Іс-әрекеттің мазмұнды моделінен туындайтын өзара байланысты элементтер жүйесі.
Жоғары білім беру мазмұны Болашақ маманның үздіксіз кәсіби-тұлғалық дамуын қамтамасыз етеді және үздіксіз білім беру мазмұнының элементі болып табылады.
Қазіргі жоғары білім беру мазмұны төмендегі компоненттерден құралған жүйе базалық жоғары білім беру
жалпы (толық емес) жоғары білім беру деңгейі
толық жоғары білім беру
Мазмұн жүйесінің құрылымы:
мазмұн педагогикалық әрекеттің әлеуметтік тәжірибе түріндегі жалпылама көрінісі;
жобаланған мазмұнды әрбір студент меңгереді, яғни студент тұлғасы құрылымының бір бөлімі.
жобаланған мазмұн оқытушы мен студенттің бірлескен әрекеті, яғни оқыту процесіндегі педагогикалық шындық;
мазмұн кең көлемде жеке дидактикалық қызмет атқаратын оқу пәні;
мазмұн жақын пәндер бойынша оқыту курсына енетін білім және әрекет тәсілдері жүйесінің пәндер модулі;
оқытудың кез келген сатысына оқу материалының көпөлшемді біртұтас дидактикалық тізбегі сәйкес келеді. Былайша айтқанда, педагогика тұрғысынан қарағанда біртұтас оқу пәндері құрылымының бірнеше түрінің жасалуы мүмкін болмақ. Олардың мазмұнының таралып дамуы мен дидактикалық тізбектері жүйелі түрде бір-бірімен байланыста болуы тиіс.
И.И. Логвинов өз зерттеулерінде
Педагогикалық білім мен ғылымның интеграциясын отандық білім беру процестерін жүйелі жаңғыртумен байланысты. Отандық ғалымдар қазіргі қоғам жағдайында тұлғаны дамытуға бағытталған зерттеушілік, аналитикалық және ұйымдастырушылық міндеттерді шешу проблемасына креативті тұрғыда қарайтын мұғалімдер дайындауды қамтамасыз ететін жоғары педагогикалық білім беру мәселелеріне ерекше назар аударып отыр.
Педагогикалық білім берудің нәтижесі ретінде жаңа тұрпатты тұлғаның қалыптасуын, педагог мәртбесін арттыруды, жұмыс берушілердің кәсіби дайындық сапасына қанағаттануын атауға болады.
Қазіргі зертеулердің талдауы көрсеткендей, педагогикалық білім беру мәселесі мен педагогика саласындағы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру мәселесі жеке-жеке қарастырылады. Екі құбылысты біріктіруге деген ұмтылыстар өте аз болды.