272
Жамбыл облыстарында жақсы дамыған, Түйенің шығу тарихы. Түйелер - ірі табандылар
отрядының түйе тұқымдасына жататын ашатұяқты сүтқоректілердің бір түрі. Қолда өсірілетін
түйелердің арғы тегі - жабайы түйелер. Түйе бұдан 4-5 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Оның
екі туысы бар: бірі - түйе, екіншісі - лама. Түйелер - шөлге де,
қатты аязға да төзімді, күшті көлік
малы. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың
орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі.
Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бұл
жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді,
сірілі, түксіз тықыр жерлері болады, Түйе шөккен кезде сүйелді жсрлері ыстық құмның әсерін
сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап, шөгіп жата береді.
IV. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр
жерінде ұзын шудалы жүндері болады. Қүрғақ далалы, шөлейтті және шөлді аймақтарда
тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды. Айыр
өркешті түйенің қолға үйретілген жері - Орта Азия. Сыңар өркешті түйенің қолға үйретілген
жері - Африка өңірі. Қазіргі кезде сыңар өркешті жабайы түйе жойылып кеткен. Айыр өркешті
жабайы түйе Моңғолияның Гоби шөлінде ғана сақталған. Түйені төрт түліктің төресі, киелі
түліктің бірі деп есептеген. Түйенің пірін - «Ойсылқара», кей жерде «Қаусыл-қазы» деп атайды.
13. 2-бөлімге сәйкес түйе шаруашылығының тиімді саналуының себебі
A) Жүні мен сүті пайдалы болғандықтан
B) Аса үлкен күтімді
қажет етпегендіктен
C) Көшке жиі қолданатындықтан
D) Суға, ыстыққа төзімді болғандықтан
E) Тікенек шөппен қоректенетіндіктен
14. Мәтіннің төртінші бөлімінде
айтылатын ой
A) Түйенің азығы туралы
B)
Түйенің төлі туралы
C) Түйенің пайдасы туралы D)
Түйе туралы мақал-мәтелдер
E) Түйенің сипаты туралы
15. Халықтың түйені ”шөл кемесі" деп атауы неліктен?
A) Шөлде жолаушыларды көп таситындықтан
B) Шөлге
шыдамды болғандықтан
C) Кемеге қатты ұқсатқандықтан
D) Жабайы түйелерден тарағандықтан
E) Ашатұяқ сүт қоректілерге жататындықтан
16. Мәтін мазмұнына
алшақ ой
A) Түйе күндіз жатып, күйіс қайырады.
B) Түйе көнтабандыларға жатады.
C) Түйе алпыс күн аштыққа шыдайды.
D) Түйе малы көшке қолданылады.
E) Түйе отыз күн шөлге шыдайды.
17. Түйе өркешінен бөлінген суды пайдаланатын сәт
A) Көшкен кезде тоқтамай жүргенде B)
Тікенек шөптерді көп жегенде
C) Сусызда қалып,
бірнеше тәулік су ішпегенде
D) Түнде күйіс қайырып жатқанда
E)
Алыс сапарға шыққанда
18. Түйенің жойылып кеткен түрі
A) Жабағылы жас түйе B) Сыңар өркешті жабайы түйе
C) Айыр өркешті түйе D) Аруана түйе
E)
Қос өркешті түйе
19. Мазмұн реттілігін көрсетіңіз
1. Кисе - киім, ішсе - сусын
2. Төрт түліктің төресі
3. Түйенің қолға үйретілу тарихы
4. Қазақстандағы түйе
шаруашылығы
A) 3,2,1,4
B) 3,2,4,1
C) 2,3,4,1
D) 1,4,3,2
E) 4,3,2,1
273
20. Түйе малының халық үшін ерекше құндылығы неде?
A) Жуас мал болғандықтан.
B) Көш көлігі ретінде бағалы болған.
C) Өсімтал мал болғандықтан.
D) Сирек кездесетін жануар болғандықтан.
E) Түйе күніне бірнеше шелек сүт берген.
Достарыңызбен бөлісу: