I химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері



бет4/88
Дата06.01.2022
өлшемі2,93 Mb.
#14759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88
Алғы сөз
Қазіргі кезеңде еліміздегі білім берудің мазмұнын жаңарту мәселесіне көңіл бөлініп, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастыруға бастау алатын жаңа мазмұндағы тұжырымдамалар мен заңдар, халықтың рухани, әлеуметтік дамуына, тілі мен тарихы, мәдениетінің өркендеуіне қолайлы мүмкіндіктер туындап отырғаны белгілі. қоюда.

Қоғамның ақпарат көлемінің барған сайын өсуі білім беру мазмұнын жаңартуды, оқытудың оңтайлы тәсілдері мен жаңаша оқыту технологиясын енгізуді, дәстүрлі оқыту үрдісін жаңа жағдайға бейімдеп, жинақталған тәжірибенің негізінде білім беру сапасын көтеруді талап етеді. Мұндай маңызды міндетті шешу оқу үрдісіндегі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін жетілдіруге, оқытуды тиімді ұйымдастыруға, шығармашылықпен жұмыс істеу бағытына, жаңашылдыққа т.б. байланысты. Демек, қазіргі қоғамға жан-жақты білімді, жоғары мәдениетті, өзгермелі жағдайда өз іс-әрекетін шығармашылықпен ұйымдастыра алатын жеке тұлға дайындау қажет.

Сондықтан ұсынылып отырған «Химияны оқыту әдістемесі» оқулығында мектептегі оқу жұмысын біліктілікпен, шығармашылықпен, ұйымдастыру және басқару мәселелері қарастырылған. Оқулық міндеті- педагогикалық мамандық студенттерін жаңашыл әдістемелік білімдер негізімен қаруландырып, білімдерін әдебиеттермен, ақпарат көздерімен өздігінен толықтыра білуге, оны шығармашылықпен белгілі педагогикалық жағдаяттарда қолдана білуге дағыдландыру.

Оқу бағдарламасына сай оқу әдістемесінің жалпы және жеке мәселелерінің теориялары мен студенттердің білімін бекітетін тәжірибелік жұмыстар, тест тапсырмалары берілген, бұл студенттердің ой өрісін кеңейтіп, жауапкершілігін арттырады деген ойдамыз.

Берілген оқу құралының жақсаруына бағытталған барлық ескертулерді авторлар үлкен алғыспен қабыл алады.

Авторлар






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет