66
Мах
абб
аттың бес тілі
III БӨЛІМ
өзін ең сүйікті жан сезінеді. Пайғамбарымыздың (оған
Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұбайларымен
қарым-қатынасына назар
аударсақ, ол бұл тілді де
жақсы меңгерген сияқты. Айша анамызбен (оған Алла
разы болсын) жүгіріп жарысуы, эфиоптықтардың
өнерін
тамашалауға бірге баруы, әңгімелерін ұйып тыңдауы соған
дәлел.
3.Сыйлық алу
Жұбайыңның тілі «сыйлық алу» болса, оған кез
келген сыйлық қуаныш сыйлайды. Ол
оны өзіне деген
махаббаттың белгісі ретінде қабылдайды. Кішігірім
кітапшаның өзі оның көңілін көтеріп, жылы сезімге бөлейді.
Тіпті әлеуметтік желілерге өзіне жасалған сыйлықтың
суретін салып, бөлісуге асығады. Пайғамбарымыз
Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)
«Бір-бірлеріңізге сыйлық жасаңыздар: араларыңыздағы
сүйіспеншілік артады» деп сыйлық жасаудың үлкен рөлін
айтып кеткендей.
4.Қызмет ету
Махаббат тілі «қызмет ету»
болған әйеліне жұбайы
үй шаруасында жәрдемдессе, бұл оның жүрегін жібітіп,
көңіліне жылы сезім ұялатады. Жүгін көтерісу, жұмысынан
көлікпен алып кету – қызмет етудің мысалдары. Тіпті асты
қолыңмен жұбайыңның аузына апарып, сезіміңді осылайша
қызмет ету арқылы да білдіре аласың. Пайғамбарымыз
(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Отбасыңыз
үшін нені сарп қылсаңыз да, оның сыйын аласыз, тіпті ол
әйеліңіздің аузына қолыңызбен салған бір
тілім ас болса
да» деген еді. Айша анамыз да (Оған Алла разы болсын)
Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі
67
Мах
абб
аттың бес тілі
III БӨЛІМ
болсын) қызмет ететін, сол арқылы махаббатын көрсететін.
Ол Пайғамбарымыздың (Оған
Алланың игілігі мен сәлемі
болсын) шашын жуып, тарайтын.
Достарыңызбен бөлісу: