I бөлім не үшін үйлену керек?


Жар таңдау һәм Тойота Камри



Pdf көрінісі
бет9/62
Дата30.01.2022
өлшемі1 Mb.
#24541
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62
Байланысты:
Ne ushin uilenu kerek x Daniyar Zhigitbek

Жар таңдау һәм Тойота Камри
 
23-24 жасар кезім. Алдыңғы қателіктерімнен 
сабақ алып, үйлену мәселесіне саналы түрде кірістім. 
Шамиль Аляутдиновтің «Он и Она» деген кітабын оқыдым. 
Өте пайдалы кітап. Оқуды кеңес етемін. «Исламдағы 
жанұя» деген кітапты да көрдім. Себебі мен үшін дінімнің 
талаптарын білу маңызды болды.
 
Шамиль хазраттың бойдақтарға айтқан бір кеңесіне 
құлақ түрдім. Ол кісі былай деп еді: «Болашақ жарыңның 
бойында қандай қасиеттердің болғанын қалайсың, соны 
бір қағазға жаз да, көрінетін жерге қойып қой. Көзің 
түскен сайын бұл нақты образ сенің санаңда орнығып
адамдардың арасынан өзің іздеген жанды тез табасың.»
 
Мидың жұмыс істеу принципін білгендіктен, 
хазраттың бұл кеңесін орынды көрдім. Адам нақты не 
қалайтынын білсе, оны іздеп, табуы да тез әрі жеңіл 


27
Ж
ар т
аң
дау һәм Т
ойо
та К
амри
II БӨЛІМ
болады. Себебі ми нақты образды біледі және оны табу 
үшін айналаны сканерлей бастайды. Ал мидан асқан 
компьютерді әлі ешкім ойлап тапқан жоқ. Мысалы, Toyota 
Camry 75 алғысы кеп жүрген жігіт көшеден тура сол 
машинаны көп көре бастайды. «Мәә, қалада 75-тер көбейіп 
кетіпті ғой, бұрын қалай көрмей жүргем?» дейді.
 
Сөйтіп бір күні болашақ жарымның бойынан 
қандай қасиеттерді көргім келетінін, ол кісіге қатысты 
талаптарымды қағазға жазып шықтым. Өзім құрметпен 
қарайтын әйелдердің образдарын еске алдым. 
Достарымның, ағаларымның тәжірибесін ескердім. 
Бірнеше рет өңдеп, бас-аяғы 17 пункттен тұратын бір тізім 
пайда болды.
 
Тізім дайын. Қандай адамды іздеп жүргенімді нақты 
білдім. Нәтижесінде Динарды кездестірдім. Ол бүкіл 17 
талабыма сай боп шықты. «Болды, ештеңеге қарамай, осы 
қызды жар етіп алам» деп бекіндім. Құдайға шүкір, қазір 
күнде қолынан шай ішіп жүрмін)
 
Ана қызбен бір, мына қызбен бір сөйлесіп, үйленбей 
жүрген жігіттерден «саған өзі қандай қыз керек?» деп 
сұрасам, «әдепті, иманды қазақтың қарапайым қызы болса
болды» дейді. Бұл талаптарға сай келетін қыздар шаш-
етектен ғой. Нақтылық жоқ. «Лайық» жанды таппай жүргені 
де сол үшін шығар. Мысалы, мен жазған 17 пункттің ішінде 
«мамандығы дәрігер, жасы менен 2-3 жас кіші болсын» 
деген талаптар болды. Динар —дәрігер, менен 3 жас кіші)
 
Бұл жазбамды оқығанда өмірлік серігіңді әлі 
кездестірмеген болсаң, жоғарыдағы әдісті қолданып көрші. 
Бір көмегі тиіп қалар.


28
Бо
лашақ ж
арыма қ
ойғ
ан 17 т
алабым
II БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет