І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Негізінен сауат ашудан ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінде төмендегідей талаптар қойылады



бет55/61
Дата10.05.2022
өлшемі155,4 Kb.
#33849
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61
Байланысты:
тіл дамыту лекция

Негізінен сауат ашудан ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінде төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құрылысы, көрнекі құралдар балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Бұл сауат ашу кезеңінде қолданылатын ең басты көрнекі құрал кеспе әліппе. Осы кеспе әліппеден балалар сол күнгі өтілген дыбыстарды тауып, буын, сөз, сөйлем құрайды. Сондай-ақ балалар әріптерді естерінде жақсы сақтау үшін суретті алфавит қолданды. Онда әрбір әріптің таңбасы және сол әріптен басталатын заттың суреті бейнеленеді. Қызыл, көк түсті төтбұрыштар дайындалып, қызылмен дауысты дыбыс, көк түспенен дауыссыз дыбыс белгіленеді. Сондай-ақ сауат ашу кезеңдерінде дидактикалық материалдарда кеңінен қолданылады. Ондай материалдар сөздің дыбыстық құрамын талдауға арналған топтамалар немесе ұсақ үлестірмелі заттар бейнеленген суреттер болып келуі мүмкін. Бұл дидактикалық материалдар өтілген дыбыстарды қайталау кезінде немесе балалар түсінігіне ауыр дыбыстарды өтуде логикалық жаттығулар өткізгенде және балалардың жеке ерекшеліктерінеқарай тексерулер бергенде пайдалануға болады.

  2. Сауат ашудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жүйелі, бірізді, жеңілден ауырға қарай дамуы қажет. Сондай-ақ сауат ашу кезінде балалар тек қана тіліміздегі дыбыстардан тауып қоймайды, сөздік қорларын байытып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын кеңейтеді. Өйткені сауат ашу жұмысы сөйлем құрастырып айтуымен тығыз бірлікте жүргізіледі.

  3. Балалардың оқу, жазу дағдылары, икемділіктері қалыптасады. Алғашқы да сауат ашу кезеңдеріне балалар дыбыстарды саусақпен ауада жазып үйренеді.

  4. Сауат ашудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тәрбиелік мәні болуы қажет. Сауат ашуға байланысты айтылатын мысалдар арқылы балалар жыл мезгілдерінің ерекшеліктері туралы, үлкендер еңбегі туралы түсініктерін, ұғымдарын одан әрі кеңейтеді. Сондай-ақ қоғам өмірімен танысып кеңейтеді. Салт-дәстүр түрлі мерекелердің не үшін аталып өтетінін туған жері,елі, оның өзіндік ерекшеліктері туралы мағлұматтар алады. Кішіпейілділік, мейірімділік, адамдардан қарапайымдылық секілді қасиеттерді үйреніп,көшеде жүру тәртібі, жол ережесімен танысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет