І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Сауат ашу кезеңі негізінен 3 /үш/ кезеңге бөлінеді



бет53/61
Дата10.05.2022
өлшемі155,4 Kb.
#33849
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61
Байланысты:
тіл дамыту лекция

Сауат ашу кезеңі негізінен 3 /үш/ кезеңге бөлінеді:

  1. Дайындық кезең. Балалардың тілін дамытуға байланысты зерттеу жүргізген Сағира Рахметова осы кезеңде төмендегідей жұмыстарға көңіл бөлу керектігін айтқан.

  • балалардың сөздік қорын анықтау;

—    балаларға сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыру;

—   балалардың сөйлеу мәнеріне көңіл аудару, олардың тіл кемістігін түзету;



  • тәрбиешінің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыру;

  1. Әліппе кезеңі. Бұл кезеңде дыбыс пен әріпті таныстыру, үйрету дауысты дыбыстардан басталады. Өйткені дауысты дыбыстар созып айтуға келеді. Мысалы: Әліппенің алғашқы төрт сабағында балалар А, О сияқты жуан, ашық дауыстылармен танысады. Сондай-ақ дауыссыз “Л” дыбысын, бірде дауысты бірде дауыссыз “У” дыбысын, қысқа “Й” дыбысын оқып танысады.

Сөйтіп әріп үйрету кезеңдерінің алғашқы он сабақтарында балалар сөз ішінен бөліп алуға жеңіл дыбыстарды меңгереді. Егер балалар сөзді буын жігімен оқи білуге төселсе, олардың сөйлемдерді құрастыруы да жеңіл болады. Әліппе кезеңдеріңдегі қиындық келтіретін жұмыс балаларға жіңішке буынды сөздерді үйрету. Өйткені жіңішке дауыстылар өздерінің қасындағы басқа дыбыстарды жіңішкертіп жібереді. Сондықтан жіңішке буынды сөздерді буындарға бұрыннан таныс жуан буынды сөздермен салыстырып оқыту керек. Мысалы, бір буынды сөздер өр-ор, сан-сән, тор-төр т.б.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет