Студенттерге берілетін тапсырмалар. Сауат ашудың мақсаты.
Сауат ашудың даму тарихы.
Сауат ашудың міндеттері.
ІІ. Стеденттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары. Жоспар бойынша студенттердің пікірін тыңдалып, талданады.
Сауат ашу жұмысының даму тарихына үлесін қосқан педагог- ғалымдардың еңбектерін талдау.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
«Балбөбек», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша сауат ашу бөліміне талдау.
«Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау» бағдарламасын талдау.
7.2. Сауат ашу жұмысының кезеңдері.
Мақсаты: Сауат ашудың кезеңдері мен әдістері туралы меңгерту. Әр кезең бойынша әдістерді басшылыққа ала отырып, технологиялық карта құруға үйрету, олардың ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар
Сауат ашудың әдістері.
Сауат ашудың кезеңдері.
а) әліппеге дейінгі дайындық;
ә) әліппе;
б) әліппеден кейінгі ;
Сауат ашудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптар.
Балабақшадағы сауат ашу жұмысында буынға бөліп оқыту тәсілі, жеке сөздерді оқыту тәсілі, әріптерді теріп оқыту тәсілі және дыбыстық талдау, жинақтау әдісі қолданылды. Қазіргі кезеңде осы әдіс-тәсілдердің ішінен талдау-жинақтау әдісі балалардың сауатын ашуда тиімді әдіс екендігін байқатты. Бұл әдістің негізі талдаудан және жинақтаудан тұрады. Талдау кезеңдерінде балалар сөйлемдерді жеке сөздерге, сөздерді буындарға, буындарды дыбыстарға талдап үйренеді. Ал жинақтау әдісі бұған керісінше жеке дыбыстардан буындар, буындардан сөздер, сөздерден сөйлемдер құрастырылады. Кейде бұл әдісті аналитикалық, синтетикалық әдіс деп атайды.