Ең басты назарда оқушылар тұрады. Олардың әр түрлі шығармашылық қабілетін дамыту көзделеді.
Білім беру процесі оқу пән логикасына негізделмейді керісінше оқушының өзіне тән әрекетінің логикасына негізделеді. Осының өзі оқушының оқуға деген мотивациясын дамытады.
Жоба негізінде жекеше жұмыс істеу әр оқушының өзіндік дамуының деңгейіне көтерілуге мүмкіндік береді.
Оқу жобаларын құруға кешенді түрде келу оқушылардың физиологиялық, психикалық дамуын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Базалық білім деңгейін терең және саналы меңгеру әр түрлі жағдайда оларды әмбебап қолдануға байланысты.
Мұғалім мен оқушының әрекеттесу жүйесі оқушы мен мұғалімнің әрекет жүйесін анықтау мақсатында алдымен жобаның кезеңдерін анықтап алу керек. Қазіргі кезде жобаны құрудың келесі кезеңдері қолданыс тауып отыр.
Кезеңдері
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
1.1 жобаның тақырыбын талдау
|
Мүмкін болатын тақырыптарды таңдап алып, оқушыға ұсыну
|
Алдымен талқылайды, тақырып бойынша бір шешімге келеді.
|
|
Мұғалім оқушыларға жоба тақырыбын бірлесе отырып, таңдауды ұсынады.
|
Оқушылар тобы мұғаліммен бірлесіп тақырып таңдап, сыныпқа талдауға ұсынады.
|
|
Мұғалім тақырыпты талқылаған кезде қатысады.
|
Өз бетімен тақырыпты талдап алып, сыныпқа талқылау үшін ұсынады.
|
1.2 жоба тақырыбын тақырыпшаларға бөлу.
|
Алдын ала тақырыптарды тақырыпшаларға бөліп, оқушыларға таңдауға ұсынады.
|
Әр оқушы өзіне тақырыпша таңдайды немесе өз нұсқасын ұсынады.
|
|
Оқушымен жобаның тақырыпшаларын талқылауға қатысады.
|
Тақырыпшаларды белсенді түрде талқылап, оның жаңа нұсқасын ұсынады. Әр бір оқушы өзіне тақырыпша таңдайды (өзіне роль таңдап алады).
|
1.3 шығармашылық топ қалыптастыру
|
Өздеріне нақты тақырыпша және әрекет түрлерін таңдап, алған әрекет түрлеріне байланысты бір топқа біріктіруге ұйымдастыру жұмысын жүргізеді.
|
Оқушылар өздерінің рольдері бойынша кіші топтарға бөледі.
|
1.4 материалды зерттеу жұмысына дайынду
|
Егер жоба көлемді болса мұғалім алдын ала ізденгіштік әрекетті жүзеге асыру үшін және әдеби шолу жасау үшін тапсырмалар мен сұрақтар құрастырады.
|
Кейбір жоғарғы және орта сынып оқушылары тапсырма құруда мұғаліммен бірге жұмыс істейді. Ал команда мүшелері іздеу жұмысын жүргізу үшін сұрақтарды сынып оқушылармен талқылайды.
|
1.5 жобалық әрекет нәтижесін белгілеу формасын анықтау
|
Мұғалім оқушымен бірге талқылауға қатысады.
|
Оқушылар топ ішінде зерттеу нәтижесінің қандай формада көрсетілетінін талқылайды (видео фильм, табиғи нысан, әдеби шолу т.б.)
|
2 жобаны құру
|
Кеңес береді, оқушылар жұмысын бақылап, олардың әрекетін ынталандырады.
|
Оқушылардың ізденгіш әрекеті ынталанады.
|
3 нәтижені өңдеу
|
Кеңес береді, оқушылар жұмысын бақылап, олардың әрекетін ынталандырады.
|
Алдымен топ ішінде содан кейін басқа топтармен бірлесе отырып нәтижені өңдейді.
|
4 презентация
|
Экспертизаны ұйымдастырады, эксперт бола алатын ата-ана т.б. шақырады.
|
Өз жұмыс нәтижесін баяндайды.
|
5 рефлексия
|
Өзінің педагогикалық ұйымдастыру әрекетін бағалайды, өзіндік әрекетін бағалайды.
|
Өз бағаларын және басқаларын ескере отырып рефлекцияны жүзеге асырады. Топтық рефлекция тиімді болады.
|