Әңгімелесу— пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда колданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Әңгімелесу окушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі. Әңгімелесу кезінде оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру аркылы оку материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі окушыларға эмоциялык, эстетикалык әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты.
11. Блум таксономиясының төменгі және жоғарғы ойлау деңгейіндегі сұрақтар мен тапсырмаларды құрастыру әдістемесі. Блум жүйесі арқылы уақытты тиімді пайдалана отырып қолдануға және сапалы білім мен
оқушылардың өзін-өзі бағалауға қол жеткізуіне мүмкіндік туады.
ойлау деңгейлері мен көрсетіледі.
1. Білу 2. Түсіну 3. Қолдану 4. Талдау 5. Жинақтау 6. Бағалау Білу - таным мен ойлау деңгейі – төменгі деңгей. Бұл деңгей мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi. Мысалы, биологиялық терминдерді әр сабақ сайын қайталап отыру немесе өткен сабақты еске түсіру.
Түсіну -таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау, болжам жасату. Жаңа материалды түсінуін қамтамасыз ету. Жаңа сабақ түсіндіріліп болғаннан кейін оқушылардың қалай меңгергендігін анықтау кезеңі.
Қолдану - таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. Бұл деңгей оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан өмірде қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек иг еруді талап етеді.
Талдау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл деңгей оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Жинақтау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалындағы жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау. Ойын жинақтап, проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды.
Бағалау - таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғыларының оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді. Материалдың өзі үшін керектісін, құндылығын анықтау, пайымдауға бағыт беру, идеялар алмасу, өзіне керектісін таңдау.