І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


) Ұжымдық-танымдық іс-әрекет технологиялары



бет91/94
Дата27.09.2023
өлшемі194,17 Kb.
#110970
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Байланысты:
І б лім. Педагогикалы маманды а кіріспе 1 та ырып. Азіргі жа

2) Ұжымдық-танымдық іс-әрекет технологиялары. Оқытудың ұжымдық түрлері ертеден қалыптасқанымен,оның ерекшеліктері мен арнайы зерттелуі А.Г.Ривин,В.К.Дьяченко еңбектерінде қарастыраылады.
Аталған қарама-қайшылықтарды шешу мақсатында ұжымдық-танымдық іс әрекет технолгиясы топтық,шағын топтық,жеке,жұптық оқыту түрлерін,жұптар мен шағын топтар құрамының ауыспалы болуын,оқушылардың өзара бірін-бірі оқытуларын,өзара бірін-бірі бақылау мен бағалауларын,өзара көмек көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
Оқушының оқу-танымдық үрдісіне қолайлы ортаны колаборативті орта деп атайды.
Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырудың үлкен педагогикалық шеберлікті және шығармашылықты қажет етеді.Әуелі оқушылармен бірігіп топтық жұмыс ережелерін құрастырып алғанабзал.Бір сабақ минут-минутына дейін ойластырып,балалардың топтық жұмыстарынжоспарлап,коллаборативті ортаны қалыптастыру мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің көрсеткіші.Осындай сабақ жоспарын құрудың өзі қызықты шығармалық үрдіске айналады.
Топтық жұмыс ережелері құрастыру және оны оқушылар үшін тартымды қылып көрсету маңызды.Құрастырылған ережелер барлығына бірдей көрінетіндей ,оқылатындай және суреттермен бейнеленіп тұрғаны дұрыс.Балалар өз пікірінің бағалы екенін сезініп,өз күштеріне деген сенімдері арта түседі.Топтық жұмыс ережелерін юалалардың өздеріне құрастыру мұғалім үшін өте ұтымды қадам,себебі олар өздері ұсынған ережеге қарсы шыға алмайды.
Қазіргі кезде топтық жұмыстарды жүргізуде топтық бағалау формалары да көп қолданылады.Сондықтан ережелердің өзін сабақ үстіндегі объективті өзара бағалауға,жауап беру тәртібіне,уақытты ұтымды пайдалануға,сөйлеу әдебіне,тыңдау мәдениетіне қатысты бекітіп алуға болады.Бағалауға қатысты оқушылармен бірлесе отырып, бағалау критерийлерін анықтап алу,бағалау тиімділігін арттырады.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекет технологиясының мақсаты – оқушылар арасындағы қарым қатынас мәдениетін жасқарту.
3) Проблемалық оқыту технологиясы.
Прблемалық оқыту идеясы оқушылардың ақыл ойын дамытуда оқыту қызықты танымдық үрдіске айналдыруға байланысты пайда болған.Бұл идеялар Я.А.Коменскийдің, И.Г.Пестлоцийдің, Ф.А.Дистервег, К.Д.Ушинскийдің және т.б. пндагогтардың еңбектеріндегі зерттеу өзегіне айналған.Сонымен қатар 20 ғасырда шетелдік педагогика проблемалық оқыту идеясы американдық психолог Д.Ж.Дьюдің еңбектерінде оқушыларды белсенді оқу іс әрекетіне қатыстыру,оқу проблемалырының шешімдерін өздігінен іздеткізу тұрғысынан зерттеліп дами түсті.
ТМД елдерінде проблемалық оқыту технологиясының зерттелуі М.А.Данилов, В.П.Исипов, И.Я.Лернер, А.В.Брушлинский, М.И.Махмутов, А.М.Матушкин т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттелген.Бұл зерттеулер нәтижесінде оқушыларға білімді дайын күйінде бере салмай,керісінше сол білімге өздерінің ізденістері арқылы,алдарына қойылған проблемалық ситуацияларды шешу арқылы жеткізудңғ маңыздылығы негізделді.Дәстүрлі оқытуда балалардың ізденіс жұмыстарынынң айқын көрінбейтіні алаңдатушылық туғызады.Білім инемен құдық қазғандай балаларды ізденіске,шығармашылыққа тапқырлыққа,ой еңбегіне деген қызығушылықтарын оятып ынтыландыра алуы болатын керек.
Проблемалық оқытудың негізгі элементі проблемалық ситуация.Проблемалық оқу ситуациясын шешу арқылы балалар өз қателіктерінің себептерін түсінетін болады.Осындай ізденіс үстінде оқушылар өз пікірлерін негіздеу үшін фактілермен аргументтерді келтіріп,өз пікірлерінің дұрыстығын дәлелдеуді үйренеді.Сонда ғана қол жеткізген білімері нақты сенімдеріне айналып,білім беріп естерінде сақталады.Осылайша білім берудегі үстірттілікпен формализимнен біртіндеп арылуға болатыны анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет