I деңгей «Артпедагогика» ұғымының сипаттамасы


Кіші мектеп оқушыларын толеранттылыққа тәрбиелеудегі отбасының міндеттері



бет33/54
Дата24.12.2022
өлшемі125,41 Kb.
#59376
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
Байланысты:
арт сессия жауап Айша

20. Кіші мектеп оқушыларын толеранттылыққа тәрбиелеудегі отбасының міндеттері
“Толеранттылық” (лат. «tolerantia» - шыдам, төзім) терминіне шет тілдері сөздігінде екі мағынада түсініктеме беріледі: 1) бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау; 2) биологиялық, медициналық тұрғыда – иммундық реакцияның жартылай немесе толықтай болмауы, яғни организмнің ауруға қарсы тұратын антиденелер шығару қабілетінің болмауы. Ал педагогикалық сөздіктерде бұл ұғымға «қайсыбір жағымсыз факторға жауап әрекеттің болмауы не бәсеңсуі; оның әсеріне сезгіштіктің төмендеуінің нәтижесі» деген анықтама беріледі.
Толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс.Толеранттылыққа тәрбиелеу - ең бірінші отбасынан басталады. Отбасы жас ұрпақтарды жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауы. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта.
Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата-аналарды да ойландыратын ортақ мәселелер.
Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы және оның ұзақтылығы баланың психикасына ауыр әсер жасауын өмір сүру барысы дәлелдеп отыр. Қазіргі ғалымдар отбасындағы қарым-қатынасты ерлі зайыптылар арасындағы қарым-қатынас, орта буын мен аға буын арасындағы қарым-қатынас, әке-шеше мен бала арасындағы қарым-қатынас деп қарастырады.
Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ олар отбасында ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас түрлерін 4 түрге бөледі: диктат, опека, «араласпау» және ынтымақтастық.
- Диктат - деген қатынас ата-аналардың талабын, бұйрығын зорлық көрсетуін бірінші орынға қояды. Талап қоюды құрмет көрсетумен ұштастырмаған жағдайда бала тәрбиесіне зиян келтіретінін ескерткен А.С. Макаренко.
- Опека - диктатқа қарама қарсы-қатынас түрі, балаға шектен тыс қамқорлық көрсетіп еркіндік бермеу, қиындықтарды өз бетімен жеңуге үйретпеу, ол да бала тәрбиесіне зиянды.
- Араласпау - бұл қатынас түрі балалармен ата-аналар арасында эмоционалды жылылық тудырмайды, себебі талап, тәртіп нормалары іске аспайды.
-Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, балаға деген сүйіспеншілік, баланы түсіну, құрмет көрсету талап бірлігімен ұштасады. Мұндағы диктат, опека, «араласпау» интолеранттылықтың көрінісін байқататын ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас түрлері болса, ынтымақтастық керісінше толеранттылыққа тәрбиелеудің ең қолайлы қатынас түрі болып саналады.

Отбасы балаға адамдармен өзара әрекеттесуге қатысты маңызды тәжірибе береді, мұнда ол қарым-қатынас жасауға, басқаларды тыңдауға және олардың көзқарастарын сыйлауға, туған туысқандарына шыдамдылықпен қарауға үйренеді. Ата-ана – толеранттылықтың үлгісі бола білу керек. Толерантты мінез-құлықтың тәжірибесін меңгеру кезінде ата-анамен туыстардың берген үлгілері үлкен мәнге ие. Ең негізгісі бұл бала бойында толеранттылықтың қалыптасуына отбасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен туысқандар арасындағы әрекет жасау стилі жатады.


Педагог ата-ананы қайта тәрбиелей алмайды, бірақ ата-анамен бала арасындағы өзара қатынасқа әсер ете алады және де арнайы жұмыс негізінде баланың өзгелерге деген қатынасын түзетуге болады.
Бала бойында толеранттылықты қалыптастырудағы педагогтардың ата-аналармен жүргізілетін жұмыстары отбасы қарым-қатынасы мен отбасы ерекшеліктерін ескеру негізінде іске асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет