Дамыту ортасын құра отырып, біз топтардағы балалардың ерекшеліктерін ескереміз. Жасы, даму деңгейі, білімділігі, қызығушылығы, қабілеті, құрамы т. б. Пәндік дамыту ортасын ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 1) Әрбір жас ерекшелігіндегі топтарда өз бетімен мақсатқа бағытталған белсенді іс - әрекетке жағдай жасалған (ойын, бейнелеу, сахналау) 2) Даму ортасындағы пәндердің жан-жақтылығы, топтың ішінде қажетті балаларға оның дамуына қажетті ықпал ететін материалдар ғана болуы тиіс. 3) Ұлдар мен қыздардың қызығушылығына сәйкес даму ортасы мазмұнды құрылған. 4) Дамыту ортасындағы пәндерін орналастыру және ұйымдастыру балалардың қажеттілігі мен жас ерекшеліктеріне сәйкестендірілген. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі үш қажеттілігі бар. Қозғалыста, қарым - қатынаста, танымдық. 5) Барлық жас ерекшелігіндегі топтарда демалуға жайлы орындар белгіленген. Біздің балабақшада мектепке дейінгі баланың дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Ұйымдастырылған іс - әрекет әрбір тәрбиешінің шығармашылық жұмысы. Тәрбиешінің кәсіби жұмысы қаншалықты жоғары болса, ол оқытып тәрбиелеген тәрбиеленуші де, соншалықты ақыл - ойы дамыған, сауатты болады. Көп іздену, дайындалу, қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білу тәрбиешінің негізгі мақсаты. Мен өзім жұмыс жасайтын «Толағай» ортаңғы тобында пайдаланған әдістер мен көрнекіліктерімді балалардың қиял - ойларының дамуына ықпал ететіндей етіп жасаймын. Пәндік дамыту ортасы мақсаттарды, міндеттерді және білім беру бағдарламасының мазмұнын іске асыруға мүмкіндік береді. Балалардың даму ортасы: 1. Сюжеттік - рөлдік ойындар ортасы 2. Қызықты математика орталығы 3. Ғылыми орта 4. Тіл шығармашылық орталығы 5. Әдеби орталық Ойын орталығы: Біздің балабақшада сюжетті - рөлдік ойындарға арналған бұрыш бар. Мұнда әр түрлі аңдардың, жан - жануарлардың бетперделері жинақталған. Мен бұл бұрыштағы заттарды көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарында пайдаландым. Нәтижесінде баланың ұйымдастырылған іс - әрекетке деген қызығушылығы оянды.