I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы



бет15/48
Дата20.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#58393
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
Зерттеу жоспарын құру барысында мақсат-міндеттер негізінде тақырыпқа байланысты педагогикалық эксперимент ұйымдастырылып, экспериментті жүзеге асыру жоспары құрылады.
Зерттеу әдістерін анықтау. Зерттеу әдістемесі тақырыпқа байланысты бірнеше әдістерден тұрады. Жұмыс барысында зерттеу әдістерін дүрыс тандап және оны ғылыми тұрғыда ұйымдастыру керек. Зерттеу әдістерінің нәтижелерін өндеуден өткізу, талдау жасау, жұмысты қорытындылау қажет.
Болжамды тексеру. Жоспар бойынша эксперимент жүмысының нәтижесінен кейін бақылау эксперименті негізінде алдын-ала жасалынған ғылыми болжамның дәлдігі, айқындығы анықталады. Болжамның дұрыстығын зерттеу жұмысында мақсатқа жету деп түсіндіріледі.


30 Дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптар:
Дипломдық жұмыc бітірушілердің болашақ мамандығына және теоиялық, практикалық міндеттерді шешуге даярлығын көрсетеді. 
Дипломдық жұмыс орындауға қойылатын жалпы талаптар:
- мақсатқа бағыттылық;
- құрылымының анық болуы;
- материалды – логикалық бірізділікпен баяндау;
- зерттеу тереңділігі және сұрақтардың жан – жақты қарастырылуы;
- аргумент және фактілердің сенімділігі:
- ойдың ашық және нақты жүргізілуі;
- жұмыс нәтижесі
- ойын жеткізудің нақтылығы.
II-нұсқа - Денгей
1. Баланы психологиялық-педагогикалық тұрғыдан диагностикалаудың тұжырымдамалық картасын құрастыру
Диагностика- белгілі мазмұны мен күрделірек деңгейіне қарай қандай да бір әрекетке дайындық деңгейін анықтау процедурасы.
Педагогикалық диагностика – педагогикалық әрекетінің әлсіз және күшті жағын, қиындығын, оған баға беруге негіз болатын педагогтің кәсіби шеберлігін зерттеу әдістері мен амалдарының жүйесі. Педагогикалық диагностика - педагогтың жеке тұлғасын зерттеу нәтижесін талдау процесі және оның әрекетінің және қарым-қатынасын оңтайландыратын нұсқаулар береді.
Пед-қ диагностика – білім беру процесінде туындайтын диагностикалық мәселелерді шешу.
Психологиялық диагностика – баланың жеке тұлғасының дара ерекшелігін зерттеугде оқыту мен даму проблемаларының пайда болу себептерін, мүмкіндіктерін анықтау.
Педагогтың іс-әрекетінде балалардың жеке тұлғасын зерттеу негізгі орын алады. Бұл зерттеу әрбір баланың психикалық дамуын, қарқынын бақылауға, олардың жеке ерекшеліктері мен әлеуетті мүмкіндіктерін анықтауға, топпен жұмысты реттеуге және оқу-тәрбие процесін ғылыми негізде басқаруға мүмкіндік береді.балалардың жеке тұлғасын зерттеу жалпы және функциональдық дамуын, психикалық, еңбек және мінез-құлыө жағынан даму қиындықтьарын анықтау үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет