32
Ж
арың
ды ж
ақын ж
ер
ден ізд
е
II БӨЛІМ
қайдан іздеу керек?
ҚТЛ-ді (қазіргі БИЛ) бітірген досым бар еді. Адамды
жақсы тани біледі. Өзім ҚТЛ-де оқымасам да, сол лицейдің
түлектерін ерекше құрметтейтінмін. «ҚТЛ» десе иманды,
тәртіпті, әдепті, білімді һәм заманауи жастар елестейтін.
Олар оқу бітіргеннен кейін де қарым-қатынасын үзбей, бір-
бірін қолдап жүреді. Үйлену мәселесінде де солай. «KTL
- connecting people» деген әзіл де бар еді.Сөйтіп досыма
«мынадай да мынадай талаптарға сай келетін жақсы қыз
болса, айтшы» деп қолқа салдым. Іштей «талаптарыма сай
қыз осы ҚТЛ-дан табылатын шығар» деп ойладым. Себебі
көп құндылықтары жаныма жақын болатын.
Сөйтіп «запросым» біраз уақыт қаралды. ҚТЛ-
дан лайық қыз табылмады. Дәлірек айтсам, досым таба
алмады. Бірақ басқа қызды қарастырып көруді ұсынды. ҚТЛ
емес, қарапайым мектепті бітірген қыз. Жұбайының жақын
құрбысы екен. Менің талаптарыма сай келетін сияқты.
Досымның «күшті қыз, өкінбейсің!» дегеніне сендім. Ол
алдында онымен сапарлас болған екен. «Адам сапарда
танылады» дейді ғой. Араб тілінде «сафар-асфара»
деген сөз «ашу» (орысша: «открывать») дегенді білдіреді.
Яғни, адамның шынайы келбеті
сапарда ашылады деген
сөз. Адамды жақсы танығың келсе, бірге сапарға шық.
Бойдақтар ескере жатар)
Сонымен қыз табылған сияқты. Енді әрекетке көшу
керек болды. Ары қарай не
болғанын алдағы жазбаларда
айтамын.
33
Гүл б
ағынд
а
II БӨЛІМ
PS:
Екінші жартым бір қиырда жүрген шығар деп ойларсың.
Бірақ әдетте бақытымыздың жақын жерде жүргенін
байқамай жатамыз. Достарың, туыстарың «мына қызды/
жігітті қарап көрші» десе, бірден бас тартпай, ойланып көр.
Бір досым «Кезінде жеңгелерім
бір қызбен таныстырғысы
келгенде, өзім-ақ таба алам ғой деп намыстанатынмын.
Қазір басқаша қарай бастадым» деген еді. Мектепте,
универде бірге оқыған таныстарыңа да көңіл бөліп қой.
Байқағаным, бір мектепте оқып, кейін
шаңырақ көтерген
жастардың отбасылары берік боп келеді. Бақытың
жаныңда, тек соны байқай білуің керек.
Достарыңызбен бөлісу: