1.3 Химияны оқытудың қазіргі заманғы технологиялары.
Жалпы сипаттамасы және іске асыру мүмкіндіктері
Негізгі түсініктер: технология, оқыту технологиясы, оқытудағы технологиялық тәсіл, оқыту технологиясының белгілері, жалпыланған педагогикалық технологиялар, оқыту технологиясының мәні, механизмі, мақсаты, белгілері. Модульді оқыту технологиясы, модуль, модульді бағдарлама, технологиялық карта. Жобалық оқыту, жобалық оқытудың шектеулері. Дебаттар тәсілімен оқыту. Кейс әдісімен оқыту.
Оқыту аумағы, оқушы бойындағы құзыреттілік жаңа технологияларға сәйкес, білім беру мазмұнына орай білім беру мекемесінің ерекшелігіне сай оқытушы мен білім алушының арасындағы ынтымақтастық типтеріне сай қалыптасады. Технологиялық тәсілде алдымен білім беру процесінде бағытталу мен меңгеруді жүзеге асыру керек. Осының өзі алға қойған мақсатқа жетуге мүмкіндік беріп, белгілі мөлшерде нәтижелі жұмыс атқарғанға жағдай жасайды.
Оқытудың технологиялық белгілері:
Оқытушы әрекеті мен оқушы әрекетіндегі тікелей байланысты әрекеттік сипат. Ынтымақтастық.
Оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдердің жиынтығы. Оқыту процесін ұйымдастыру және жобалау.
Оқушының жеке - дара дамуын мүмкін ететін білім алу потенциалын ашып көрсететін ыңғайлы шарттардың болуы.
Кез- келген оқыту технологиясы мақсатқа бағыныңқылықтан, ғылыми идеялардан, оқытушы мен оқушы әрекеттер жүйесінен, білім нәтижесін бағалау критерийлерінен құралады.
Оқытудың қазіргі кезеңгі технологиясы келесі позицияларды сипаттайды:
Оқыту технологиясы белгілі бір педагогикалық ой- толғау негізінде құралады. Оның негізі автордың әдіснамалық, философиялық көзқарастарына сүйенеді.
Қалай оқытамын? Қалай дамытамын? Қалай бағаланды?
Технологиялық әрекеттер тізбегі ондағы орындалатын операциялар, коммуникациялар алға қойған мақсатқа орай күтілетін нәтижеге байланысты қатаң құрылады.
Технологияның қызмет етуі оқытушы мен оқушының өзара байланысты әрекетін даралап, саралап оқыту принциптеріне орай адам факторы мен технологиялық мүмкіндіктерді мейлінше тиімді қолдануға негізделіп құрылады.
Педагогикалық технологияның кезең - кезеңімен жоспарлануы, рет- ретімен жүзеге асырылуы кез - келген басқа оқытушының ұйымдастырыуына мүмкіндік беріп, оқушының білімінің нәтижесін мейлінше мүмкін ету керек. Педагогикалық технологияның ең басты құрам бөлігі болып диагностикалық шаралар есептеледі. Олар өлшем бірліктерден, критерийлерден, көрсеткіштерден және іс- әрекет нәтижесін өлшеу құралдарынан тұрады.
Қазіргі кезеңдегі технологиялар:
Проблемалық оқыту.
Мақсаты: білім алушының танымдық белсенділігін, шығармашылық дербестігін дамытады.
Мәні: оқушылар алдында біртіндеп мақсатқа бағытталған танымдық міндеттерді қою. Оқушылар сол мәселені шешу барысында белсенді түрде білім негізін қабылдайды.
Концентрленген оқыту
Мақсаты: дидактикалық бірліктерді ірілендіріп беру. Адамның табиғи психологиялық қабылдау құрылымына жақындатып құру. Пәндерді сабақтарды блоктарға біріктіру арқылы тереңдетіп оқытуға негізделеді.
Механизмі: оқушыларды жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескере отырып оқыту.
Модульді оқыту
Мақсаты: оқытуды оқушының жеке қабілетіне базалық деңгейіне сәйкестендіріп иілімді етіп беруді қамтамасыз етеді.
Мәні: оқушының жеке жұмыс бағдарламасымен өз бетімен жұмысы, механизмі, проблемалық тәсіл, даралай оқыту.
Дамыта оқыту
Мақсаты: жеке тұлғаны дамыту оның қабілетін жетілдіру.
Мәні: оқу процесін адамның потенциялдық мүмкіндіктеріне бағыттап оны жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Оқушыларды әрекеттің әр түріне қызықтыра отырып бағыттау.
Дифференциялданған оқыту
Достарыңызбен бөлісу: |