25. Қазақстанның көрнекті театр қайраткерлері
Қазақстан театр қайраткерлері одағы – қоғамдық-шығармашылық ұйымы
Театр қайраткерлерінің одағының негізгі міндеті - кәсіби театрлар мен әуесқой және халық театрлары ұжымдарының жан-жақты өсіп-өркендеуіне шығармашылық әрі материалдық жағынан көмек көрсету болып табылады. Әдетте одақ театртану, театр сыны, актер, режиссер шеберлігі, драматургия, театр ісін ұйымдастыру, жастар театры мен студиялары, т.б. сахналық өнерге қатысты бөлімдерді біріктіреді. Оның театр ұжымына қажетті киім-кешектер, бутафория мен жарнамалар жасап шығаратын өндірістік комбинат болады.[1]Алғашқы театр қайраткерлерінің одағы орыс актрисасы М.Г. Савинаның бастамасымен “Мұқтаж сахна қайраткерлеріне жәрдемдесу қоғамы” (қазіргі Бүкілресейлік театр қайраткерлері одағы) деген атпен 1883 жылы Санкт-Петербург қаласында өмірге келді. Бұдан кейін 20-ғасырдың ортасына қарай армян (1940), Әзірбайжан, украин (1944), грузин, латыш, өзбек пен эстон (1945), беларусь (1946), литван (1947), молдаван (1958), қырғыз (1961), тәжік (1971) пен түрікмен (1973) елдерінде театр қоғамы деген атпен құрылды.Бұрынғы Қазақ театр қоғамының (1962) негізінде 1986 жылы қазіргі Қазақстан театр қайраткерлері одағы ұйымдастырылды. Осы ұйымның бірнеше съездері (1962, 1966, 1971, 1976, 1981, 1986, 2004) өтті. Қазақстандағы театр қайраткерлерінің одағының тұңғыш төрағасы Р.Жаманова (1962 – 80), одан кейін Ә.Мәмбетов (1980 – 2004) және Е.Жуасбек (2004 жылдан) болды. 2009 жылдың қазан айынан бастап одақ төрағасы Қазақстанның халық артисі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, өнертану кандидаты, профессор Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов.Қазақстан театр қайраткерлерінің одағы пленумдар, конференциялар, шығармашылық кездесулер, спектакльдерді талқылау жиындарын және театр декорациясы көрмелерін, т.б. өткізіп тұрады.
26) Қазақстанның көрнекті кескіндеме шеберлері
Кескіндеме, кескіндеу өнері — бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.
Кескіндеменің пайдаланатын құралы - сәуле, бояу, рең.
Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді. Ол көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы эстетикалық ләззат береді. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймай, көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да Кескіндеменің қоғамдық-тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматта береді.
20 ғасырдың 20 – 30 жылдары 'Қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н.И. Крутильников, Ә.Қастеев, Ә.Ысмайылов, И.И. Савельев, Б.Сәрсенбаев, Қ.Қожықов, т.б.) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды.
кескіндеме саласында да жоғары шеберлікке жеткен Шоқан Уәлиханов атамызды айтсақ болады (“Алатау көрінісі”, “Жатақ”).
27) Қазақтың халық музыкасы
Қазақ халық музыкасы – қазақ ұлтының дәстүрлі музыкасы, қазақ фольклорының маңызды саласы.
Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Оның эпикалық жанрлары:
• жыр,
• толғау,
• терме,
• желдірме,
• лирикалық әндері,
• айтыс өнері,
Қазақ музыкалық аспаптары — халық арасында кең тараған музыкалық аспаптар. Олар ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Қазақ музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі бар. Мұның аттарын халқымыздың жыр-аңыздары мен дастандарынан,15-19 ғасырдағы орыс және шет ел саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектерінен кездестіруге болады. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден,малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыкалық аспаптар төрт топқа бөлінеді:
шертпелі,
үрлемелі,
ұрмалы,
сілкімелі.
Шертпелі екі түрге бөлінеді: қолмен және ысқышпен. Қолмен: домбыра және шертер, ысқышпен: қобыз.
Үрлемелі: сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз.
Ұрмалы: дауылпаз және даңғара.
Сілкімелі: асатаяқ және сылдырмақ жатады
Достарыңызбен бөлісу: |