І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі


Календарлық жоспардың үлгісі



бет58/61
Дата10.05.2022
өлшемі155,4 Kb.
#33849
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
тіл дамыту лекция

Календарлық жоспардың үлгісі

Аптаның қай күні

Күн режімі

Топтың аты

Мыс.ІІ с.т.

Тіл.д. Негізгі міндеті

Балалардың қатысы

Дүйсенбі

Балаларды қабылдау

Б/н жекеж/е топтық әңгімелесу

Б/ды байланысты

рып сөйлеуге үйрету



2-5 баламен сөйлесу

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Ертеңгілік серуен



Қыс мез/ң ерек/е бай/ты әңгіме өт/у

Балалардың сөздік қорын дамыту

Барлық топтағы балалар

 

 

Балабақша үйімен танысу

Байланысты

рыпсөйлеуге, сөздік қорын дамыту



Топтағы барлық балалар

 

Күннің ІІ жартысы:

Ойын:


Еңбек:

 

 

Топтағы барлық балалар

Студенттерге берілетін тапсырмалар:

  1. Жоспарлаудың маңызы.

  2. Жоспарлаудың принциптері.

  3. Жоспарлаудың түрлері.

  4. Есепке алудың маңызы.

ІІ. Студенттердің оқытушымен бірлесіп атқаратын жұмыстары.

  1. Тапсырма сұрақтары бойынша студенттер мен оқытушы пікір алысады, қорытындылайды.

  2. Жоспарлаудың принциптерін жазып, талдау

  3. Календарлық жоспардың үлгісін көрсет.

ІІІ. Студентердің өзіндік жұмыстары.

  1. Ересектер тобына календарлық жоспар құру.

  2. Кішкентайлар тобына апталық жоспар жасау.

  3. Мектепке даярлық тобының балаларына арнап есеп күнделігін даярлау.

ІХ .  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК БАСШЫЛЫҚ

 

9.1. Балабақшада  әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.

     Мақсаты:  Тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудағы меңгеруші мен әдіскер-тәрбиешінің  ролімен таныстырып, меңгерту.

Жоспар


  1. Меңгеруші , оның міндеттері

  2. Әдіскер-тәрбиеші , оның міндеттері

  3. Меңгеруші мен әдіскер тәрбиешінің тіл дамыту жұмысын

ұйымдастырудағы ролі.

Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Балабақшадағы басшылық жұмысы меңгерушіге жүктеледі. Егер балабақшада әдістемелік жұмысқа басшылық ететін әдіскер-тәрбиеші болса, онда екеуі бірлесіп оқу-тәрбие жұмысының мәселелерін шешеді.

Меңгеруші мен әдіскер жұмысының бір бөлігі – тіл дамытуға байланысты. Ол мынадай бағыттарда болуы мүмкін:



  1. Барлық топта тіл дамыту бойынша бағдарламаның орындауын бақылау және қамтамасыз ету.

  2. Топ тәрбиешілері арасында, сол сияқты балабақша мен мектеп арасындағы байланысты жүзеге асыру.

  3. Тәрбиешіге әдістемелік көмек көрсету.

  4. Тіл дамыту бойынша қажетті жағдайларды жасау: әдістемелік кабинетті жабдықтау.

  5. Тіл дамытудан тәрбиешінің мамандығын көтеру.

Ата-аналар арасында тіл дамыту бойынша насихат жұмысын жүргізу:

а/топтарға барып, тәрбиешінің тіл дамыту бойынша жұмысын тексеру. Топтарға барғанда белгілі бір мақсат болу керек. Мысалы. Меңгеруші тәрбиешіден топтағы балалардың байланыстырып сөйлеуі бойынша дағдылары қандай екенін сұрап алып өзі барып тікелей балалармен әңгімелесуіне болады немесе балабақшадағы балаларға таныс емес, яғни ата-ана, бөгде адамдарды шақырып, балалардың олармен қалай сөйлесетіндіктерін байқайды. Сондай-ақ тәрбиешінің жалпы жұмыс тәртібін бақылау да меңгеруші тексерісінің мазмұнына енеді. Меңгеруші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің қандай түріне қатысса да, мейлі ол серуен, мейлі бөлмедегі сабақ болсын соңына дейін болуы тиіс. Орта бөлігінен кетіп қалуға болмайды.



Меңгеруші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқан кезінде тәрбиешінің балаларға әсерін, қарым-қатынасын да бақылайды. Негізінен меңгеруші әр топтағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқанда мына мәселелерге назар аударуы тиіс.

  1. Кіші топтағылардың сөйлеу белсенділіктері, естиярлар тобындағы балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыруға байланысты ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті және одан тыс кездегі фронтальді жұмыстар, ересектер тобында баяндауға үйрету және дыбыстарды дұрыс айта білуге үйретудегі жеке жұмыс, тікелей бақылау жұмысының жүргізілу әдістері.

Әр топқа барғанда меңгеруші мына мәселелерді есте ұстағаны абзал: ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезіңде тәрбиешінің жұмысына араласпайды, оның беделін балалар алдына көтере білу. Сондықтан меңгеруші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқанда оның жүрісін дәптеріне жазып отырып, кейін тақырып  бойынша өзінің пікірін, тілегін айтуы керек немесе меңгеруші жұмыс практикасында, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқанда оның жүрісін де өзінің ескертпесін жеке беттерге жазып, педкабинеттегі тәрбиеші бұрышындағы қалтаға салып қоюға болады. Жұмыс аяғында тәрбиешілер жиналып, ондағы жазуды талқылап отырады. Ал бұл жазулар кейін жиналыстарға материал да бола алады. Меңгеруші осы топқа сол тәрбиешінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне екінші рет қатысқаннан кейін екі жазуды салыстырып, оның ескертпелері қалай орындалғанын байқайды.

  1. Меңгерушінің өзінің сабақ өткізіп көрсетуі. Мұндай жұмыс әсіресе еңбек жолын жаңа бастаған тәрбиешілер үшін пайдалы. Меңгеруші оған ойынды қалай ұйымдастыру керектігін, балалардың өз білгендерін қалай пайдалана білуді, үлестірмелі материалдармен кешенді сабақтарды, қалай өткізу керектігін т.б. жұмыстарды өзі жүргізіп көрсетеді.

  2. Іс-қағаздарын тексеру. Меңгеруші календарлық жоспарды апта сайын тексеріп отыруы тиіс. Ал сабақ конспектілері, сценарийлері таңдап тексеріледі. Календарлық жоспарды қарағанда, тіл дамыту бойынша негізгі мәселелердің қамтылуы, жеке жұмыс түрлеріне назар аударылады.

  3. Балалармен әңгімелесу арқылы да топтағы балалар тілін дамыту жұмысының деңгейін байқауға болады. Мұндай әңгімелесуді алдын-ала жоспарламай-ақ серуенде, топтың бөлмесінде, коридорда да өткізген тиімді. Кейде тәрбиешімен келісіп, меңгеруші өзінің кабинетіне 3-4 баланы шақырып алып, сөйлесіп, олардың тіл байлығын, сөздік қорын, дыбыстау ерекшеліктерін байқауына болады.

  4. Тәрбиешілермен жеке және топтап сөйлесу – жоспардан тыс болса да, қажетті жұмыс. Мұндай әңгімелесу кезінде календарлық жоспар бойынша ескертпелер, алда тұрған концерт программалары т.б. жұмыстар туралы пікірлесуге болады.

Жеке тәрбиешілерге немесе тәрбиешінің тобына консультация бергенде, алдын-ала уақытын, тақырыбын белгілеп алу керек. Онда негізінен тәрбиешіге қиындық келтіретін тақырыптар таңдалады. Меңгеруші консультацияны өзі ғана өткізіп қоймай, тәжірибелі тәрбиешілерді де қатыстыруына болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет