Кейбір киімдер болады. Бәрі жап-жақсы жарасып,
шап-шақ боп тұрады. Бірақ кішігірім өзгеріс жасау керек
болады. Мысалы, джинсыдың балағын қысқарту керек. Ол
кезде де ойланбай таңдауың керек. Себебі джинсылардың
балағы әдетте сондай ұзын боп келеді. Идеалын іздеп әуре
болма. Сол джинсыды ательеге барып, қысқартып аласың.
Енді бір аяқ-киім болады. Аяғыңды қысып тұрады.
Саған ол бір дискомфорт туғызып тұр. Кейін созылып кетер
деп алдама өзіңді. Оның созылып, аяққа шап-шақ боп кетуі
екі талай. Сол үшін бірден аяғыңа жақсы тұратынын таңда.
Жар таңдау киім таңдауға ұқсайды дедім.
Жоғарыдағы аналогияларды түсіндің деп ойлаймын. Мен
тіпті «адамдардың киім таңдағанына қарап, болашақ
жарын қалай таңдайтынын білуге бола ма?» деген сұраққа
жауап іздеп, кішігірім зерттеу жасап жүрмін. Сен де анализ
жасап көрші.