20)Артпедагогика білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы ғылым ретінде Шығармашылық қабілет дегеніміз не? Шығармашылық адам іс – әрекетінің түрі. Шығармашылық қабілеттердің дамуы, бүгінгі таңда негізгі нысана болып, ал оқушыда шығармашылық белгілерінің болмауы – үлкен мәселеге айналып, қазіргі таңда ойландыратын дүние. Өйткені, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу тек шығармашыл адамдардың қолынан келеді. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы жеттік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс – әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға беймідей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Қазіргі кезде мектептің алдына қойылып отырған басты талаптардың бірі – рухани дүниесі бай, жан – жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу. Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары, құралдарын анықтау ертеден зерттеліп келеді. Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау, ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсінуді талап етеді. Шығармашылық ұғымын «жалпы интеллектуалдық қабілет» деп қарастыруға болады. Қабілеттілік репродуктивті, шығармашылық деп екі салаға бөлінеді:
- Бірінші дәрежедегі қабілеті дамыған адам – білімді әрі жаңа жағдайды, іс – әрекетті тез қабылдайды, оны үлгі бойынша жүзеге асырады.
- Екінші дәрежедегі қабілеті дамыған адам – өзінің жеке іс – әрекетімен жаңалық ойлап табады, жаңаны қалыптастырады.
Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығуын қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы. Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығына, өзін – өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі. Оқушылардың белсенділігімен танымдық іс – әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту,осыған орай оқытуды жеке тұлғаны дайындау, оқуды ізгілендіру мектептің алдында тұрған үлкен міндет екені баршаға белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытуды жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн. Шығармашылыққа үйрету үшін мынандай жағдайларды ескерген жөн. Мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын оятып, олардың қабілетінің дамуына жол ашу, алғашқы уақыттан бастап – ақ әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескерек отырып, жұмыс істеу бағытын, жоспарларын жасау керек. Бастауыш сыныптардағы пәнаралық байланыстар арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту негізінде дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен – бірі байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен – бірі байланысты болады. Оқушының өз бомысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру – ол білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс.