3. Берілген сөздерді оқып, мағынасын анықтаңыз. Шың –
Төбе –
Қойнау –
Бөктер –
4. Семантикалық картаны толтырыңыз.
№
Есімдіктер
жіктеу
сілтеу
сұрау
өздік
белгісіздік
жалпылау
болымсыздық
1.
өз, өзім
2.
мен, сен,ол,сіз
3.
қанша
4.
біреу
5.
түгел, барлық
6.
әрқашан, әлдеқалай
7.
ештеме
8.
сендер
9.
мынау
10
кім, не
11
ешкім
12
өзі
13
күллі
5. Хронологиялық кестемен танысып, септік жалғауда тұрған сөздерді табыңыз. Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолы
1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.
1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.
1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.
1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.
1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,
1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.
1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.
1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
ХХІІІ «Ырымға сенесің бе? – 5 сағат. М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда». Тыйым сөздер. Ырымға байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер. Құстар - біздің досымыз. Белгісіздік есімдігі.
1.Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын ашыңыз. 1. Аққу құстың төресі, жалғыз жатып оттамас.
2. Аққуды атпа, досыңды сатпа!
3. Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды.
4. Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тидірмес.
2. Тыйым сөздердің ішінен септік жалғауды анықтаңыз. 1. Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
2. Табалдырықты баспа, отырма.
3. Жұлдызды, адамды санама.
4. Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма.
5. Тұзды, күлді баспа.
6.Малды, ыдысты, тамақты теппе.
3. Мәтінді оқып. Мәтін негізінде диалог құрап, өзара сөйлесіңіз. Аққу - ақ түсті, мойыны ұзын, киелі, сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да, аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Олар 30-40 жыл өмір сүреді. Аққулар өте тату құстар. Олар басқа құстар сияқты бір-бірімен төбелеспейді. Аққулар жылы жаққа қайтқанда олар өздеріне сайлап алған топ бастаушысы - көсемге еріп 8,500-9000 метр биіктікке дейін көтеріліп,сағатына 90-100 км жылдамдықпен ұшады. Құстың бір ерекшелігі жұптарын өлгенше сатпайды.
4. Мәтінді оқып, есімдіктердің түрлерін анықтаңыз. Құстар - біздің досымыз. Қазақстанда қанаттылардың төрт жүз сексен бір түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса, біреулері құрылысшы. Құстарды сонымен бірге «дала дәрігері» деп те атаймыз. Олардың бізге келтіретін пайдасы көп. Құстар ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден құтқарады. Құс адамға қуаныш сыйлайды.Қазақ халқы шебер әншіні «бұлбұлға», ер азаматын «сұңқарға», сұлу адамды «аққуға», кішкентай баласын «балапанға» теңеген.
5. Берілген белгісіздік есімдіктерді пайдалана отырып, сөйлем құрастырыңыз. 1. Біреу, кейбіреу, әркім.
2. Қасыбір, кейбір, әр, әрбір.
3. Әлденеше, бірнеше, біраз.
4. Әлдеқашан, әрқашан.
ХХІV «Қалай баруға болады?» - 5 сағат. Астана қаласына саяхат. Бурабайға саяхат. Қостанай қаласының көрікті жерлері. Қазақстанның қалалары. Қазақстанның ежелгі қалалары. Сөз таптарын қайталау. 1. Сызба бойынша сөйлем құрастырыңыз.
Қалай баруға болады?
емханаға мұражайға қалаға мейрамханаға ауданға сауда орталығына 2. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің сөз таптарын анықтаңыз. Бурабай - Көкшетаудағы ең бірәсем, жанға шипалы өңірі. Бурабай көлі – емдік қасиетімен, әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Оның суы тұщы, мөлдір, жұмсақ. Көлдің айналасы – қарағайлы, қайыңды орман. Ауасы өте таза. Табиғаты ерекше. Сол себепті көлдің қасында көптеген демалыс орындары бар. Бурабайдың табиғаты туралы көпөлеңдер, әңгімелер жазылған.
3. Сурет бойынша шағын әңгіме құрастырыңыз.
4. Мәтінді оқып, кестені толтырыңыз. Біздің мемлекетіміздің бас қаласы — Астана. Оның негізі 1830 жылы қаланған. 1832-1961 жылдар аралығында Ақмола қаласы болып аталды. Бұл өңір-талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке. Тарихшылардың айтуы бойынша, өткен ғасырларда осы күнгі Астана тұрған орын ғұндардың батыстағы бір ордасы болған.
Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана — болашағы үлкен қала. Мұнда әсем, зәулім ғимараттар салынып жатыр. Ол - әлемдегі көрікті қалалардың бірі.
Зат есім
Сан есім
Сын есім
Есімдік
Етістік
Астана
1830
тарихи
біздің
орналасқан
5. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын қойып, Қазақстан қалаларының тарихымен танысыңыз. Түркістан - қазақ жері...гі ең көне 2000 жыл, мүмкін одан да бұрын пайда болған. Себебі қала өте қолайлы жер... орналасқан, табиғаты тамаша, төңірегі бау - бақша мен өзендер, жері құнарлы. Түркістан - түркі халықтары... саяси және рухани орталығы.
Ақтау-қала... іргесі 1963 жылы қаланған. 1964 жылы Шевченко аталып келген, 1992 жылы Ақтау болып өзгертілді. Маңғыстау облысы... орталығы болып есептелінеді.
А қтөбе - іргетасы 1869 жылы Ресей бекінісі реті... қаланған. 1891 жылы қала мәртебесі... ие болған. Ақтөбе облысы... орталығы. Оның бойымен Елек өзені ағып өтеді.
А лматы - тарихи қала. Ол IX –XII ғасырлар... көне түркі қағанаттары заманында сауда - саттығы, өнеркәсібі өркендеген қала болған. Оның сол кездегі аты - Алматы. 1854 жылы Ресей әскери бекінісі қайта құрылып, 1921 жыл... дейін Верный деп аталып келген. 1921- 1993 жылдары орысша Алма- Ата деп аталып келді. 1993 жылы Алматы атына ие болды.
А тырау - облыс орталығы. Ерте кезде мұнда Үйшік деп аталатын балықшы қыстағы болған. Қала... іргесі 1640 жылы қаланған. Ресей әкімшілігі... шешімімен Гурьев деген көпестің қаржысы... 1662 жылы салынған. Қала 1992 жылға дейін соның атымен аталып келді. 1992 жылы Атырау қаласы аталатын болды.
Қарағанды-1934 жылы шахталар... маңындағы қоныстар... негізінде қаланған. 1936 жыл... облыс орталығы. Қарағанды – көмір кені... бай жер.
Қ останай - іргесі 1897 жылы қаланған қала, облыс орталығы. 1893 жылға дейін Николаевка аталған. Қостанай атауы... шығуын кейбір зерттеушілер Қостан батыр... атымен байланыстырса, кейбіреулері Қостанай «қос өзен» деген мағына... білдіреді дейді.
Қызылорда - Сырдария өзені бойында орналасқан облыс орталығы. Ол 1853 жыл... дейін Ақмешіт, ал 1853- 1922 жылдар аралығы... Перовск, 1922- 1925 жылдары қайтадан Ақмешіт деп аталған. 1925 жылы Қызылорда болып өзгертілді.