І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ



бет19/94
Дата15.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#139606
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   94
Байланысты:
Лекция 23

Өзін-өзі қадағалау әдісі басқа адамдармен қарым-қатынас жасаған, өзін сабырлы ұстай білуге, басқалардың кемшіліктеріне кешірімді, қателіктеріне шыдамды болуға көмектеседі. Өзін-өзі қадағалау әдісі қиын жағдайларда ыза мен ашуға жол бермей ұстамды болуға көмектеседі. Адам үшін өз сезімдерін басқарып, оны уақытында тежей алу арнайы жаттығуды қажет ететін күрделі психикалық үрдіс. Адамдармен қарым-қатынас барысында өзін-өзі қадағалап тұра алуына мысал ретінде ұстаздардың ұстамдылығын, шыдымдылығын, төзімділігін, толеранттылығын келтіруге болады.
Өзіне-өзі бұйрық беру әдісі адамды жақсы жаққа жетелеп отырады. Бұл әдіс көбінесе адам бір нәрсеге өзін-өзі сендіріп, бір нәрсені істеу қажет екеніне түсінгеннен кейін қолданылады. Бұл әдіс адамның өзіне-өзі қатал, табанды түрде талап қоя алуына байланысты кездеседі. Адам өзіне бұйырық беріп оны бір рет орындай алса, келесі жолы сондай бұйырықты орындау жеңілірек болып, көп қайталана бере әдетке айналады. Адам бұйырықты өзіне іштей береді, ол көмектеспесе оны дауысын шығарып қайта-қайта қайталауы керек. Өзіне-өзі бұйырық беру арқылы адам ерік-жігерін шыңдай түседі. Ал ерік-жігері күшті адам әрқашанда көздеген мақсатына, үлкен жетістіктерге жете алады.
Өзін-өзі иландыру адамның өзіне қажетті бір қасиеттерді қалыптастыруда жақсы көмектеседі. Адам қатты ауырғанда көңілін басқа нәрсеге бұрып, басқа іспен айналысып кетсе ауырғанын уақытша болсын ұмытады. Сенека айтқандай «ауыруды ойлай берсең ол ұлғая береді». Н.Островский, И.Кант, Б.Паскаль т.б. белгілі тұлғалар өз ауыруларына көп көңіл бөлмей, тек өздерінің сүйікті шығармашылық істерімен айналысып, адамзат тарихында өшпес іздерін қалдырған. Өзін-өзі иландыруға қарағанда өзіне-өзі бұйырық беру өзіне сын тұрғысынан қарауға бөгет жасамайды, керісінше, өзін жан-жақты бағалауға ықпал береді.
Өзін-өзі құптау. Көптеген жағдайларда адам өзінің өміріне сырттай көз салып жеткен жетістіктерін еске түсіргені жөн. Адамның өмірде қол жеткізген жетістіктері оның өз қабілеттерін бағалауға негіз болып, өз күшіне деген сенімін арттырады. Өзін-өзі кемсіте бермей, өз қабілеттеріне деген көзқарастарын өзгертіп, жақсы жақтарын асырып отыру адамды ынталандыра түседі. Адам таңертеңнен бастап өзіне ойша жағымды жаттығулар жасауына болады. Дейл Карнеги айтқандай «Дәл бүгін», «Дәл осы сәттен бастап» - деп адам өзіне жақсы мақсаттарды қойып соны орындауы керек. Мысалы, «дәл бүгін мен өзімнің денсаулығыма көңіл бөлемін, дәл бүгін мен біреуге бір жақсылық жасаймын, дәл бүгіннен бастап мен өзімді қолға аламын, өзімді тәрбиелеймін», «бұл менің қолымнан келеді» деп өзіне уәде беріп серттессе, ондай адамның іс-әрекеті оң нәтижесін күттірмейді.
Неміс педагогы А.Дистерверг «Өзін-өзі тәрбиелеу мұғалімнің барлық өмірінің негізгі міндеті» - деген. Әр адам өзіне не қажетті екенін өзі ғана біледі, ол өзіне өзі ғана жақсы көмек көрсете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет