I. Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет444/542
Дата16.04.2022
өлшемі4,57 Mb.
#31208
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   542
Байланысты:
1560766279 (1)

3 -  мәтін 
Музыка  аспаптарында  орындалатын  шығармаларды  аспаптық  музыка  деп  атайды.  Қазақтың 
домбыра,  қобыз,  сыбызғы,  шертер  сияқты  ұлттық  музыкалық  аспаптарында  орындалатын 
әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй - 
бағдарлы  мазмұны  бар,  көркемдігі  жоғары  аспаптық  жанр.  Онда  табиғат  құбылыстары 
(«Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық 
мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), 
аңыз-ертегілер   («Мұңлық-Зарлық»,   «Қос   мүйізді   Ескендір»),   жеке   адамдар   («Байжұма», 
«Абыл»),  адам  сезімдері  («Қуаныш»,  «Сағыныш»)  және  т.б.  түрлі  оқиғалар  мен  құбылыстар 


271 
 
 
суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи 
күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі. 
Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII  ғасырдың соңында жоғары  деңгейге көтерілді. Бұл кезде 
Байжұма,  Баламайсан,  Есжан,  Байжігіт,  Ұзақ,  Боғда,  Махамбет  сияқты  күйшілердің  атағы 
халыққа кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына 
Құрманғазы,  Дәулеткерей,  Тәттімбет,  Тоқа,  Абыл,  Есір,  Ықылас,  Байсерке,  Қазанғап,  Сейтек, 
Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты. 
Домбыра  күйлері  орындалу  мәндері  мен  құрылымдылық  ерекшеліктеріне  қарай  төкпе  және 
шертпе  деп  аталатын  екі  үлкен  түрге  бөлінеді.  Төкпе  күйлер  тұрақты  екпін  мен  өлшемде 
орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады. 
Ежелгі  түркі  тектес  халықтарда  қобыз  күйлері  жыраулар  өнерінен  бастау  алады.  Бүл  өнерді 
дамьпуға  Кетбұға,  Кербала,  Айрауық,  Көккесене,  Ықылас  және  Жаппас  Қаламбаев,  Дәулет 
Мыкдыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан. 
7.  Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.  Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері 
2.  Күйлердің тақырыптары 
3.  Күйдің өрістеп дамуы 
4.  Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі 
5.  Күй - аспаптық жанр 
A)    4,3,1,5,2 
B)    1,5,2,4,3 
C)    3,1,5,2,4 
D)    2,4,3,1,5 
E) 5,2,4,3,1 
8.  XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер 
A) Ықылас, Айрауық B) Тәттімбет, Баламайсан 
C) Қазанғап, Дина D) Есжан, Байжігіт E) Махамбет, Даулеткерей 
9.  Ең көне музыкалық шығармаларды жегкізген аспап 
A)    Дауылпаз 
B)    Домбыра 
C)    Сырнай 
D)    Жетіген 
E) Қобыз 
10.  Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі 
A)  Психологиялық, батырлық күйлер 
B)  Арнау күйлер, лирикалық күйлер 
C)  Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер 
D)  Тартыс күйлер, саяси күйлер 
E)  Тарихи күйлер, эпостық күйлер 
11.  Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа 
A)    Домбыра әуені   B) 
Дауыс ырғагы C) Орындау мәнері 
D) Шертпе күй E)Қобыз күйі 
12.  Шертпе күйлері қалай орындалады? 
A)  Тұрақты екпінменсаусақтың ұшымен 
B)  Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен 
C)  Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен 
D)  Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен 
E)  Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет