Сабақтың жабдықталуы: «Кім болам ?» бүктемелі альбом. «Отбасы» атты қабырға газеті, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы: а) Сурет бойынша жұмыс.
Отбасы мүшелерінің үй шаруашылығы әрекеттерін көрсететін түрлі-түсті суреттерді талдау, әңгімелесу. Сұрақ-жауап әдісі арқылы балаларды еркін, әрі жүйелі сөйлеуге үйрету. Үй шаруасының түрлерін, оған отбасы мүшелерінің қатысын әңгімелеу. Мысалы, «Менің атам-шопан. Ол мал бағады. Ал әкем трактор жүргізеді, мамам-сатушы болып істейді. Өзім тауықтарға күнде жем шашамын, т.б.
ә) «Отбасы» атты ойын ойнату. Өздерінің шамасы келетін еңбек түріне қолғабыс жасауға бағдар беру.
4. Сабақты қорыту.
Отбасы мүшелерін атату. Мамандық туралы түсінікті қорыту, олардың түрлеріне тоқталу. Сабаққа белсенділігін танытқан оқушыларды ауызша мадақтау. Балаларды сабақтан тыс уақытта да еңбекке, өнерге, кітап оқуға, оны сүюге баулуға болады.
Ауылдық жерде тұрғандықтан көктемде, жазда, күзде тәжірибе учаскесінде жұмыс істейміз. Онда шәкірттер бау-бақшадағы жұмысқа көмектеседі. Үлкендердің аударған жерлерін қопсытуға, жүйек жасап, көшет отырғызуға шамалары келеді. Бірақ бұл еңбек түрлері ешбір балалардың организмдерінің қалыпты өсуіне кедергі болатындай қосымша күш денсаулықтарына зияны боларлықтай ауырлық түсірмеуін ескерген жөн. Жұмыс баланы жалықтырмауы, зеріктірмеуі, ынтасын төмендетпеуі үшін мезгіл-мезгіл демалтып, дене қалпын өзгертіп отыру керек. Бастауыш класс оқушыларын жазда, күзде табиғат арасындағы кейбір дәрілік шөптер жемісін жинауға қатысып отырамыз. Далада істеген мұндай жұмыстар олардың өміртанымын кеңейтеді. Еңбек еткенде жақсы нәтижеге жету мақсатына тәрбиеленеді. Сондықтан оларға тек мұрындық болып қана қоймай жеке тапсырмалар ұсынып, әлі келетіндей міндеттерді орындап шығуға үйрету керек. Бастапқыда бала, негізінен еңбекті қызық көріп қатысады. Ең бастысы – еңбекке үйренуі керек. Оларға осы түпкі мақсатты түсіндіріп отырған жөн. Балалардың кішкентай кездерінен көп болып бірігіп еңбек етуге дағдылануы, олардың болашақта ұжым болып жұмыс істеу әдетін қалыптастырады.
«Балаларды жас шағынан – ақ бірігіп өмір сүріп, еңбек ете білетіндей етіпе тәрбиелеу керек. Көпшілік еңбекке қатыса отырып, әркім өзінің ондағы атқаратын ісін және оның ролін білу керек. Мұндай ұжымдық еңбек балаларды ұйымшылдыққа, тәртіптілікке баулиды». Жауапкершілік сезімін тәрбиелейді. Қорыта айтқанда оқу мен өмірдің байланысын нығайту, оқушыларды еңбекке даярлауды жақсарту – күн тәртібінен түспейтін мәселелер. Қазір ауыл шаруашылығының барлық саласына жас күштер қажет. Ол күш – қазір алдымызда отырған оқушылар. Олардың еңбекке ынтасын тудыру үшін, мұғалімдер барлық күшті, шеберлікті соларға жұмсау керек.
Бұл жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеу – күрделі де ұзақ процесс. Сондықтан оларды жастайынан еңбек ете білуге, үлкендерді және олардың еңбектерін бағалай, қадірлей білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жаңалықтармен байланысты негізгі мектептің бастауыш сатысы үшін де еңбекке баулу пәнінің жаңа білім мазмұны анықталып, бағдарлама жасалды. Пәнді оқытудағы негізгі мақсат – оқушының еңбек әрекетін қалыптастыру арқылы оның еңбек дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін арттыру. Осы мақсатқа орай мынадай міндеттерді іске асыру көзделінеді:
еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын арттыру, мінез-құлқын тәрбиелеу.
оқушылардың әртүрлі материалдарды көркем өңдеу және құрастыру мен модельдеудегі практикалық дағдысын қалыптастыру.
қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білуге үйрету.
еңбек әрекетін жоспарлай білу, өзінің және өзгенің ісін бақылау, баға беру, түзету, өзіне - өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру.
шығармашылыққа баулу.
эстетикалық, экономикалық, экологиялық тәрбие беру.
Пәннің осы мақсат, міндеттері ата кәсіп, ұлттық қолданбалы қолөнер үлгілеріне, ата-баба дәстүріне негізделе отырып жүргізіледі. Пән мазмұнының құрылымы 4 блоктан тұрады: техникалық еңбек, көркем еңбек, өзіне-өзі қызмет ету, ауылшаруашылық еңбек.
Техникалық еңбек: көркем өңдеу, қағаз, қатырма қағаз, құрастыру, техникалық модельдеу, ағаш, металл өңдеу.
Көркем еңбек: ермексаз, сазбалшық, папе-машеден жасалған бұйымдарды өңдеу, мата, киіз, түскиіз, қазақтың ұлттық киімдерін ою-өрнекпен өңдеу, қағаз, мата, бау, қайыс, жіппен өру.
Өзіне-өзі қызмет ету: түйме, ілгек, сыртетпе қадау, ілгек торлау, жамау, ішекпен тоқу, оқу бөлмесін, тірі табиғат бөлмесін жинау, тазалау, есік, терезе, еденді жөндеу.
Ауылшаруашылық еңбек: өсімдіктің жетілуінің сыртқы жағдайларына, өзгерісіне бақылау жүргізу, топырақ тыңайту, тұқым себу, өсімдіктің жетілуін бағалау, жан-жануарларды қоректендіру, ағаш отырғызу, күту т.б.
Оқушылар бастауыш кезеңде архитектура, мүсін, графика, техника, сәндік қолданбалы, қолөнер шығармаларымен, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерімен танысады. Қазіргі білім мазмұнның жаңаруына байланысты халықтық қолданбалы қолөнерін еңбек сабағына енгізе отырып, ол турады оқушыларға 1 сыныптан бастап түсінік қалыптастыруды қажет етеді. Алғашқы еңбек дағдылары тұрақты да сенімді болумен өзгешеленеді. Сондықтан да алғашқы сабақтан бастап оқушыларға жұмыс істеу әрекеті, тапсырманы дұрыс орындау, жұмыс орнын таза, мұқият ұстауға, жұмсалатын материалды үнемдеуге дағдыландыру көздейді.
Қағаз, қатырма қағазбен жұмыс істеуде оқушылар әртүрлі бұйымдар, ойынға керекті жабдықтар, оқу құралдары, сәндік бұйымдар, тұрмысқа қажетті нәрселер жасап үйренеді. Құрастырудың бірнеше түрі беріледі. Қағаз, мата, табиғи материалдар, дайын жиынтықтардан техникалық құрастыру секілді жұмыстар ұйымдастырылады. Оқушыларға белгілі бір бұйымды жасау барысында оның өмірді, тұрмыстағы қажеттігі тұрғысынан мәлімет беріп, заттың негізгі бөліктерін ажырата білуге, әр бөлік пішінінің, мөлшерінің, орналасуының, осы құрастыруда пайдаланылатын жағдайлар мен үйлесімділігін анықтау жолдары үйретіледі.
Еңбекке баулу пәнінің мазмұны бұрынғыдай тақырыптар бойынша емес, пәннің өзіне тән мазмұндық және іс-әрекеттік ұстанымдарға сай таңдалды. Пәннің мазмұнында халықтың қолданбалы қолөнеріне ерекше мән берілді. Осыған орай өз мазмұнына «Халықтың қолданбалы қолөнері» деген арнайы бөлім енгізілді. Мұнда пәннің басқа тарауларында әртүрлі бұйымдар жасау және бейнелеу өнері пәніндегі өнердің әртүрі салаларына байланысты беріліп отыратын халықтың қолөнерінің элементтері жинақталып жүйеге келтірілді. «Халықтың қолданбалы қолөнері» бөлімінде атадан балаға мұра ретінде қалыптасып келе жатқан кәсіп түрлері, онда орындалатын іс-әрекеттер жайында мағлұмат беріледі. Оқушылар бұйымдарды жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгерді.
Еңбектің барлық түрлері негізінен практикалық жұмысты орындау барысында жүзеге асырылады. Атқарылған жұмыстың түрлері, мысалы, ермексаз бен сазбалшықтан мүсін жасау, мата, ағаш, металл, тері өңдеу, ою-өрнек сызу, қию тәсілдері әр сынып сайын біртіндеп күрделеніп отырады.
Еңбекке баулу пәніне мұғалім техникалық қауіпсіздік пен еңбек гигиеналық ережелерін жақсы біліп, оны мұқият орындауы қажет және бұл ережелерді бұлжытпай орындауды оқушылардан талап ету керек. Еңбекке баулу пәні басқа пәндер мазмұнымен де тығыз байланыста жүргізіледі. Оқушылар басқа пәндерден алған білімдерін, білік, дағдыларын еңбекке баулу сабағында тәжірибе жүзінде пайдаланды.
Бағдарламада білім, білік, дағдыларды екі деңгейде беру арқылы оқуышылардың іс-әрекетінің қалыптасу сатысы, шығармашылық қабілетінің дамуы көрсетіледі. Оқушылардың еңбек пәніне қатысты ұғым-түчінік дәрежелерін тексерудің тиімді, жақсы тәсілі ретінде тест үлгілері де жүйеленіп берілді. Қорыта айтқанда, дамыта оқыту арқылы еңбекке баулу сабағында оқуышының жеке танымының және шығармашылық қабілетінің шыңдалуына ықпал жасау көзделді.
Еңбекке баулу сабақтары мынадай мақсаттарды көздейді:
еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыру;
еңбек етуге тәрбиелеу және еңбек мәдениетіне дағдыландыру;
оқуышлардың политехникалық білім мен ой-өрісін кеңейтіп, шеберліктерін арттыру;
қарапайым материалдарды қолданып, құрал саймандармен жұмыс істеу әдісін үйрену;
Еңбек сабағында оқушылардың саусақтарын щынықтырып, бұлшық еттерін, нығайту мақсатымен, әртүрлі бұйымдар жасалды, оқу барысында олардың білімі кеңейтіліп, шығармашылық қабілеті жетілдірілді, алғашқы іскерліктері қалыптасып, өз жұмыстарын жоспарлауға және оны тексеруге үйренеді.
Төртінші класс оқуышлары әрекетінің өз ерекшеліктері бар. Біріншіден, олардың өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар. Екіншіден, қабілеті тұрақты. Үшіншіден, олар айналадан көргендерін елестетуге дағдыланған. Төртіншіден, саусақ бұлшықеттері толық қалыптасқан, әр түрлі қимыл жасауға епті. Сабақ барысында мұғалім осы ерекшеліктерді мұқият ескеріп, жұмысты дұрыс ұйымдастыруы керек, көрнекі құралдарды дұрыс, тиімді пайдалану керек. Сосын еңбек сабағын қызықтырып өту керек. Мұғалім еңбекке баулу сабағында әрбір оқушының қауіпсіздік теххникасы ережелерін мүлтіксіз сақтап жұмыс істеуіне бағыт береді.
Қорыта келгенде – психологиялық –педагогикалық тұрғыдан еңбекке даярлаудың түп қазығы өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, еңбек көздерін тиімді бөлу, өмір жолын таңдау, адамның кәсіби бейімделуі мен кәсіби шеберлігін қалыптастыру секілді келелі мәселелерді қамтитын көп аспектілі комплексті проблема ретінде сипаттайды.
Оқушыны еңбекке және кәсіп таңдауға даярлау мемлекетіміздің басты идеяларының бірі. өйткені өндіріске, ауыл шаруашылығына, арнайы орта немес жоғары оқу орындарына баратын жастардың алғашқы қадамы тек бастауыш мектептен басталады. Бастауыш білімдегі тиянақтылық жасөспірімдерді өмірге сергек қарауға үйретеді, олардың болашақ кәсібін таңдауда мұның айрықша ықпалы болады. Оларға қажеті – еңбектің алғашқы дағдыларын қалыптастыру, құрал-саймандарға, материалға және айналадағы ортаға ұқыптылықпен қарау дағдыландырады. Сол сияқты оқушыларды еңбекке баулудың политехникалық бағыттылығы оқушыларда жалпы еңбек білімін қалыптастыру және жоспарлау, жұмыс орнын ұйымдастыру, тетіктермен, машиналармен танысу жөніндегі икемділігін қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі.
Еңбек сабағында оқушылардың техника қауіпсіздігі және жеке бас гигиенасы ережелерін қатаң сақтауына баса назар аударылады. Аспаптар, материалдар, ауыл шаруашылық жабдықтар оқушылардың жас мөлшеріне сай алынады.
Оқушылардың техникалық модельдерді бірлесіп жасауын мысалға ала отырып, оларға нақты өндірісте ондаған, тіпті жүздеген мамандық өкілдерінің қатысатындығын көрсетуге болады. Мұндай нақты мысалдар оқушылардың кәсіп әлемі, қандай жұмыстың болсада қажетті екендігі туралы түсінігін қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Кәсіптік бағдар жөніндегі жұмыста бастауыш кластардағы еңбек пәнінің мұғалімі балалардың медикобиологиялық ерекшеліктерін жете білуі тиіс. Мәселен дені сау балалардың барлығы бірдей белгілі бір жұмысты ойдағыдай игере алмайтындығын физиологтар мен психологтар дәлелдеген. Кәсіпті ойдағыдай меңгеру адамның психофизиологиялық сапасына да байланысты, өйткені мұның өзі белгілі бір кәсіпті немесе мамандықты болашақ игеру үшін қажеттігін ескертеміз.