13. Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі, мазмұны Зерттеу тақырыбының негіздемесін ашып көрсететін “көкейкестілік”, “зерттеудің көкейкестілігі”, “зерттеудің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері”, “көкейкестілікті анықтайтын әдістер” және т.б. түсініктер бар. Көкейкесті деген сөз: 1) осы сәтке өте маңызды: Көкейкесті тақырып; 2) “Болмыста көрініс табатын, өмір сүруші” деген мағынаны білдіреді.
Педагогикалық әдебиетте зерттеудің көкейкестілігі – ғылыми зерттеулердің сапасын бағалау өлшемі. Ол қазіргі уақыттағы ғылым және практиканың ұсыныстары мен ғылыми идеяларға, практикалық нұсқауларға деген сұраныс арасындағы алшақтық дәрежесін көрсетеді.
Көкейкестілік өлшемі оқыту және тәрбиелеудің теориясы мен практикасын ары қарай дамыту мәселесін зерделеп, шешудің қажеттігі мен уақытысын нұсқайды, қоғамдық қажеттіліктер мен оны қанағаттандыратын құралдар арасындағы қайшылықтарды сипаттайды. Әдіснамашылар ғылыми бағыттың өзектілігін дәлелдемелердің күрделі жүйесіне мұқтаж емес деп есептейді. Ғылымтануда бағыт – даму жолы; ғылыми ағым, топ, ғылыми мектеп; ортақ мақсатпен, дүниетанымының бірлігімен, зерттеу әдісімен біріккен жұмыстар тобы.
Зерттеудің өзектілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру.
Зерттеудің мақсаты – зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.
14. Педагогикалық зерттеу логикасы Проблеманы анықтау - зерттеу логикасын іске асырады. Зерттелетін проблема нәтижелі болу үшін педагогикада және онымен шектес ғылым салаларында зерттелейін деген мәселе белгілі деңгейде зерттелген болуы тиіс.Практика мен өмірдің қажеттілігін, бұрынғы зерттеушілердің зерттеулерін талдау, нақты зерттеу мақсатын қою, проблеманы анықтауға көмектеседі. Проблеманың құндылығын практика анықтайды. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық проблеманы анықтай білудің мәні орасан зор. Зерттеу жұмысының логикасы және құрылымы – зерттеудің көкейтестілігі, қарама-қайшылығы, зерттеу проблемасы,зерттеу мақсаты, обьектісі, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеудің әдіснамалық негізі, зерттеу көздері, әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және өндіру, зерттеу базасы. Зерттеу логикасы:
1. Тақырыпты, өзекті мәселені, мақсатты, объектіні, пәнді, зерттеу міндеттерін анықтау.
2. Зерттеу жоспарын құру және жоспардың бірінші нұсқасы бойынша орындалуы.
3. Зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттердің тізімін құру.
4. Зерттеудің жалпы әдістемесін және әдістерін, базасын белгілеу.
5. Теориясын және тарихын зерттеу, негізгі ғылыми терминдерді талдау.
6. Осы проблеманың практикадағы тәжіріибесін зерттеу.
7. Анықтайтын материалдар жинау.
8. Алынған нәтижені талдау және жинақтау және болжам негізінде құру.
9. Болжамды тексеру әдістемесін құру.
10. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу пилотный (алдын ала тексеру) және қалыптастыру эксперименті, тәжірибелік жұмыстар.
11. Бақылау сөздерін жұргізіу
12. Алынған нәтижені талдау және жалпылау, зерттеліп отырған проблеманы теориялық негіздеу.
13. Практикалық нұсқауды ұсыну.
14. Жұмысты безендіру және әдебиетті редакциялау.