І бөлім. Педагогикалық мамандықҚа кіріспе 1 тақырып. ҚАзіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық РӨЛІ


Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері



бет25/94
Дата19.06.2023
өлшемі311,53 Kb.
#102333
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   94
Байланысты:
² á ë³ì. Ïåäàãîãèêàëû ìàìàíäû à ê³ð³ñïå 1 òà ûðûï. Àç³ðã³ æà

Педагогика ғылымдарының қоғамның қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Педагогика ғылымының атақаратын қызметтері:

  • Тәрбие заңдылықтарын танып білу;

  • Озық педагогикалық тәжірибені талдау, жинақтау;

  • Іргелі, қолданбалы және практикаға бағытталған зерттеулерді ұйымдастыру;

  • Педагогика ғылымының ұғымдық категориялық – аппаратын анықтау және дамыту;

  • Оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын және әдістерін жетілдіру;

  • Жаңа тиімді педагогикалық технологияларды құрастыру;

  • Дипломнан кейінгі кәсіптік білім беру мәселелерімен айналысу;

  • Білім беру жүйесінде жоспарлау және экономика мәселелерін жетілдіру;

  • Білім беру жүйесіндегі реформалаудың тұжырымдамалық негіздерін анықтау.

Педагогика басқа ғылымдармен тығыз ынтымақтастықта дамыды. Ол үнемі өзінің ғылыми құрал-жабдықтарын , ғылыми логикасын басқа ғылымдардағы ғылыми аппартпен , әдіс – тәсілдермен салыстыруға мүмкіндігі болды. Педагогика нақты теориялық және қолданбалы жасалымдарға қажет жалпы ғылымилық негіздерді өңдеп , терең зерделеп отырды. Педагогиканың жалпы ғылымилық негіздері оның көп ғасырлық болмысында мәнді өзгерістерге ұшырады.
Педагогика – бұл білім және тәрбие беру әрекетінің түрлі жақтарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім және тәрбие беру туралы арнайы ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін , өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын бірден – бір ғылыми пән. Сонымен , педагогика білім және тәрбие беру туралы бірден-бір арнайы , кең ауқымды ғылымдар жүйесінің қатарына кіреді. Педагогика ғылымының саласы құрсақ тәрбиесінен бастау алады (С.Ғаббасов). Педагогиканың негізгі салалары: педагогика тарихы, этнопедагогика, халықтық педагогика, отбасы педагогикасы, әлеуметтік педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі тәрбие, тәрбие теориясы мен әдістемесі, мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіптік педагогика, қосымша білім беру, басқару педагогикасы, түзелту – еңбек педагогикасы, әскери педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, арнайы педагогика т.б. Арнайы педагогиканың өзі адамдардың денсаулықтарының кемістігіне бірнеше салаға бөлінеді: сурдопедагогика – саңырау, мылқау, керең адамдарға, тифлопедагогика – көру қабілеті нашар, соқыр адамдарға, олигофренпедагогика – ақыл есі кем адамдарға, логопедия – тілінің кемісі бар адамдарға тәрбие және білім берумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет