І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет88/94
Дата27.09.2023
өлшемі194,17 Kb.
#110970
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94
Байланысты:
І б лім. Педагогикалы маманды а кіріспе 1 та ырып. Азіргі жа

«Миға шабуыл әдісі» – берілген сұраққа кез келген оқушы жауап алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ, қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілетінін түсінулері керек. «Миға шабуыл» белгілі бір сұраққа оқушылардың ақпараттылығын немесе қарым-қатынасын анықтау қажет болған жағдайда қолданылады.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене білу.
3. 12-жылдық мектептегі оқытудың өзіндік ерекшеліктері.
Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде білім беру мазмұнының көлемін дамыған Еуропа елдерінің деңгейімен салыстыруға болады. Әлемдік тәжірибеге сәйкес 12 жылдық оқытуға есептелген жалпы орта білім беру бағдарламасын біздің оқушыларымыз 11 жыл меңгереді.
Білім реформалары қазіргі әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр.Оларда бейімдік оқыту мәселесіне көп көңіл бқлінеді.
Жалпы орта білім беруідің басты мақсаты- әлемдік бідім беру стандарттарына сәйкес келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамсыз ету, өзін-өзі тәрбиелеуге , жеке және қоғамдық мүдделерін үйлестіре білетін жан-жақты мәдениетті , шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.Жалпы орта білім беретін мектептің оқу жоспары базистік оқу жоспарының нормативтерін сақтай отырып құрылады .Мектептің оқу жоспарының екі түрі болады.

  • Мектептің өз оқу жоспары , ол ұзақ мерзімге жасалады.

  • Жұмыстың оқу жоспары

Жалпы білім беретін орта мектептің базистік оқу жоспары негізгі сабақтастық ұстанымдарын жүзеге асыру болып табылады. 12 жылдық оқу мерзіміне ауысу қажеттіліктерін айқындайтын факторлар:
1-фактор. Білім беру парадигмасының өзгеруі. Қазіргі білім беру тұлғалық- бағдарланған стратегиясын іске асыруға бағыттылған.Оның негізгі идеясы –оқушыларға механикалық түрде білім беру емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар аудара отырып өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер жасайтын білім кеңістігін құру.Оқушыларды жоғары мектеп жүйесіндегі білім алуға даярлау арқылы жалпы орта білім алу формаларын таңдау мақсатында жоғары буынды оқытуды бағдарландыру және бүкіләлемдік беталыстарды ескере отырып арнайы ұйымдастырушылық,әдістемелік жағынан жағдай туғызылуы тиіс.
2-фактор. Оқушылардың денсаулығын сақтау.Бірінші сыныпта оқушылар аптасына белгіленген 20 сағаттың орнына 22 сағат, жоғары сынып оқушылары 38 сағаттың орнына 40-42 сағат оқу жүктемесін орындайды.ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, республикада 2 миллионнан астам бала 66% әр түрлі аурулармен диспансерлік есепте тұрады.Мектепте оқыту кезеңінде балалар арасында тыныс алу мүшелерінің, көз, асқорыту, жүйке-психалық, тірек-қозғалыс аппараттарының зақымдануы сияқты т.б аурулар ондаған есе артып отыр.12 жылдық оқу мерзіміне көшу жағдайында белгіленген күнделікті оқу жүктемесін азайту,оқушылардың әртүрлі үйірмелерге қатысуларына, бос уақыттырын өз мүдделеріне сай өткізулеріне мүмкіндік жасайды.
3-фактор. Оқушыларды әлеуметтендіру, әлеуметтік шиеленісті төмендету. Дәстүрлі 11 жылдық жалпы орта білім беру нарығының қажеттіліктеріне орай оқытудың тәжірибелік бағытына сәйкес кәсіптік бағдарды қамтамасыз ете алмайды.12 жылдық мектептің негізгі буынында оқушылар арасында кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Негізгі мектептен кейін көпшілік оқушылар кәсіптік мектептерде немесе мектептерде немесе колледждерде оқиды. Кәсіптік мектеп (11-12 сыныптар) оқушылардың еңбек нарығына,өз кәсіптеріне бейімделулеріне жағдай туғызады.Ендеше 12 жылдық мектеп оқушыларының әлеуметтік дамуына, болашақ мамандықтары бойынша қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбек нарығына бейімделулеріне, өз бәтінше өмір сүруге дайындықтарының артуына септеседі.
4-фактор. Оқу сапасын арттыру.12 жылдық білім беруге көшу күнделікті оқу жүктемесін төмендету есебінен жалпы орта білім берудің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.Білім сапасын арттыру оқу материалдарын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының талаптары деңгейіне сай меңгеруге, сырттай және іштей саралаудың тиімді тепе-теңдігін құруға кепілдік беретін педагогикалық жаңартпашыл оқыту технологияларын жетілдіру нәтижесінде жүзеге асады.
5-фактор. Отандық аттестаттардың шетелдерде танылуы жөніндегі әлемдік іс-тәжірибелер.
Еуропа кеңесі декларациясына (1992ж.)сәйкес 12 жылдық оқу мерзімінде білім беру халықаралық іс-тәжірибе ретіндегі әлемнің 216 мемлекетінде жүргізілуде. 12 жылдық білім жүйесіне ҚР-ның өтуі бәсекелесе алатындай түлектерді дайындауды,шетелдерде біздің аттестаттарымыздың танылуын қамтамасыз етеді.Бұл өз кезегінде халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюіне қазақстандық мектеп түлектерінің мемлекетаралық білім жобаларына белсенді қатысуларына мүмкіндік туғызады.
Біздің еліміздегі және басқа да көптеген елдердегі дәстүрлі білім беретін орта мектеп үш сатылы негізде құрылған: бастауыш, негізгі, толық. Жалпы білім беретін орта мектептің әрбір сатысының ортақ міндеттерін шешуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты өзіндік функциялары бар. Олар ең алдымен базалық оқу курстарының жиынынан және базалық негізі мен оқушылар таңдаған сабақтардың арақатынасынан көрініс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет