1.2. Еңбекке баулу пәнін оқыту арқылы оқушылардың еңбек әрекетіне қызығушылығын арттыру Қазақ бастауыш мектептерінің еңбекке баулу пәніне арналған бағдарламасы қазіргі кезде өзгертіліп, жаңартылған. Төменде талқылауға ұсынылып отырған программа жобасы – қазақ мектептерінің жағдайы мен мүмкіншіліктерін ескеріп жасалған жаңа жоспар. Жоспар жасау барысында көпшілік бастауыш класс мұғалімдерінің, бірқатар ұсыныстары ескерілді. Кейбір сабақ түрлері өзгертіліп, толықтырылды. І. Техникалық еңбек түрлері. Саз балшық және пластилинмен жұмыс істеу (мүсіндеу) (1-2 класс). Аралас материалдардың орнына табиғи материалдар енгізу (1-4 класс). Матамен жұмыс текстильді материалдармен жұмыс істеу болып өзгертілді. (1-4 класс). Картонмен жұмыс істеу 2-4 кластарда ал конструктормен жұмыс істеу 2-кластан басталып, 4-класта конструктор және электр констрктормен жұмыс істеу берілді.
ІІ. Ауыл шаруашылық еңбек. 1 класс оқушылары үшін түрлі кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырып, сабақты таныстыру мақсатында жүргізу ал (2-4) класс жоғарылаған сайын істелетін жұмыс түрлерін күрделендіру ұсынылады.
ІІІ. Қоғамға пайдалы еңбекке программада арнайы сағат бөлінбеген. Дегенмен, оқушылардың сабақтан тыс уақыттарында үй жұмыстарына, ата-аналарына, класта жұмыс істеулеріне бағыт беру көзделінген. Бұрынғы программада бұйымдардың тек шамамен алынған тізімдерді беріліп келсе, жаңа программа жобасында әр кластарға жүргізілетін сабақтар төрт жоқ санға бөлініп, сағат сандарды таблица арқылы көрсетілді. Бұл мұғалімдерге календарлық тақырыптық жоспар құрылуына нақты көмегін тигізеді. Жобада жасалатын бұйымдардың күрделілігі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес берілді.
Құрметті ұстаздар, сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған программа бекітілген толық мәнді программа емес, жобасы ғана.
Бастауыш кластарда еңбекке баулу сабақтары үш бағытта жүргізіледі:
техникалық еңбек;
ауыл шаруашылық еңбек;
қоғамға пайдалы еңбек;
Техникалық еңбек мына түрлерді қамтиды:
І. Қағазбен және картонмен жұмыс. 2. Табиғи материалдармен жұмыс. 3. Текстильді материалдармен жұмыс (мата, жіп). 4. Конструктор детальдармен жұмыс. 5. Ағашпен жұмыс. 6. Сым темір және жұқа қаңылтырмен жұмыс.(фольга). 7. Электр техникасымен жұмыс.
ІІ. Ауыл шаруашылық еңбегі мал шаруашылығы мен егін шаруашылығына бөлінсе, мектепте өсімдіктер өсіру сабағы екі бағытта жүргізіледі. 1) Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптау жұмысы. 2) Оқу тәжірибе учаскесіндегі жұмыс және жан-жануарлар бұрышын ұйымдастыру (жабайыаңдар, құстар т.б.)
ІІІ. Қоғамға пайдалы еңбекке программада арнайы сағат бөлінбегенмен, күнделікті істеуге тиісті жұмыстар жоғарыда аталатын сабақтармен ұйымдастырыла жүргізіледі. Еңбек сағаттарының негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың политехникалық білімдері мен ой-өрістерін кеңейтіп, шеберліктерін жылдан-жылға арттыру.
Еңбекке деген көзқарасты коммунистік тұрғыда түсіндіріп, білімдерін молайту. Өндірістің түрлі салаларында жұмыс істейтін мамандардың іс-тәжірибесі және қызметімен танысу. Адамгершілікке, эстетикалық және дене тәрбиесіне баулу. Мысалыға жоспарымызға мынадай еңбек түрерін енгіздік. Сабақта 6-7 жасар баланың саусақтарын ширату, бұлшық еттерін қатайту және түрлі пайдалы жаттығулар жүргізу мақсатымен мүсіндеу түрі енгізілді.
Картонмен жұмыс бұрын жоспарда 3-кластан жүргізілсе, ал қазір 2-кластан басталып қағаз және қатырмақ қағазбен жұмыс істеу делінеді.
Аралас материалдармен жұмыс істеу түрін оқушылар сабақта көбіне игере алмайды, себебі түрлі материалдарды дайындауға материалдық база керек, әрі көптеген материал түрлері кейбір мекендерде кездеспейді. Табиғи материалдар республикамыздың барлық аймақтарында кездесетін болғандықтан жоспарға біріншіден төртінші класқа дейін енгізілді.
Қазіргі кезде төртінші класта конструктор және электроконструкторлармен жұмыс істелінеді және маамен жұмыста тек төртінші, үшінші класқа ғана енгізіліп отыр. Еңбекке баулу сабақтарында қолданылатын материалдар жергілікті жердің мүмкіншілігі мен жағдайына байланысты болып, оқушылардың орындайтын бұйымдары халықтық өнер мұраларына, дәстүрлеріне, оны дамытуға бейімделіп жасалынады. Оқушылардың жасалған бұйымдары тек баға алу үшін ғана керек емес, аз қажеттеріне жарайтын пайдалы заттар болуға тиіс. Біткен бұйымдардың жасалу сапасына талдау жүргізіліп, жетістіктері мен кемшіліктері атап көрсетіліп, баға қойылу керек. Қазіргі кезде еңбекке баулу сабақтары қазіргі талапқа сай арнайы жабдықталған еңбекке үйрету кабинеттерінде жүргізілуі керек. Бұл кабинеттерде жұмысқа керекті құралдар мен материалдар сақталып, сабақ жүргізуге барлық жағдай сақталуы тиіс.
Оқушылардан:
Оқушылардың мұғалімнің рұқсаты бойынша бастау.
Құрал – сайманды қажетті жағдайда ғана пайдалану.
Істен шыққан, жиегі мұқалған құрал-саймандармен жұмыс істемеу.
Жұмыс орнын таза ұстау, материалдар мен құралдарды парта үстіне дұрыс орналастыру.
Материалдарды үнемдеу, құралдармен тимді жұмыс істеу.
Жұмыс кезінде басқа жаққа алаңдамау.
Жұмыс бітісімен, материалдар мен құралдарды өз орнына реттеп қою, және т.б. талап етіледі.
Оқушыларды еңбекті сүюге, еңбек адамдарын қадірлеп тәрбиелеуде топсеруеннің маңызы өте зор. Оқушылар топсеруен кезінде ересектердің жұмыста қандай құрал-саймандар пайдаланып, қалай жұмыс істейтіні, толық бақылай алады. оны ұйымдастыру үшін, мұғалім күні бұрын әзірлік жасап, оның мақсатын белгілейді, баратын оқушыларға алдын-ала хабарлайды. Топсеруеннің соңынан оқушылар класқа келгеннен кейін көргендері туралы талдайды. Мұғалім оның тақырыбын, мақсаты мен мазмұнын түсіндіріп, сабақтың құрылымын, оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында белгілейді.
Олар:
сабақты ұйымдастыру;
жаңа материалды енгізу, баяндау;
сарамандық жұмыс;
орындаған жұмысты талдау;
Осы кезеңдерді енді жеке-жеке қарастырып көрейік. Сабақты ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың жұмыс орнын дұрыс әзірлей білуіне назар аударылу керек. Материал және құралдар парта үстіне дұрыс орналастырылып болған соң, мұғалім сабақты бастайды:
Жаңа материалды баяндау үшін, мұғалім оқушыларға нұсқау беріп, әңгімелеседі, істеуге тиісті бұйым неден және қалай жасалатынын айқындайды.
Сараландық жұмыс сабақтың негізгі бөлігі. Сондықтан мұнда оқушылардың өздігімен жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Қиналған оқушыларға жеке көмек беріліп, жасалтын бұйымдардың әдемі және тартымды болуына мұғалім дұрыс бағыт беріп отырады.
Орындалған жұмысқа талдау жасау үшін, бұйымдарын жинап, бір-бірімен салыстырады, жақсы жақтары мен кемшіліктері айтылып, сабақ аяқталуы тиіс.
4-ші класта күнтізбелік тақырыптардың және еңбекке баулу сабақтарына бөлінген сабақтардың мынадай үлгі жоспарын ұсынуға болады. Бір тоқсанның өзін 10 сағатқа бөлеміз. Соның ішінде қағаз және
1. қатырма қағазбен жұмыс – 1 сағат
2. түптеу жұмыстары, кітапты күтіп ұстау – 1 сағат
3. матамен жұмыс – 1 сағат
4. сым темірмен жұмыс – 3 сағат
5. ағашпен жұмыс – 1 сағат
6. аралас материалдармен жұмыс
7. өсімдіктер өсіру – 7 сағат
Істелінетін жұмыстардың қысқаша мазмұны былай:
Картоннан немесе қалың қағаздан өлшеп, қиып, бүктеп стакан жасау
Картонды, қағазды өлшеу, сызу, қию, желімдеп, қойын дәптерше жасау
Жұмсақ сым темірден геометриялық денелер (куб, пирамида, призма).
Шырша бүршігі немесе жүгерінің сабағы, құстың қауырсыны, қағаз ағаш бұтағы, емен жаңғағы, пластилиннен жапырақ жасау.
Құраған және арам шөптерден учаскені тазарту, учаске ауданын тазалау. Дайындалған учаскеге сарымсақ, пияз отырғызу. Ағашпен жұмыс
Жасаушаларға ағаштан сап жасау.
Табиғи материалдармен жұмыс істеуге қолданылатын тақтайшаларды аралап дайындау. Үлгі бойынша киім ілгіш жасау. Оқушыларға ағаш шебері туралы мәліметтер, ағаштың түрлері және ерекшеліктерін түсіндіріп айту керек. Міне, осындай үлгі жоспары бойынша еңбекке баулу пәнін өтуге болады. Еңбекке баулу пәніне қойылатын талаптар: Жұмысты жүйелі жоспарлап, өз жұмысына талаппен қарау, материалдар мен құралдарды сабаққа даярлау. Техникалық терминдерді дұрыс айтуға және жұмыс процесінде бұйымды сапалы, әдемі жасауға дағдылану керек. Мұғалімнің қойған сұрақтарына толық жауап беруге үйрену.
Пәнаралық байланыстар.
Ана тілі: Оқушылардың сөз байлығын арттыру мақсатымен жұмыстарын жоспарлап айтып түсіндіру және бір ізділікпен орындау ережелері жеке-жеке айтқызылады.
Математика: Бұйым бөлшектерінің ұзындығын, енін өлшеп, өлшемдерін дұрыс белгілеуге үйретіледі.
Бейнелеу өнері: Жасалынатын бұйымдарды әдемі жасау, бояу, суретін салу жұмыстары жүргізіледі.
Табиғаттану: Экскурсияға шығу арқылы табиғат құбылыстарымен, байлығымен танысу, жасалар бұйымға қажетті табиғи материалдар жинау жұмыстары жүргізіледі.
Қоғамдық пайдалы еңбек.
Төртінші класс оқушыларымен мектепте, тәжірибе учаскесіне, өндіріске және колхоз, совкозға экскурсия ұйымдастырып, түрлі жұмыстар атқарылады. Ересек оқушылар мектеп дәлізін, класты, мебельдерді таза ұстау, бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын күн сайын сүрту, терезе алдын тазарту жұмыстарын атқарады, мектепке кірерде аяқ киімдерін ауыстырып киіп, өз кластарына барады. Оқушылар «Табиғаттануға» арнап табиғи материалдармен альбомға не арнайы қораптарға жинап, коллекция жасайды. Түрлі көрнекі құралдар жасалынады.
Төртінші класс оқушылары өз ауданының картасын сызып, қанша мектеп, балабақша бар екенін анықтап, картада белгілейді. Сөйтіп басқа класс оқушыларымен жарысқа түсіп, бақшаға қамқорлық жасайды. Өз аулының картасын сызып, ардагерлердің, қарт адамдардың қай жерде тұратындығын біліп, көмектер көрсетеді. әліппе, математика арналып, түрлі дидактикалық көрнекі құралдар жасалынады. Оқушылар кітапханаға көмектеседі, арнайы жас кітапханашылар үйірмесі, ұйымдастырылып, олар кітап жөндеу жұмыстарын атқарады. Кітапхана бұрышын жасап, белсенді қатысатын оқушылардың суреті ілініп, фамилиясы мен класы жазылады. Оқушылар – құстардың досы, оларға жемшашар үйшіктер жасайды. Ауылды жерлерде оқушылар фирмаға көмектеседі. Қозы, құлын, бұзауларды суарады, жем беріп, қамқорлық көрсетеді. Құс фермасына да көмектерін тигізеді, жем шашады. 4-класс оқушыларының осындай қоғамдағы пайдалы еңбегі 30-45 минутқа созылып, талданып, бағалануы тиіс. Мен 1997 жылы қыркүйектің 8-нен қарашаның 2-не дейін, педагогикалық іс-тәжірибемді өткізу үшін №7 Қарсыбай Сыпатаев атындағы мектепте болдым. Онда менің үлесіме 4-сынып оқушылары берілді. Мен осы сыныппен екі ай бойы жұмыс істедім. Еңбекке баулу сабағынан сабақ бердім. Ондағы сабақ беру жоспарымен таныстым. Сабақ беру әдісі маған ұнады. Оқушылардың еңбек сабағына қызыға, барлық ынталарымен қатысуы мені қуантты. Еңбекке баулу сабағының қыр сыры өте көп екен. Мен еңбекке баулу пәнінен мынадай тақырыпта ашық сабағын өткіздім.
Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар жасау.
Сабақтың мақсаты:1.Тәрбиелікмәні:
Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, инабаттылыққа, татулыққа, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
Өрістеу мақсаты:
Көлемді табиғи және басқа заттарды араластырып ұйым жасауды үйрету. Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұлжытпай орындауға дағдыландыру.
Сабақтың жабдықтары: көлемді табиғи материалдар, жаңғақ қабықтары, пластиллин, түсті қағаздар, желім, иілгіш, сымтемір, желімге арналған қылқалам.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. (оқушыларды түгелдеп, а й ай-күн аттарын белгілеу).
Үй жұмысын сұрау.
Жаңа сабақ.
Жаңа сабақ:
Енді материалдар мен құралдарды дайындап бұйым жасауға кірісеміз. Сабақты жасайтын бұйымдар жаңғақ қабығынан жасалады. Олардың формалары қандай ? Қанша бөлшектерден құралған ? түстері қалай деген сұрақтар беремін.
Бұйымдарды мына ретпен жасаймыз:
Қалған бөлшектерін жаңғақ және бүршікке біріктіріп, жұмысты аяқтау.
Шағын бұйымдарға арналған табиғи материал арнайы қорапшада дайындалған. Екі жаңғақ қабығын біріктіріп денесін, бір емен жаңғағын басы етіп шөже жасалады.
Біздің қоғам өміріндегі аса маңызды кәсіптер жөнінде оқушылардың дұрыс түсінігін қалыптастыру үшін еңбек пәнінің мұғалімі балаларға осы кәсіптерді таныстыру үшін жүйелі де мақсатты жұмыс жүргізуі тиіс.
Оқудан тыс кәсіптік бағдар беруге арналған жұмыс сан қырлы және оның өзі оқушылардың өздігінен кәсіп таңдауының мақсаты мен міндетіне сай келеді. Осы мақсатты ниет ету мақсаты мен төмендегідей еңбек түрлері бағдарламасын ұсынамыз.