И. И. Логвинов өз зерттеулерінде



бет3/6
Дата28.04.2023
өлшемі0,57 Mb.
#87809
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 такырып

Психологиялық дайындау

Психологиялық білімді жоғары дәрежеде меңгеру, психологиялық даярлықты жетілдіру тек оның студенттер үшін мәнді болуына тәуелді. Студенттер үшін психологиялық білімнің мәнділігін анықтау сауалнамасының қорытындысы бойынша алынған мәліметтерді қарастыралық.

  • Осы сауалнама бойынша алынған мәліметтер психологиялық білімнің субъектілік тұрғыдан мәнділігі, психология курстарының қабылдануы жайлы түйін жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, жоғары оқу орнында студенттердің көпшілігі психологиялық білімнің қажеттігін, оның маңызын бағалап, түсінетін көрінеді. Осы орайда, екіншіден, студенттер көбіне өмірдегі нақты жағдаяттармен байланысты психологияға аса ден қояды да, кәсіби бағыттағы психологиялық дайындық мәнісін аңғара бермейді. Демек, үшіншіден, жоғары оқу орнында психология пәнін оқыту кәсіби бағытта жеткілікті дәрежеде ұйымдастырылып, іске асырылмайды. Сол сияқты, төртіншіден, студенттердің кейбірі тұлғалық ерекшеліктерді дамытуға, жетілдіруге қатысты психология курстарының маңызын айқын сезіне алмайды. 

Іс-әрекеттің қажеттілік, мотивациялық құрамдары эмоциялық қатыспен бірге көрінетіні психология ғылымдарында белгілі. Сондықтан, студенттердің психологиялық дайындыққа деген қажеттіліктерін зерттеуде олардың алған білімдеріне қатысты эмоциялық кейіптерін анықтау керек деп санады. Мұнда К. Изардтың «Сараланған эмоциялар шкаласы» қолданылды. Нәтижесінде, студенттердің барлығы психология курсы бойынша оқу материалын меңгеру барысында басқа негативті эмоциялық кейіптерге қарағанда қызығу, қуаныш, таңдану сияқты позитивті эмоциялардың басым болатынын айқындап, жоғары бағалады.
Сонымен қатар, студенттердің психологиялық білімді қажетсінуін, оған қызығып, ден қоюын олардың тарапынан психологияға қатысты сұрақтардың туындауы арқылы да анықтауға болады. Бұл көрсеткіш студенттердің психологиялық дайындау процесінің субъектісі ретіндегі белсенділіктерін де көрсетеді. Нақтылы бір психикалық құбылыспен танысу барысында студенттердің бір жайттарды түсінбей қалып немесе терең білу мақсатымен сұрақ қоюы олардың психологиялық білімге зәрулігін танытады. Осы орайда қойылатын сұрақтар қандайда бір психологиялық мәліметтердің жеткіліксіз, қажеттілік, зәрулік жағдайының вербальді түрі әрі субъектілік мәнді аспектісі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет