І дәріс Қазақ Хандығы дәуіріндегі әдебиетке қысқаша шолу Жоспар


Қазтуған жыраудың қысқаша өмірі



бет7/16
Дата20.04.2023
өлшемі249 Kb.
#84792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
ҚХДӘ дәріс

Қазтуған жыраудың қысқаша өмірі
Қазтуған XV ғасырда өмір сүрген қазақ әдебиетінің төл басыларының бірі. Жорықшы жырау, әскер басы. Ол нәралған әдебиет “ежелгі түркі дәуіріндегі көшпенділер поэзиясы”. Кетбұға, Сыпыра жыраулардың толғаулары. Оны халық “Қарға бойлы Қазтуған” деп атаған. Қазтуған – ноғайлы дәуірінің перзенті. Қазтуған – Каспий алқабы, Бөкей жеріне қарасты Еділ мен Жайық арасы, яғни қазіргі Орал облысының Жалпақ тал мен Жәнібек ауылына қарасты жерде дүниеге келеді. «Онымыз тұрып оқ атсақ онсан қалмақ бүлінген» деген өлең жолдарынан оның тоғыз батыр ұлы болғанын аңғару аса қиын емес.
Қазтуған толғауларының идеялық мазмұны
Қазтуғанның бізге жеткен санаулы өлеңі бар. «Мадақ жыры», «Белгілі биік көксеңгір», «Алаң да алаң, алаң жұрт»- деп тебірене жырлаумен қатар, туған жерге деген сезімі, терең махаббаты сезіледі, оған деген сүйіспеншілігі ерекше бөлек.
Қазтуған толғауларының құрылысы
Қазтуған өлеңдері 7 – 8 буынды болып келеді. Егіз ұйқас, шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқасқа құрылған.
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақ ала ордам қонған жұрт. (Егіз ұйқас)
Қазтуған өлеңдері ырғақты, күшті поэзия. Дауысты “А” дыбысымен қатар қолданып, тыңдаушыға әсерлі, жұғымды.
Қазтуған толғауларының ерекшелігі
Өзіне тән теңеу, метафораларды қолданған:
Боташығы бұзаудай.
Боз сазаны тоқтыдай.
Адам тұлғасын жасауда жыраудың қабылеті жетерлік. Батыр бейнесін, өз басының суреті айқын, реалистік көзқараспен көрсетілген.
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Ақынға тән қолданыс пен көркемдік тәсілдер де көп.
Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас.
Қазтуған заманының жаны пәк, толық қанды көркемсөз үлгісін өз поэзиясы арқылы бізге жеткізген әйгілі жырау.
Қазтуған шығармаларының зерттелуі
Қазтуған шығармаларын жинау, реттеу, бастыру ісі өткен ғасырдың аяқ кезінде қолға алына бастады. Н. Аристов, Г. Потанин сияқты ғалымдар Қазтуған мұрасын зерттеуге сүбелі үлестер қосты. Қазақ ғалымдарынан М. Мағауин Қазтуған мұрасын тереңдете зерттеумен қатар, өзі құрастырған Қазақ Хандық дәуір әдебиетіне арнаулы бағыттар енгізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет