I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



бет364/367
Дата27.11.2023
өлшемі2,32 Mb.
#130358
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   367
Байланысты:
I. ?ûñ ?ò³ï, ê?ë³ìäåï ê?êòåì, æàð?ûðàï æàç êåëãåíäå, ø?ð?ûðàï æà

2-мәтін 

Ғибадатхана гректердің аңшылық кұдайы Артемиданың құрметіне б.з.д. VI-VII ғасырларда


Эфес жерінде салынған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі кұрылыс
әдістерінің бірі - ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны
соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар
да салына бастады. Алайда, Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің
заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Герострат деген біреу



340

түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір
Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын кұшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан
кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір береді. Сәулетші Дейнократтың
басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтағанмен, одан
сәл биіктеу болатын. Ғибадатхананың ауданы 110x55 метр, құрылысты қоршап тұрған
бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған.
Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді
түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі
картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан.
Қаладан қасиетті орынға қарай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұмыры ұзаққа
барған жоқ. III ғасырда, дәлірек айтсак, 263 жылы Кіші Азияға басып кірген гот тайпалары
ғибадатхананы қиратып кетеді. 1869 жылы ағылшын археологы Дж.Т.Вуд жүргізген қазба
жұмыстары кезінде ғибадатхана болған жерден тірек тақталар мен сарайға әкелінген біраз
нәрселер табылған.
3. Мәтінге кай тұжырым сай келеді?
1. Ескендір Зұлқарнайын ғибадатхананы өртеуге әмір береді.
2. Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар да
салынды.
3. Қазба жұмыстары кезінде ғибадатханаға қатысты заттар табылды.
A) Үшеуі де дұрыс
C) Үшеуі де бұрыс
E) Бірінші мен үшінші
B) Екінші мен үшінші
D) Бірінші мен екінші
4. Мәтіннің тақырыбы қандай?
A) Сәулетші Дейнократ C) Қазба жұмыстары E) Артемида ғибадатханасы
B) Апеллес суреттері D) Жаңа құрылыс
5. Ғибадатхана құрылысының жаңа үлгісі кімнің басшылығымен іске асты?
A) Апеллес
C) Дейнократ
E) Херсифрон
B) Скопас
D) Дж.Т.Вуд
6. Неліктен Герострат Артемида ғибадатханасына қастандық жасады?
A) Жаңасын тұрғызу үшін C) Біреудің қысымымен E) Шарасыздықтан
B) Атағын шығару үшін
D) Көреалмаушылықтан



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   367




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет