдық материалдарға көп көңіл бөледі. Балалардың жасына сай қазақ халқының тұрмыс тіршілігімен таныстыратын ана тілінің төл сөздері арқылы шығармаларын жазды. Оның пікірінше бала дүниеге қазақ болып келгенін жас кезінен бастап білуі қажет деп есептеді. Сөйтіп, ол ұлттық салт-дәстүрді білдіретін сөздерді үлкен талғаммен сұрыптап, өз шығармаларында келтіре отырып, балаларға қалай қабылдатудың жайын ойластырды: «Әдісін алғанша, қай істе қиын болады, әдісін алған соң қайсысы болсада оңайланады, іс шапшаң істелетін күйіне жетеді, сөйтіп бала бойында дағды қалыптасады »,- деп көрсетті.
«Жаңа мектеп» журналында шыққан «Қай әдіс жақсы» деген мақаласында дыбысты әдіске тоқталады. Балаларды дұрыс сөйлеуге, жазуға үйрету де төмендегідей кезеңдерді атап көрсетті:
Балалармен әңгімелесу
Оқуға үйретуге даярлайтын жұмыстары
Сөзден дыбыстарды айрып шығару.
Әріптермен таныстыру.
Білген әріптерден сөз құрау.
Бұл әдіс қазіргі мектепке дейінгі мекемелердегі сауат ашу жұмысында қолданылып жүрген талдау әдісіне сай келеді. А.Байтұрсыновтың «Оқу құралы» деп аталған әліппесі 7 рет басылып шығып, 1928 жылға дейінгі балаларды сауаттандыруда пайдаланды, одан кейін оның «Әліппе» деген әліппесі пайда болды. Бұл араб жазуына негізделіп жасалды. Бұл еңбектің авторы «Ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын, тыңдаушы ұғарлық дәрежеде, түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады. Сөйлемдердің жаны сөздердің басты мағынасы болып құралуы» — деп жазды.
Автордың осы айтылған пікірлері мектеп жасына дейінгі балаларды өз ойын толық жүйелі жеткізуге, байланыстырып сөйлей білуге үйрету жайында қазіргі кезде айтылып жүрген пікірлермен ұштасып жатыр деп айта аламыз.
А.Байтұрсыновтың әліппесіндегі «Ермек-еңбек» атты ойын тапсырмалары сөздің әр түрлі тұлғаларын бекітуге арналған.
«Сын атына-зат аты», «Кім табады?», «Тапқан жабады, таппаған жазады», «Бұл 9 зат – 9 ат» деген сөздік жаттығулар арқылы балаларға керек сөздерді өздеріне тапқызып, өздеріне айтқызуға дағдыландыруы қажет. Сөйтіп балаларды ойландыра отырып, олардың сөздік қорын дамытып, тіл байлығын молайтуға болады деген қорытындыға келеді. Сонымен бірге А.Байтұрсыновтың «Баланы үйретіп болды дегенше, оны сылау керек деген, сонда бала үйренген сөздерін, тіл материалдарын естеріңде жақсы сақтайды» — деп есептеді және бұл оқушылардың барлығында да мазмұнды суреттерді кеңінен пайдаланған. Сөйтіп, тіл дамыту сабақтарында оқулықтарда бейнеленген құрал-жабдықтар жануарлар, өсімдіктер немесе адамдардың еңбек процесін көрсете отырып, балаларды жеңілден ауырға, оңайдан қиынға жай нәрседен күрделіге бірте-бірте үйретудің тиімді екендігін дәлелдеді. Балаларға үйретілген сөздер тек қана түбір сөздер ғана емес, туынды және қос сөздер т.б. сөз тұлғалары болуы керектігін айтты. А.Байтұрсынов алғашқы педагогтардың бірі ретінде тіл дамыту сабағына арналған дидактикалық маткриалдар даярлау, балаларға сөздің мағыналарын түсіндіру, сабақ кезінде көрнекілер көрсету секілді принциптерді басшылыққа алды. Оның осы жоғарыда айтылған пікірлердің барлығы да бүгінге дейін құндылығын жойған жоқ.
Тілдің ерекшелігіне байланысты пікір айтқандардың бірі М.Жұмабаев болды. «Тілді жанның жайын жарыққа шығару жолы» деп атады. Яғни адамның ойлаған ойы сөз арқылы және мимика арқылы басқаға жеткізіледі.
Мимика дегеніміз – жанның сырының дене арқылы сыртқа бөлінуі, бірақ мимикамен бар нәрсені ұқтыруға болмайды. Ойдың тілі – сөз. Бір сөз арқылы неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз және басқа адамдардың ойлағанын біле аламыз. Тілі кем болса адамдардың қор болғаны. Қысқасы адамдардың толық мағыналы адам аталуы тіліміздің арқасында, — деп көрсетті. Сондықтан балаларды балабақшадан бастап дұрыс, мәдениетті сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеуіміз қажет. Соған байланысты балабақшада сауат ашу жұмысы ересектер тобынан басталады. Бұл топта балалар сөздердің дыбыстық құрамына талдау жасауға үйренеді. Сөз құралып тұрған дыбыстардың орын тәртібін ретімен айта білуге үйренеді. І-тоқсанда 3-4 дыбыстардан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге және ол дыбыстардың айтылу ерекшеліктердің /дауысты, дауыссыз/ естіп байқай білуге дағдыланды. Ал ІІ-тоқсанда 4-5 буыннан құралған сөздерді дыбыстарға талдап үйренеді және тәрбиеші айтқан белгілі бір дыбысқа сәйкес сөз ойлап айту дағдылары қалыптасып және осы тоқсанда сөз жөніндегі түсініктерді практикалық жолмен менгертуге көңіл бөлінеді. Сөздерді бірнеше бөлікке бөлуге болатындығын көрнекі құралдар арқылы түсіндіру. Мысалы, сөздегі буын санына қарай қағазды бірнеше бөлікке бөліп бүктеп, әр бүктеудің бүтінінің белгілі екендігін түсіндіру және ол бөліктің буын деп аталатындығын балаларға ұғындыру. ІІІ-тоқсанда сөзге дыбыстық талдау жасау одан әрі жалғасады. Дыбыс, буын сөз, сөз тіркесі деген ұғымдар бекітіледі. IV-тоқсанда дидактикалық ойында жаттығулар негізінде алдыңғы 3 тоқсанда айтылған, таныстырылған білім дағдылар балалардың естеріне түсіріліп, қорытындыланады. Жалпы алғанда сауат ашу кезінде балалар төмендегідей дағдыларды меңгерулері тиіс.
Сөйлемді сөзге, буынға, дыбысқа талдау.