І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


тақырып. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ



бет29/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   94
Байланысты:
² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà

6 тақырып. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ



  1. Педагогика ғылымының әдіснамасы.

  2. Педагогика әдіснамасының даму тарихы.

  3. Педагогикалық зерттеудің түрлері.

  4. Педгогикалық зерттеудің әдістері. Ғылыми – педагогикалық танымның эмпирикалық әдістері.



6.1. Педагогика ғылымының әдіснамасы. Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен анықталады. Ғылым-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әркашан бір-бірімен тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. Сондықтан әдіснама-зерттеу үдерісі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Теория-педагокикалық құбылыстардың, кез-келген әдіснаманың негізі болады және сол әдіснаманың көмегімен табылған фактілер негізінде кеңейеді. Теория-таным үдерісінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл - теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі. Таным теориясы тұтас танымдық іс-әрекет үдерісін және оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
М.А.Данилов педагогика әдіснамасының келесідей анықтамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі болып табылады».
В.В. Краевсий, М.А.Данилов ұсынған педагогика әдіснамасының анықтамасын қабылдай отырып, педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы болмысты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы білімдер жүйесі, сондай-ақ, арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі деп тұжырымдайды.
Заманауи анықтамаларға жақынырақ әдіснама мазмұнының анықтамасы В.И.Загвязинский берді: «Педагогикалық әдіснамасы - бұл педагогикалық білім туралы, оны меңгеру үдерісі, түсіндіру әдістері және оқыту мен тәрбиелеу жүйесін түрлендіру немесе жетілдіру үшін практикалық қолдану шарттары туралы білім».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет