I деңгей «Артпедагогика» ұғымының сипаттамасы



бет53/54
Дата24.12.2022
өлшемі125,41 Kb.
#59376
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
28. әр түрлі халық музыкасы
Қазақ халық музыкасы – қазақ ұлтының дәстүрлі музыкасы, қазақ фольклорының маңызды саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Оның эпикалық жанрлары:
жыр,
толғау,
терме,
желдірме,
лирикалық әндері,
айтыс өнері
Қазақ музыканың үлкен бір арнасы – қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері. Бұл үшеуінің де арнайы музыкалық қоры мол сақталған, сол себепті халық аспаптары ретінде танылады.
Орыс халық әні — ауыздан ауызға берілген,халық жадында сақталған орыс ауыз әдебиетіндегі фольклорлық шығарма.

Көбінесе халық әндерінің авторы белгісіз немесе мүлдем жоқ. Бірақ,әдеби бастау алған орыс халық әндері де кездеседі.Орыс халық әндерінің маңызды ерекшелігі —халықтың қарапайым өмірі мен еңбегімен байланысы(мысалы,еңбектік әндер,еңбек етудің көптеген түрлерімен бірге жүретін—бурлактық әндер,шөп шабындық әндер және т.б.,салттық әндер,отбасылық және шаруашылық салттармен бірге жүретін—колядкалар,масленицалық,веснянкалар,үйлену,ойындық және т.б.)


29Сәндік-қолданбалы өнерінің өзіндік ерекшелігі
Сәндік – қолданбалы өнерді мектеп тәрбиесінде пайдалану мәселесі, педагогикалық тәжірибелер мазмұнында, өзекті мәселелер ретінде қарастырылып келді. Өйткені, сәндік – қолданбалы өнердің табиғаты, әсіресе халықтық дәстүрлі қолөнердің туындылары, оқушылардың адамзат қолынан шыққан көркемдік мұраларға, ұлттық мәдени дәстүрлерге деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуде қоғамдық мәндегі талғам өрісін қалыптастыруда мүмкіндігі өте үлкен.
Халқымыздың өзіне тән нақышты да айшықты қолтума өнерінің табиғаты Қазақстан ғалымдарының (Ә. Марғұлан, Х. Арғынбаев, Қ. Ақышев, Т.Бейсенов, Ә.Жәнібеков, С.Қасиманов) еңбектерінде, әрі бұл өнердің қазақ тұрғысындағы және ұрпақ тәрбиелеудегі құнды пікірлер, ертеде Қазақстан жерін аралаған М.Поло, П.Паллас, А.Вамбери, В.Радлов, А.Янушкович, А.Левшин сияқты шетел саяхатшыларының жол жазбалары мен естеліктерінде көрініс тапқан.
Мектептегі бейнелеу өнері сабағында оқушыларға қолөнер арқылы жан – жақты эстетикалық тәрбие беру, оларды баулу, адамзат қоғамында бұрын – соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге мүмкіндік беріп, әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелейді.
Заман талабына сай мектепте сәндік қолданбалы өнерге, көнеден келе жатқан қолөнерге үйрету бүгінгі таңда үлкен мәселелердің бірі болып отырғандықтан, мектеп бағдарламасына сәндік қолданбалы өнер енгізіліп отыр.
Көне заманнан бүгінге дейін тұрмыс - дәстүрімен тығыз қайнасып, өмір сүріп келе жатқан өнердің бір түрі – сәндік-қолданбалы өнер түрі. Сәндік – қолданбалы өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнері тәрізді классикалық өнердің үлкен бір ауқымды саласы ретінде болды, тұрмысқа қажетті көркем дүние өндіруіне қарай сән және қосалқы өнер немесе сәндік - қолданбалы өнер болып бөлінеді.
Тарихи деректерге сүйенсек, сақтар кезеңінде ағашқа бедерлеп мүсіндеу өнері кең етек алғаны, ағаштан ойып жасалған шағын мүсіндер мен ер – тұрман әбзелдерін көркемдеп, ағаш табыттарды безендірген. Мысалы, «қошқар мүйіз» өрнегінің мәнері кесе салғыш өрнегінде, кебеже, жастық ағаш өрнегінде т.б. көптеген көне дүние бұйымдарында сәндік – қолөнер бұйымдары өрнегімен ұштасып жатыр. Археологиялық материалдарға сүйенсек, сақтар дәуіріндегі бұл өнер мұраларын одан әрі дамытуда тұрмыста қолданылатын заттарды әшекейлеп, сәндік безендірумен қатар, өздерінің өмір тұрмысына байланысты суреттері, аңдар мен жануарлардың суреттерін түрлі тұтыну заттарының, тау жартастарының беттерінде бейнеленген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет