19.Библиографиялық картаны құрастырудың әдістемесі
Кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі.
Бұл пайдалы және өте қол жетімді жүйені, оның арзан екендігін ескере отырып, бүкіл әлемде кеңінен қолданылған швед ғалымы Карл Линней 1760 жылы ойлап тапты.
Библиография термині қоғамдық өмірдің дамуына қарай өзгеруі
• Кітап сипаттау
• Кітап көрсеткіштері мен тізімдер құрастыру
Библиография- библиографиялық құрал
Библиография -ғылым.
Библиографиялық карталардың ең көп таралған мөлшері - 3 дюймнан 5 дюймға дейін (76,2 - 127 мм). Басқа қол жетімді өлшемдерге 4-тен 6 дюймға (101,6-дан 152,4 мм), 5-тен 8 дюймге (127-тен 203,2 мм) қойынды және A7 өлшемі (2,9-ден 4,1 дюймге немесе 74-тен 105-ке дейін) кіреді. мм).
Библиографиялық карталар қызыл сызықпен және бірнеше көк жолдармен басылған ақ карточкаларда жасалуы керек.
1- Автордың фамилиясын, содан кейін үтір мен жалғыз атты жазыңыз. Егер бірнеше автор болса, басқа авторларды қосыңыз немесе латын сөз тіркесін қосыңыз т.б.
2- Содан кейін жариялау күнін жазыңыз.
3- Келесі жолға мақаланың немесе кітаптың тақырыбын жазыңыз. Егер дереккөзде автор болмаса, оны тақырыптан бастаңыз. Кітаптың атауын оңай анықтау үшін оның астын сызу керек.
4- Келесі жолға басылымның қаласын, содан кейін үтір мен кітаптың баспасын немесе мақала жарияланған журналдың атын жазыңыз.
20. Ғылыми мақала жазудың әдістемесі
Жиі басылатын жарияланымдар арасынан ғылыми мақаланы атауға болады. Бұл шағын ғана, көлемі 5-8 бет машинкамен басылған кезең аралық нәтиже туралы хабарлама. Мақалада міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер болуы керек, себебі ол арқылы бұған дейін не болғанын және автор қандай жаңалық енгізгенін көрсетеді.
Мақала жазудың айтарлықтай қатаң тәртібі жоқ. Әркім өз түсінігінше, мүмкіндігінше жазады. Дегенмен, мақала баянадауының қалыпты бір рет – тәртібі бар екенін есте ұстап, жадыда сақтаған жөн.
Мақаланың аты жарияланым мазмұнын анық көрсетуі керек. Он сөзден артық ұзын ат беруге болмайды. Себебі мұндай ұзақ сөйлемді оқырман қабылдамайды, тым қысқа, да ат қоюға болмайды, себебі онда мазмұн айқындалмай қалады. Мақала әдетте алынған нәтижелерді қай салада қолдануға болатынын бірден ашып хабарлайды.
Келесі кезеңде мәселенің қазіргі жағдайын ашады. Қазір мәселе шешудегі бар тәсілдері немесе құрылғылар туралы ақпарат беріледі, қайсысы теорияда бар немесе жүзеге асты соны ажырата отыру керек. Шешімдерді баяндаған соң, қойылған міндеттерді шешуде олардың жағымды қасиеттері туралы шолу беріліп, осы шешімдерді кейбір жағдайда пайдалануға жол бермейтін кемшіліктерге сынды талдау жүргізіледі.
Мақалада міндет қойылады. Қолдағы бар құралдары мен туындаған мәселені шешу қиын немесе мүмкіндігі жоқ немесе көп қаржы шығыны кезедсетіні және т.б. айқындалады.
Ұсынылып отырған жаңа шешімге түсіндірме беріледі, оның қолданбалылығы мен өміршеңділігі дәлелденеді.
Егер жаңа құрылғы ұсынылып отырса, оның негізгі бөлшнктері мен қызметтері сипатталады. Егер жаңа технология ұсынылса, оның негізгі кезеңдері қызметтері мен олардың бірізділігі беріледі. Егер қажеті бар болса, негізгі формулалар мен есептемелер клтіріледі.
Мақалада негізгі қорытындылар баяндалады.: негізгі ғылыми жетістік туралы, ұсынылған жаңа идеяның жағымды тиімділігі, оны пайдаланудың негізгі саласы, оның болашақтағы берер пайдасы және келесі зерттеулердің жүргізілетін бағыттары. Ең соңында пайдаланылған әдебиеттің тізімі басылады. Ғылыми мақала- зерттеушінің әдеби өнімінің ең кең таралған нысаны болып табылады. Мақалалар ғылыми журналдарда, ғылыми немесе ғылыми-әдістемелік жинақтарда жарияланады.
Ғылыми мақалада қорытындыларды, ғылыми тұжырымдар мен ұсыныстарды баяндаудың үлкен мәні бар. Мақаланың бұл бөлігінде зерттеу нәтижелерінің негізгі астарларын қысқа да нұсқа беру және оларды педагогикалық практикада қолдану жолдарын көрсету қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |