4. Мақал-мәтелдерді оқып, киелі сандарды анықтаңыз.
1. Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
3. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады
4. Жеті рет өлшеп, бір рет кес
5. Бес саусақ жиналса, жұдырық болады.
5. Берілген сан есімдерді топтау сан есімге айналдырыңыз.
Үлгі: Бес-бес-бестен, жүз – жүз-жүзден.
Он, елу, қырық, жиырма, тоқсан, алтау, екі, жиырма бес, отыз.
ХІV «Менің әуес ісім» -5 сағат.
Менің әуес ісім –фотоға түсіру. Менің әуес ісім-киім тігу. Менің әуес ісім-ас дайындау. Менің әуес ісім-сурет салу. Тұйық етістік.
1.Мәтіннен тұйық етістікте тұрған сөздерді анықтаңыз.
Менің әуес ісім –фотоға түсіру. Фотоға түсіру - өнердің бір түрі. Мен күнделікті фотоға түсіруге қызығамын. Кәсіби фотосуретшілер сияқты ерекше туындылар жасап шығарғым келеді. Ол ерекше байқағыштықты, керек сәтті тез қағып алуды талап етеді.
2. Сын тұрғысынан ойлап, сөйлем құрастырыңыз.
Сурет салу үшін не керек?
қылқалам
қағаз бояулар
өшіргіш альбом түрлі түсті қарындаштар
3. Берілген сұрақтарға-жауа беріңіз.
1. Дәмді дайындалған тағам көзді қызықтырып қоймай тағы нені ашады?
2. Ас дайындау барысында қандай тұрмыстық техникалар қолданылады?
3. Тұрмыстық техникаларға қандай заттар жатады?
4. Ас дайындауда қандай талаптарды сақтау керек?
5. Тамақ әзірлеместен бұрын тағамның несін анықтап алу керек?
6. Ас әзірлеп болған соң, құрал-саймандарды қайда қою керек?
4. Берілген етістіктерді тұйық етістікке айналдырыңыз.
Үлгі: тігемін-тігу, дайындаймын-дайындау.
Сурет саламын, ас әзірлеймін, ән шырқаймын, өлең айтамын, би билеймін, кітап оқимын, фотоға түсіремін.
Достарыңызбен бөлісу: |