28. Дипломдық жұмысын орындауда ақпарат көздерімен жұмыс жасау әдістемесі
Студенттерге әдебиеттердің екі түрі: негізгі әдебиеттер және қосымша әдебиеттер таңдау ұсынылады. Негізгі әдебиеттерді жетекші беріп, оған негізгі тақырыпқы сәйкес оқулықтар, оқу-құралдары, құжаттар көрсетіледі. Ал қосымша әдебиеттерді студентің өзі таңдауы керек. Бұл үшін кітапханада каталогпен жұмыс істеп ізденуі қажет.
Қосымша әдебиеттерге журналдар, монография, брошюра, жинақтар жатады. Әдебиеттерді таңдауда арнаулы дәптер арнап, альфавит бойынша орналастыру қажет.
Негізгі әдебиетке Конференция материалдары,докторлық диссертация жатады.
29. Диплом жұмысын жазу әдістемесі
Дипломдық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді: Зерттеу тақырыбын таңдау, оның өзектілігін негіздеу, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, зерттеу нысанасын белгілеу, нысана туралы білімдерді игеру, мәселені көтеру, зерттеу пәнін анықтау, болжам жасау, зерттеу әдістерін анықтау, белгіленген жоспарды жүзеге асыру, болжамды тексеру, зерттелетін нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау, табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Зерттеу жұмысының негізгі тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Мақсат тақырыптың мазмұнын ашып көрсететіндей болу керек,ал міндеттер сол мақсатқа жету жолындағы бірнеше кезеңдерден өту жолын көрсетеді. Міндеттер әдетте 3-4 немесе 5-6 пунктен тұрады.
Зерттеу объектісі – педагогикалық құбылыс шеңберіндегі зерттелінетін мәселе. Бұл жерде негізгі сұрақ «кім?» және «не?» зерттелінетіні туралы болуы керек. Зерттеу нысанасының қызметі зерттелінетін құбылыс шеңберінде болады.
Зерттеу пәні, оны анықтау мәселелері, эксперимент жүргізу, мәселені анықтаумен тікелей байланысты.
Мәселені көтеру. Курстық және дипломдық жүмыстарды орындау барысында бір немесе бірнеше мәселе болуы мүмкін. Негізгі мәселені көтеріп, жан-жақты ашып беру зерттеу жұмысының құндылығы болып табылады.
Болжам жасау. Зерттеу пәнін алдын-ала белгілеп, «мынадай жұмыстарды жүргізгенде, осындай нәтижеге қол жеткізуге болады», - деп, алдын-ала болжам жасап айту.
Достарыңызбен бөлісу: |