И. И. Логвинов өз зерттеулерінде


Ғылыми зерттеу жүргізу қабілеті



бет2/6
Дата28.04.2023
өлшемі0,57 Mb.
#87809
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3 такырып

Ғылыми зерттеу жүргізу қабілеті

Жоғары мектептегі ғылыми қызмет: ғылыми мектептің рөлі, ғылыми зерттеулердің нәтижесін бағалау, студенттердің ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру және т.б. зерттеу обьектісіне айналды. Жоғары педагогикалық білім беру зерттеу обьектісі ретінде беделді ғалымдардың, сондай-ақ жас ғалымдардың да назарына ілігіп отыр, өйткені олардың барлығы, дұрысында, педагогикалық жоғары оқу орнының оқытушылары болып табылады. 

Педагогикалық жоғары оқу орнының жұмыс тәжірибесінің талдауы көрсеткендей, студенттерді ғылыми-педагогикалық шығармашылыққа қосу жүзеге асады:


педагогикалық пәндерді оқыту процесінде зерттеушілікті талап ететін тапсырмалар қолдану;

студенттерге педагогикалық зерттеулер әдістерін оқыту («Психологиялық- педагогикалық зерттеулер әдіснамасы мен әдістері» курсын енгізу);

студенттерді білім беру проблемаларын зерттеуге тарту (студенттердің зерттеу объектісі - жоғарғы мектептегі педагогикалық процесс).

Ғылыми ұжым қалыптастыру мақсаты

А. Маслоу «ақиқатында ғылыми ұжым 9 адамнан кем емес құрамнан құралуы тиіс, олардың әрқайсысы ғылым функцияларының бірін атқарады» деп ұсыныс жасаған екен. Олай болса А. Маслоу ұсынған ғылым функцияларымен таныс болайық:


Проблеманы анықтау; интуитивті ізденіс, болжам жасау;
Тест жүргізу, тексеру, ұсынылған болжамды бекіту не жоққа шығару; оны түзету; жаңа болжам ұсыну, қайта тексеру, эксперименттеу:
Ұйымдастыру, құрылымын дайындау, теориясын құру; ең жоғары реттілікпен қорыту;
Тарихи білім мен тәжірибе жинау;
Технологиялық функция: ғылыми құралдарды, әдіснамаларын, техникасын дайындау және жетілдіру;
Әкімшілік, орындаушылық және ұйымдастырушылық функциялар;
Публицисттік, ағартушылық функциялар;
Утилитарлық, қолданбалы, практикалық функция;
Эмоционалды функциялар: ашылу қуанышы, бағалау, құрмет, атақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет