қоршаған ортаның объктілері мен құбылыстарына белсенді және дұрыс қарым –қатынасты тәрбиелеу. Қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың біріктілігін, біртұтастығын аңғара білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге болады.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудегі тиімді әдістердің бірі — әңгімелесу, сауалнама.
Зерттеуші — педагог алдына мақсатты анық, дұрыс қоя білсе, әңгімелесу, сұхбат, сауалнама әдістері арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болады. Бұл үшін негізгі және қосымша сұрақтарды да дәл, мазмұнды ету қажет. Егер де тәрбиеші қажетті моральдық — психологиялық жағдай туғыза алса, әңгіменің, сұхбаттың тиімділігі жоғары болады.
Топ балалардың талап-тілегін білу үшін тәрбиеші сауалнама жүргізіп, онда мыналарға көңіл аударылады: сұрақтардың нақтылығы, жауаптың дәл берілуі, жабық сауалнама өткізу (жауаптары шектеулі), ашық жауап алуға да болады, бала ойын, көзқарасын айта алады.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде модульдік тапсырмаларды орындау әдісі маңызды.
Дербестік пен жауапкершілік педагогикалық процесті модульдік технология арқылы ұйымдастыруда шешуші фактор болып табылады. Балалардың қаблеттері, дағдылар мен іскерліктері, мүмкіндіктері мен сөйлеу деңгейлері берілген модульдік тапсырмалар барысында дәлелденелі. Яғни, мақсат қоя білу, оны жоспарлау қабілеті, қажетті информацияны ала білу,өзін -өзі бақылай отырып іс-әрекеттің нәтижесін көре білу қабілеті байқалады.
Модульдік тапсырма беруді төрт бағытта іске асыруға болады:
оқыту қызметін басқару және өзін-өзі басқару жүйелерін құру, әдістемелік жабдықтау;
кері байланыс жүйесін құру.
Модульдік тапсырманы ұйымдастырудың алғашқы кезеңі үйрету материалдарды кіріктіріп оқыту мақсатында бағытталып жүргізіледі. Әрбір модуль модульдік үйрету элементінен басталып, белгілі бір мақсаттарды, міндеттерді көздейтін, балалардың танымдық іс-әрекетін бағыттайтын мақсатты компоненті болады.
Модульдік тапсырманы оқыту барысында төмендегідей мүмкіндіктерді жүзеге асыруға болады:
үйрету үрдісін жаңарту (үйрету амалдары алдын ала жоспарланады);
оқу үрдісінің компоненттерін кешендендіруге байланысты білім берудің тиімділігі: мақсат, мазмұн, бақылау, бағалау, т.б. артады.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудегі тиімді әдістердің бірі проблемалық жағдаят жасау. Проблемалық жағдаят жасаудың мақсаты бала ойын өрбіту. Балалар өздеріне бұрыннан бар ұғымдарына әлі таныс емес құбылыстар мен заттарды, олардың ерекшеліктерін нақты қалпына қабылдайды. Мұндай жағдайда баланың алғашқы реакциясы – таңғалу. Таңғалу қызығушылыққа, қызығушылық танымдық құмарлыққа, білгісі келу, алға қойған міндетті шешуге даяр болуға ұласады. Бала бұған дейін оған әдеттегі болып көрінген нәрседен ерекшелік табады. Таныс, талай рет көрген құбылыстардан ол күтпеген және оғаш жағдайларды аңғарады. Оның бойына осы бір таңғаларлық жайды тануға деген ынта пайда болды. Сөйтіп, баланың таңырқауы танымның бастамасы қызметін атқарады, оның белсенді ой қызметіне жағдай жасайды. Бұл проблемалық жағдаяттар өмірде қоршаған заттар мен құбылыстар арасында бар қарым-қатынастарды абстракциялау қабілетін дамытуға, олардың мәнен анықтауға айтарлықтай көмектеседі. Сонымен бірге бала білімді дайын факті түрінде емес, қызмет, іс-әрекет үрдісінде қол жеткізген нәтиже ретінде алып, өз ойларын жүйелі түрде баяндап әңгімелеп бере алады. Проблемалық жағдаят балаға тек жаңа білімді хабарлау кезінде ғана емес, бұрынғы білімдерін тұжырымдау барысында да қолданылады. Осының нәтижесінде бұрын бала ескермеген заттың жаңа қасиеттері ендігі жерде ол үшін бірінші қатарға шығады. Бала әрбір құбылысты көрнекілік арқылы-ақ ажыратып, белгілерін анықтай алады. Мұндай жағдайда баланың ойлау қабілетінің қалыптасуы артып, байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.
Тәрбиеші тілі балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі. Балабақшада тіл дамыту мүмкіндігі түгелімен тәрбиеші сөзінің сапасына байланысты яғни үлгілі сөйлеу тілін меңгеру тәрбиешінің кәсіби даярлығының көрсеткіші болып табылады. Тәрбиеші алдымен сөйлеу мәдениетін меңгеруі қажет, ол тілдің барлық элементтерінің мағыналарын түсініп қана қоймай оны әдеби тілде қалай қолдану керектігін үнемі есте сақтауы керек. Сондықтан тәрбиеші бейнелі сөздерді көп білсе, синонимдерді, онтонимдерді жетік меңгереді. Топтағы балаларға тіл үйрету жеңілге түседі. Балабақшадағы білім беру және тәрбиелеу бағдарламасының алдына мынадай міндеттер қояды. Баяндалатын тақырыпты баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті тілмен жеткізе білу, қойылатын сұрақтың дәл, нақты болуын қадағалау, айтылуы қиын жаңа сөздердің үлгісін дұрыс бере білу, тақырыпқа байланысты әдістерді дұрыс пайдалана білу. Баяндаған немесе оқыған шығармалардың әсерлі болуы шығарма мазмұнына орай дауысты өзгертіп құбылтып отырып, шығармадағы автордың ойына өзінің пікірін білдіру және сол пікірді балаларға жеткізе білу, әрбір кейіпкердің ерекшелігін мүмкіндігіне қарай бейнелі сөздермен жеткізу т.б.
Балаларды қоршаған дүниемен таныстыру кезінде көркем әдеби шығармалар кеңінен қолданылады, әрбір құбылысты тек түсіндіріп, көрсетіп қана қою емес, олардың әсемдігін, образды сөздер, теңеулер, салыстырулар арқылы балалар ұғымын танымын кеңейту мақсаты да қойылады. Ол үшін көркем әдебиет шығармаларының барлық жанры түгел дерлік пайдаланылады. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын дамытуда, байланыстырып сөйлеуге үйретуде көркем әдебиеттің, ауыз әдебиетінің қай-қайсысының болсын мәні ерекше. Мұндай жұмыс түрлерін арнайы тақырыптарға арналған ертеңгіліктерде кеңінен қолдануға тура келеді. Мәселен, балабақшада ұйымдастырылған «Табиғат аясында» атты ертеңгілікте балалар табиғат құбылыстары туралы қысқаша әңгімелерден үзінді тыңдап, тақпақтар айтады.
Өлеңдер мен әңгімелерді пайдалану арқылы балалар табиғат құбылыстарының ғажайып көріністері мен оның ерекшеліктерін меңгеруде оны сипттайын сөз, сөйлем құру мүмкіндіктерін меңгереді. Сонымен бірге олардың логикалық ойлары дамып, өлеңді айтып қана қоймай, оның мазмұнын түсінуге, түсінгенін әңгімелеп айтып беруге төселеді.