I деңгей «Артпедагогика» ұғымының сипаттамасы


Қуыршақ театры: Қуыршақ театрын көркем әдебиет сабағында жиі пайдаланамын. «Алдар Көсе мен Шығайбай» ертегісінде кейіпкерлерді рөлге бөліп балаларды ойнаттым



бет16/54
Дата24.12.2022
өлшемі125,41 Kb.
#59376
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
Байланысты:
арт сессия жауап Айша

Қуыршақ театры: Қуыршақ театрын көркем әдебиет сабағында жиі пайдаланамын. «Алдар Көсе мен Шығайбай» ертегісінде кейіпкерлерді рөлге бөліп балаларды ойнаттым.
Балалардың ой - өрісін сөздік қорын, ұлттық сана - сезімін дамытатын «қазақы бұрышымыз» бар. Мұндағы мақсатымыз балаларға ұлттық тәрбие беру. Ұлы ақын Абай Құнанбаев «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп ұлттық құндылықтарды жоғары бағалаған. Нәтижесінде, балалардың тілі, ой - өрісі, қиялы дамиды.
Ғылыми орталық: Балалардың табиғи ортаға деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға деген жауапкершілігін, туған жерге, қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыру мақсатында, тобымызда «Табиғат бұрышы» жасалынған.
Сәрсенбі, жұма күндері ұйымдастырылған іс - әрекетімізде көрсетілген «бақылау» бөлімі бойынша бөлме гүлдерін баптап, суарып, жақсы өсуіне көңіл бөлеміз. Нәтижесінде, балалар ұйымшылдықпен жұмыс жасайды. Балалар білуге, ойланып әрекет жасауға дағдыланады.
Әдеби орталық: Балабақшада балалар өздігінен оқи алмайтындықтан, әңгімелеп айтуға, көркем сөздермен таныстыру жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық ұстанымдарға негізделген. Осыған орай, біздің шағын орталығымызда осы жастағы балалардың тілін, ойын дамытатын кітаптар бұрышы жасалынған. Балалар өздігінен осы кітаптардағы суреттерге қарап қысқаша әңгімелер, жұмбақтар құрастырады. Нәтижесінде, баланың тілі жаттығып, танымдық қабілеті дамып, сөздік қоры толығады.
Қызықты математика орталығы: Математика ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде «Геометриялық пішіндер» тақырыбы бойынша босаған жұмыртқа қабығынан балапан бейнесін жасадық. Бұл кезде тышқан денесі жұмыртқа пішінді құйрығы кесіндіден жасалынды. Ұйымдастырылған іс - әрекет арасында сергіту сәті ретінде балаларды екіге бөліп, бірінші бөлігіне «моторика» әдісін, яғни саусақ бұлшық еттерін дамыту, саусағымызды демалдыру мақсатында балапан бейнесін жасайды. Ал екінші бөлігіне конфет қағаздары, түрлі - түсті қағаздарды умаждап алақанға жаттығу жасады. Ғалымдар мынадай заңдылықты алға тартады. Егер саусақтың қимыл - қозғалысы жас ерекшеліктеріне сәйкес болса, сонда ғана нәтижеге жетуге болады.
«Не білдік, не үйрендік?» білімпаздар сайысы.Барлық ұйымдастырған іс - әрекетімізде өткізілген жұмыстарымды қорытындылай келе «Толағай» тобында «Не білдік, не үйрендік?» атты білімпаздар сайысын өткіздім. Бұл сайыста балаларды екі топқа яғни, «Балапандар», «Қояндар» тобы деп бөлдім. Бұл сайысты өткізудегі мақсатым осыған дейін алған білімдерін тиянақтау, байқау, бақылау болды. Сайысымызды ауылға саяхат деп алдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет