I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы



бет2/48
Дата18.12.2023
өлшемі270,28 Kb.
#140611
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдісн-emirsaba.org (1)

3. Ғылым, ғылымтану, таным ұғымдары.


Ғылым ерекше әлеуметтік инстиут және танымдық қызметтің ерекше формасы ретінде ХҮ-ХҮІ ғасырларда пайда болып, қайта өрлеу дәуірінде пайда болған.


Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білім қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты: ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру» делінген.


А.Құсайынов «Салыстырмалы педагогика» оқу құралында «Ғылым - ақиқаттағы қоғамдық тәжірбиемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімнің логикалық жүйесі» делінген.
А.Құсайынов «Салыстырмалы педагогика» оқу құралында «Ғылым - ақиқаттағы қоғамдық тәжірбиемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімнің логикалық жүйесі» делінген.

Ғылымтану ең алдымен таным теориясымен тікелей байланысты болып келеді. Таным – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін болжамдар мен теорияларда құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.
«Таным» педагогикалық сөздікте қоғамдық тарихи практика дамуында әлем туралы жаңа білім нәтижесінде адам ойлауында ақиқаттың бейнеленуі және қайта жаңғыру процесі.
Ұғым дегеніміз логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Ойлау ұғымдар туғызу және оларды жүйеге келтіру, өмірде пайдалану және заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнеленуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет