I бөлім не үшін үйлену керек?



Pdf көрінісі
бет20/42
Дата15.03.2023
өлшемі1 Mb.
#74557
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
не үшін үйлену керек

Истихара дұғасы
Біздің әр сәтіміз шешім қабылдаудан тұрады. 
Шешім қабылдамау да – «ештеңе істемеймін» деп шешім 
қабылдау. Өмірде жауапты қадам жасайтын сәттерім 
болды. Мысалы, мамандық таңдауда, жұмысқа тұрарда, 
жар таңдауда. Соның бәрінде қателеспей, дұрыс шешім 
қабылдауда мен Истихара дұғасына жүгіндім. Истихара 
– Алламен қандай да бір іс жөнінде ақылдасу. Истихара 
дұғасын жаза кетейін:
«Аллаһым! Іліміңе сеніп, мен Сенен ниеттенген 
ісімнің жақсылығының белгісін тілеймін. Құдіретіңе сеніп, 
Сенен күш-қуат сұраймын. Жақсылыққа жетуімді сенің 
асқан рақымдылығыңнан тілеймін. Өйткені Сенің барлық 
нәрсеге күшің жетеді. Менің күшім жетпек емес. Сен күллі 
нәрсені білесің. Мен білмеймін. Сен ғайып әлемді тұтас 
білесің.
 
Аллаһым! Сен бұл іс менің дінім, өмірім, ісімнің 
ақырына немесе дүние мен ақыретіме пайдалы болса, 
осыны маған нәсіп ет. Оны маған жеңілдет. Одан кейін 
маған мол береке бер. Ал егер бұл іс менің дінім, өмірім, 
ісімнің ақырына және дүние мен ақырет әлеміме жаманат 
әкелетін болса, менен алыстат. Мені де одан алыстат. 
Жүрегімде оған деген иілу ізін қалдырма. Жақсылыққа, тек 


58
Ис
тих
ар
а д
ұғ
асы
III БӨЛІМ
жақсылыққа жеткіз. Содан кейін онымен мені разы ет».
Истихара дұғасының үйленуге қатысты шешіміме 
қалай әсер еткенін көрсетейін.
Үйленерде истихара дұғасын оқу арқылы ең жақсы 
нәтижеге қол жеткіздім деп ойлаймын. Күмән жоқ.
Кейде истихара оқығанда, ишара түсіңде не өңіңде 
келмеуі мүмкін. Истихара оқып, бірден іске көшу керек. Іс 
қайырлы болса, жоғарыдағы «нәсіп ет – жеңіл ет – береке 
бер» формуласы жүзеге асады. Қайырлы болмаса, ол істен 
Алла өзі-ақ алыстатады. Ситуация солай өзгереді. 
Мен үйленерде истихара оқығанымда ешқандай 
белгі болмады. Бірақ әр қадамымды истихара оқып, жасап 
жүрдім. Мысалы, оның әкесімен танысарда, оны менің ата-
анаммен таныстыратын кезде, той күнін белгілейтін кезде, 
т.б. Ақыры, сол жанмен үйлендім. Демек, бұл нәтижені Алла 
мен үшін ең дұрыс деп тапты. Егер бұл қайырлы шешім 
болмаса, мен бұл жанмен отау құрмас та едім, кім білсін.
«Истихара оқып, түсімде белгісін көрдім» деген 
достарым да болды. Мысалы, «екеуміз үйленіп, шетелде 
жүрміз» дегендей. Бірақ оған қатты байланудың қажеті 
жоқ. Бір адамды ойлай бергеннен де ол түсіңе кіруі мүмкін 
ғой. 
Истихараның мәні жауап күтуде емес. Ойыңа бірінші 
келген әрекетті істей бастауда. Істің нәтижесі истихараның 
жауабы болмақ. Қайырлы болса, нәсіп болады. Қайырлы 
болмаса, басқа жол ашылады.
Адам баласы болашағын білмейді. Бір адамды танып 
білу үшін де бір ғұмыр жетпес. Жүйкеге де, жүрекке де 


59
Коммуник
ация vs тр
анз
акция
III БӨЛІМ
дұрысы — болашақты білуші, қай адам қай адамға лайық 
екенін білуші Аллаға тәуекел ету. Ал тәуекел етудің төресі 
— Истихара дұғасын оқып, әрекет ету.
Бір іске кірісерде барлығын сүзгіден өткізіп, 
оң-солын саралап, сосын Раббыңбен ақылдасып ал. 
Ешқашан(!) қателеспейсің. Әрі ең дұрыс жолды таңдайсың. 
Шешім қабылдап болғаннан кейін, артқа қарамайсың. 
Өкінбейсің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет