XVIII ғасырдағы жыраулар мен ақындар
поэзиясы
XVIII ғасырда әдеби өмір жандана түседі. Ғасырдың алғашқы ширегінде топандай басқан жоңғар шапқыншылығы және ақтабан шұбырынды, алмағайып кезең, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер бұл кездегі қазақ поэзиясының идеялық бағыт-бағдарына тақырып аясына айырықша ықпал етті. Ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығында ақын-жыраулар өнернамасында өзінің көркемдік шешімін табады.
Жоңғар басқыншыларына қарсы күрес сарыны әсіресе Ақтамберді, Үмбетей жырау, Тәтіқара ақын шығармаларынан айқын көрінеді. Ақтамберді өз толғауларында жау қолында қалған жерлерді азат етер күнді аңсайды, исі қазақ болып атқа қонуды, ойраттарға күресте күйрете соққы беруді армандайды, жұртшылықты ерліккке үндейді, жауға тайсалмай шабуға жігерлендіреді. Бұл жыраулары өнернамасындағы отанщылдық, потриодтық сарындар XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының бағыт-бағдарын, өзекті ойларын айқын танытады.
Асан Қайғы Сәбитұлы
Жоспар
Асан Қайғы туралы аңыздар.
Асан Қайғы толғауларының сипаты
Асан Қайғының өмір жолы
(Хасан Сәбитұлы)
Қазақ халқы өзінің өткен-кеткені туралы мәліметтерді көбінесе есіне сақтап, ауызекі атадан-балаға жеткізіп келген. Олардың біразы ертегі-аңызға да айналып кеткен. Әсіресе бұдан бірнеше ғасыр бұрын жасаған шешен-жыраулар туралы айтылатын аңыздарды ескермеуге болмайды. Мысалы: Сыпыра жырау, Асан Қайғы туралы аңыздар, біздіңше шындықтан онша алыс емес. Бұл тұста сол халық айтып жүрген аңыздар мен тарихи деректерді салыстыра зерттеп, Асан Қайғының творчествасын сөз етуді мақсат етіп отырмыз.
Қазақ әдебиеті төл басыларының бірі Асан Сәбитұлы.
Асан Қайғы есімі қазақ сахарасының қай түкпірінде болмасын мәшһұр.
Асан – аты аңызға айналып кеткен, даңқты адам, өз кезінің ірі қоғам қайраткері әрі шешені әрі биі, әрі ойлы-сырлы жырауы. Ол халыққа белгілі ойшыл, шешен, биі. Асанның үрімбұтағы, өмір деректері халық аңыздарында айтып берілген.
Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы 1361 ж және 1370 жылдар аралығында Еділ бойында туса керек.
Ал енді бір қолжазба деректерде Асан Қайғы Орманбет хан өлгеннен кейін сары ноғай, қара ноғай болып бөліне көшкенде тірі, 120 жаста екен. Ал Орманбет хан 1420- жылы өлген. Ноғайлардың бөлінуі бұдан біраз кейін 1420- жылдар шамасы. Олай болса Асан 1330- жылдары дүниеге келген. Орманбеттен кейін сары ноғайлар Еділде қалып, қара ноғайлар Қазтуған батыр мен Асанның тұңғыш ұлы Абат батыр бастап, жылы жақты бетке алып, Қаратауға көшіп келеді. Жолда көп қиындық көреді, Шерқұты бастаған бір топ ел айшылық жолдан кері қайтып кетеді. Осы кезде Асан әбден қартайып, көшбасылық ісінен қалған адам. Осы тұста айтқан бір толғауында ол Қазтуған мен Абатқа алған беттен кері қайтпа деп ақыл береді. Өзінің қалжырап біткенін хабарлап, бақұлдасқандай болады.
Достарыңызбен бөлісу: |