І. Бөлім Оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыруда еңбек тәрбиесінің теориялық негізі 1.1. Оқушыларды психологиялық – педагогикалық тұрғыда еңбекке даярлау әдістемесі
Болашақ ұрпақ жан-жақты қабілетті болып өсуі тиіс. Бала қабілеті ой еңбегі мен дене еңбегі қатар жүрсе ғана жан-жақты жетіледі. Сондықтан еңбек тәрбиесінде «Мынау жақсы», «Мынау жаман» - деп бөлінбейтін нәрсе жоқ.
А.С.Макаренко өзінің «Ата-аналар» кітабында: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Еш нәрсені де ұсақ-түйек деуге және ұмытуға хақымыз жоқ. Өз өміріңізде және балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, соған зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаңыз, қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ-түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі де сол ұсақ-түйектерден құралады. Өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің ең жауапты міндетіңіз» - деген.
Баланы әлі келгенше жұмыс істеткізу тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып келеді. Еңбек ету нәтижесінде шәкірттердің еңбекке көзқарасы, сүйіспеншілігі, тәртіптілігі, табандылығы, жігері, ұстамдылығы, ұжымшылдығы қалыптаса бастайды. Оқушылар еңбек сабағында еңбектің бастапқы әліппесімен танысады, еңбектің қарапайым құралдарымен жұмыс сітеу дағдыларын меңгереді, түрлі материалдарды пайдаланып, қолмен жұмыс істеудің өмірде қажетті қарапайым тәсілдерін үйренеді. Еңбекке баулудың жаңа бағдарламасының ерекшелігі: жан-жақтылық, оқытулды тікелей өндіргіш еңбекпен байланыстыру, еңбекке оқытуңды жіктеп білу. Бастауыш кластарда мектеп оқушылары ауылшаруашылық өнімдерін өсіру оны көрнекі құралдарда жөндеу, ойыншықтар жасау, мектепке, балабақшаға, үйге қажетті бұйымдар даярлау т.б. шұғылданады. Бұл сатыда кішкентай шәкірттер мамандық түрлерімен таныстырылады. Оны мұғалім жергілікті мүмкіндіктерге сай таңдап алуына болады.
Техникалық еңбекке оқыту – қағазбен, қатты қағазбен, матамен, пластмассамен, табиғи материалдармен, жұқа тақтаймен, сым темірмен жұмыс сітеу. Сол сияқты оқушыларды техниканың қыр-сырымен таныстыру мақсатында «конструктор» бөлшектерді құрастыру, қайта бұзу, макет жасау, оны бұзып, қайта жинау жұмыстары, кітап түптеу, аталғандарды пайдаланып бұйымдар жасату жатады. Ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу кезінде бастауыш класс оқушылары бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың элементтерімен, яғни өсірудің қарапайым түрлерімен танысады. Оқу – тәжірибе учаскелерінде еңбек етуге, үй жануарларын күтіп бағуға дағдыланады. Төменгі класс оқушыларының тез шаршағыштығы, ықыласының тұрақсыздығы т.б. жас ерекшеліктері мұғаліммен қимыл-әрекетті тез өзгертіп отыруды, еңбекке ойын элементтерін кіргізуді талап етеді. Бұл кластағы шәкірттер істеген істерін мұғалім қолпаштап, құптап, мадақтап отырғанын ұнатады. Сондықтан сезімтал мұғалім тапсырылған істі атқара алмай жатқан балаға көмектеседі, оның қол жеткен болар – болмас табысының өзін мадақтап отыруы тиіс. Бастауыш кластарда оқушының еңбек әрекеті екі бағытта дамиды: бірі – сабақ процесінде жасаған еңбегі, екіншісі – олардың қолынан келетін қоғамға пайдалы еңбегі. Еңбек дағдысы мен тәрбиесі балалардың бойына жас күннен, бастауыш кластардағы кезінен бастап сіңіріле беруі керек. Әсіресе оқушылардың еңбекке деген құрметі мен ілтипатын қалыптастырудағы тәрбие сағаттарында оқу пәндері мен табиғаттану, ана тілі, математика пәндерімен байланыстыра өткізуге болады. Сонда оқушылар еңбек түрлерімен танысады. Еңбек сабағы оқушылардың байқағыштығын, ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін арттырады. Өз бетімен жұмыс істеуге, табандылыққа үйретеді, өз күшіне сенімін арттырады.
Оқушылар еңбекке үйрету сабағында бірлесіп, не жеке-жеке жұмыс істейді. 4 класс оқушылары тақырыбы сай тапсырманы кейде екі сабақ ішінде орындап бітіруіне рұқсат етеді. Мұғалім тапсырма берерде қандай мақсат көздейтінін, оны орындауға қандай материалдар мен аспаптар керек екенін, істелетін жұмысқа қандай талап қойылатынын түсіндіреді. Еңбек сабағына керекті аспаптарды дұрыс ұстау материалдарды белгілі жерге орналастыру, үстелді ластамай оны қалай тазарту керегіне мұғалім өзі көрсетіп, оған оқушылардың назарын аударады. Егер тпасырманы оқушылар топтасып орындайтын болса, оларға тиісті еңбекті бөледі, әрқайсыссының міндетін түүсіндіріп, оның жасалу әрекетін түсіндіреді, көрсетеді. Сөйтіп нұсқау оқушылар жұмысқа кірісерден бұрын беріледі. Мұндай алдын-ала түсіндірілетін нұсқаулардың мақсаты – орындалатын жұмысқа олардың ынтасын аудару және сол еңбекке қойылатын техникалық шарттарды айқындау. Әруақытта оқушылар өз күшін сынауға тым асығып отырады, сондықтан жұмыс алдындағы түсінік ұзаққа созылуға болмайды. Егер мұғалім жұмыс үстінде бір оқушының қате орындап тұрғанын байқаса, оны тоқтатып жұмыстың дұрыс тәсілін үйретеді немесе жолдасының жақсы жұмысын бәріне көрсетеді және неге ұмтылып тырысу керегін айтады. Мұнан соң оқушылар жұмысын одан әрі жалғастыра береді. Мұғалім енді жұмысы өнбей жатқандардың әрқайсысына ісінің сәтсіз болу себебін түсіндіреді. Мұны қате жібермеуге, еңбек процесін қажетті бағытта қайта құруға жәрдемі тиеді.
Сабақта мұғалім оқушылардың еңбек нәтижелерін салыстырады. Әрбір жұмыстың сапасына баға береді. Оқушылардың жақсы орындаған бұйымдары мұқият сақталады, керек жерінде, тиісті сабақтарда пайдаланылады. Әрбір жарты жылдың аяғында оқушылардың істегендерімен көрме ұйымдастырылады.
Мысалы ретінде дайындық класындағы еңбек сабағының жоспарын келтірейік.