Бұл өлең, қателеспесем, 2014 жылы жазылған. Бір
жерден естіген әңгімем еді. Соны өлең түрінде жеткізгім
келді. Алдыңғы өлеңнің айтар ойын қуаттай түседі.
Жүзді алқымдап, жатыр қарт хал үстінде, ойға шомып, көз салып алыс күнге. Жанына кеп жиналған бір топ жасқа сырын ашты айтпаған әлі ешкімге: – Тағдырдың сан сынынан именбедім. Өкінерім – бір рет те үйленбедім: Тал бойында бір мін жоқ жанмен ғана шаңырақ құрып, отау тігем дедім. – Сонша арудың, – бір жігіт білмек еді. – Қалай бұл кездеспеуі бір кемелі?! – Кездестірдім өмірде бір рет, бірақ ол да мінсіз жар іздеп жүрген еді.