I деңгей «Артпедагогика» ұғымының сипаттамасы


) «Дидактика» ұғымын кеңейтіңіз



бет36/54
Дата24.12.2022
өлшемі125,41 Kb.
#59376
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54
26) «Дидактика» ұғымын кеңейтіңіз
Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didasko – оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді. Дидактика- білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Дидактиканың міндеті – білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика ежелгі Грекияда жас ұрпақты «оқыту-үйрету» тәжірибесінің негізінде пайда болды. Қайта өрлеу дәуірінде жалпы мәдениеттің, ғылымның дамуына, оқыту жүйесі мен тәлім-тәрбие ісін жаңаша құру міндетіне байланысты, педагогика ғылымының негізгі саласы болып қалыптасты. «Дидактика» терминін XVII ғасырда чех ғалымы Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика» (1657) деген зерттеуінде алғаш рет пайдаланды. Ол білім берудің мазмұнын, дидактикалық принциптер мен көрнекілікті, дәйектілікті және табиғатпен сәйкес келуді негіздеп, сабақ өткізу жүйесін ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан тұжырымдап берді. Коменскийдің дидактикалық идеялары XVIII–XIX ғасырлардағы швейцариялық педагог И.Г.Песталоцийдің, неміс ғалымы Ф.А.Дистервегтің, Ресейде К.Д. Ушинскийдің еңбектерінде одан әрі дамытылды.

27) Артпедагогиканы қолданудағы педагогикалық импровизация
Импровизация (лат. improvisus — кенеттен, тұтқиылдан), суырып салмалық – көркем туындыны орындау кезінде өнерпаздың аяқ астынан туындыға өз жанынан жаңалық қосып, оны орындауды жалғастырып әкетуі.
Импровизация поэзияда, музыкада, театрда, биде, т.б. кездеседі. Кәсіби өнердегі импровизацияның тууы, негізінен, халық шығармашылығымен тығыз байланысты. Ежелден-ақ көптеген халықтарда импровизацияның айрықша белгілерін көрсететін суырып салмашылар болған. Қазақ халқының ақын-жыраулары, шешендері, күйшілері, әншілері импровизацияның озық үлгісін көрсеткен.
Бұл термин шығармашылықтың барлық салаларында: кескіндеме және мүсін, музыка мен әдебиет, би, балет қойылымдары және опера бөлмелерінде кеңінен қолданылады. Жақында импровизация күнделікті өмірге көшіп, адам қызметінің барлық салаларының ажырамас бөлігі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет