I-денгей Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі. Педагогика әдіснамасы


Дипломдық жұмысын орындауда ақпарат көздерімен жұмыс жасау әдістемесі



бет35/48
Дата20.12.2022
өлшемі0,56 Mb.
#58393
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
Байланысты:
ғылыми емтихан жауаптары 2

28. Дипломдық жұмысын орындауда ақпарат көздерімен жұмыс жасау әдістемесі
Дипломдық жұмыстың маңызды бөлігі библиографияны іріктеу болып табылады. Библиографияда тақырып бойынша негізгі теориялық жұмыстар, орыс тіліне аударылған, сондай-ақ түпнұсқа тіліндегі монографиялық зерттеулер, статистикалық басылымдар болуы тиіс. Әдебиетті іріктеу дипломдық жұмыс тақырыбы таңдалғаннан кейін бірден жүргізіледі. Әдебиетті іріктеуді студент өздігінен жасайды. Дипломдық жұмысты жазу кезінде, қағида бойынша, мерзімдік баспаның арнайы басылымдарындағы жедел ақпарат және компьютер желісіндегі мәліметтер пайдалы болып табылады. Студент Интернет желісінің ресми сайттарының ақпараттық ресурстарын пайдалана алады. Тек Интернет желісі материалдарының негізінде ғана дипломдық жұмыс жазуға болмайды, мұндай жұмыс қорғауға қабылданбайды. Тақырып бойынша іріктелген әдебиеттердің тізімін ғылыми жетекшімен келісу қажет. • Дипломдық жұмыс үшін дереккөздерді алдын ала іріктеу сатысында практикалық мәліметтерді жинау мен талдау маңызды болып табылады. Қажетті нақты материалдарды жинауды студент нақты ұйымда қолданылатын ақпараттық мәліметтерді зерттеу жолымен, сондай-ақ тікелей бақылау, қажетті есептерді жүргізу, желі мәліметтерін талдау негізінде жүзеге асырады.


29. Диплом жұмысын жазу әдістемесі

Дипломдық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді: Зерттеу тақырыбын таңдау, оның өзектілігін негіздеу, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау, зерттеу нысанасын белгілеу, нысана туралы білімдерді игеру, мәселені көтеру, зерттеу пәнін анықтау, болжам жасау, зерттеу әдістерін анықтау, белгіленген жоспарды жүзеге асыру, болжамды тексеру, зерттелетін нысананы түсіну үшін мәселенің маңыздылығын анықтау, табылған шешімнің практикада қолданылуының мүмкіндіктерін анықтау.




30. Диплом жұмыстарына қойылатын талаптарының ерекшелігі

Дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптар:


Дипломдық жұмыc бітірушілердің болашақ мамандығына және теоиялық, практикалық міндеттерді шешуге даярлығын көрсетеді.
Дипломдық жұмыс орындауға қойылатын жалпы талаптар:
- мақсатқа бағыттылық;
- құрылымының анық болуы;
- материалды – логикалық бірізділікпен баяндау;
- зерттеу тереңділігі және сұрақтардың жан – жақты қарастырылуы;
- аргумент және фактілердің сенімділігі:
- ойдың ашық және нақты жүргізілуі;
- жұмыс нәтижесі
- ойын жеткізудің нақтылығы.
Дипломдық жұмыстын тақырыптары студенттердің болашақтағы мамандығына сәйкес болуы және көкейкесті, бүгінгі күн талабына сай болуы керек.
Студенттердің дипломдық жұмыстың тақырыптарын еркін таңдауға құқылары бар. Көпшілік жағдайда дипломдық жұмыстардың тақырыптары курстық және басқа да ғылыми зерттеу жұмыстарының жалғасы болып табылады.
Дипломдық жұмысының тақырыбы, ғылыми жетекшісі және кеңес берушіні бекіту кафедра сұранысы бойынша факультет деканының бұйрығымен жүзеге асырылады. Тақырыпты бекіткен соң, студент ғылыми жетекшімен бірге отырып, оны орындау жоспарын қарастырады. Оған ғылыми жетекшісі және студент өз қолдарын қояды, соңында кафедра меңгерушісі бекітеді.

Курстық және дипломдық жүмыстарға қойылатын негізгі талаптар: Курстық жұмыстың негізгі көлемі 25 бет, ал дипломдық жұмыс 60-90 бет аралығы болуы тиіс. Бет саны компьютер басылымымен есептелінеді. Негізгі мәтінге жоспары, әдебиеттер тізімі, қосымшылар кірмейді. Дипломдық жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттер саны 25-тен кем болмауға тиіс.


Әдебиеттерге ғылыми еңбектер жинағы, монография, конференция материалдары, газеттер мен журналдағы басылымдар кандидаттық және докторлық диссертациялар және олардың авторефераттары жатады. Курстық және дипломдық жүмыс графикке байланысты кезең бойынша орындалады. Студент жұмыстың орындалу барысы туралы әр кезең бойынша жетекшіге есеп беріп, одан кеңес алып отырады.
Дайын жұмыс рецензияға толық безендіріліп, компьютерге басылған, түптелген кафедраның графигіне сай беріледі. Қорғауға дейінгі 7 (жеті) күннен кешіктірмеу керек.
Жұмыстың жобасы дайын болғанда алдын-ала қорғаудан өтеді. Қорғау комиссия мүшелерінің қатысуымен өтеді. Курстық немесе дипломдық жұмысты қорғау кезінде ғылыми жетекшісінің берген пікірі мен тәжірибе жүргізген білім беру ұйымының пікірі ескеріле отырып, комиссия мүшелерінің шешімімен бағаланады.

Дипломдық жұмысының құрылымдық элементіне мыналар жатады:


1) сыртқы беті;
2) дипломдық жұмысты орындауға тапсырма;
3) мазмұны;
4) кіріспе;
5) негізгі бөлім;
6) қорытынды;
7) пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
8) қосымшалар;
9) графикалық материалдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет